ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мұғалім Дэйв сияқты оқушымен не істей алады?Бұл жағдайда екі түрлі өзгеріс маңызды болмақ Біріншіден, Дэйв өзінің шынайы табысқа өздігінен қол жеткізе алатынына сенуі керек. Екіншіден, Дэйв ынта-жігерін емтиханды тапсыра алмауды болдырмауға емес, барынша табысқа қол жеткізуге жұмсауы үшін емтихандарды тапсыра алмаудың теріс салдарлары жойылуға тиіс. Жетістікке шын мәнінде қол жеткізуге болатынына Дэйвтің көзін жеткізу үшін мүмкін «жетістік» ұғымының түсінігін өзгерту қажет шығар. Егер жетістік нәтижелерге ғана негізделетін болса, Дэйв ешқашан жетістікке жетпес. Емтихандағы «жетістік» түсінігі қайта қаралып, «өз білімін жақсарту» ұғымымен немесе расында да орындауға болатын қандай да бір тапсырмаларды орындау тұрғысынан біріктірілуі керек. Табысты қол жеткізуге болатын мақсатқа айналдыру да тапсырмалардың күрделілік деңгейін қайта қарауды талап етуі мүмкін. Алдын ала қабылданған шаралар мен соның нәтижесінде алынатын жетістік арасындағы өзара байланысты түсіндіру арқылы, сондай-ақ жай ғана оқуға күш сала отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізген басқа оқушыларды мысалға келтіру арқылы Дэйвтің өзінің табысқа қол жеткізуге қабілетті екендігіне сенімін күшейтуге болар еді. Дэйвтің оны алда жеңіліс күтіп тұр деген уайымын азайту үшін, егер оқушы бұл ретте білім алуға тырысып күш салатынын көрсететін болса, мұғалім Дэйвтің нашар үлгеріміне шыдамдылықпен қарауға тиіс. Мұғалім оны бүкіл оқушылар қателік жасайтынына сендіруге тиіс және әрекет етуді жалғастыруға шақырады (мысалы, оған оның бағаларының жақсаруы әбден мүмкін екенін айта алады). Егер Дэйв барлығының көзінше дұрыс жауап бермесе (мысалы, топта немесе сыныптағы пікірталаста), мұғалім оның жауабынан құнды бірдемені табуға және Дэйв өзінің тапсырманы түсінудің қандай да бір тиянақты деңгейіне қол жеткізуге қабілетті екенін өзіне және сыныпқа көрсеткенше, оны әңгімеге тартып, сыныптағы пікірталастарға қатыстыруды жалғастыруға тиіс. Оған сондай-ақ жақсы баға алуға бірнеше мүмкіндік берілуі мүмкін. Егер Дэйв тестідегі тапсырмалардың көбіне жауап бермейтін болса, оған сыныпта «алдын ала» баға алу мүмкіндігі берілуі мүмкін және оқушының бағалары өзін де, мұғалімді де қанағаттандырғанша дайындалып, тестіні қайта тапсыру мүмкіндігін ұсынуға болады. Осындай амал-тәсілдердің арқасында Дэйвке емтиханнан «құлап қалмаудың» жолдарын іздестіру қажет болмайды. Шын мәнінде, бұл тәсілдер белгілі бір деңгейде «емтиханнан құлау» деген сөзді мүлде жойып, оны «сәтсіздік» сөзіне ұқсас бірдемеге ауыстыруға көмектеседі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|