Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






жылдардағы күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар көтерілісі

 

«1928 жылы қаңтар-ақпан айларында И.В.Сталин Сібір өңіріне сапарға шықты. Сол сапарында бірталай басшыны «кулакқа жұмсақсың», «ауқаттыға бүйрегің бұрады» деп орындарынан алып, партиядан шығарып қайтты. Сол-ақ екен, басшыларды орнынан алу жаппай індетке айналды. Орал өңірінің бір өзінде ғана 1928 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1157 адам қызметінен қуылды. Базар атаулылар жабылып, шаруаның үй-жайы, қора қопсысы тінтіліп, үйінен астық табылған кулак түгілі, орташа да сотқа тартылып, ауыл-селода аласапыран басталды.

Үнін шығарып, наразылық білдіргендерге РКФСР Қылмыстық істер кодексінің 58 (10) деген бабы бойынша (контрреволюциялық үгіт) жапсырылды. Кей жерлерде шаруаның тіпті тұқымға деп сақтап отырған астығы да кете барды».

Ауыл-шаруашылығын ұжымдастыру идеясы мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе,әкімшілдік күштеу әдістермен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты.

Күштеп ұйымдастырудағы Голощекиннің ОГПУ-дың (Полномоченное представительство обьединенного государственного Политического управления по Казахстану) күштеріне сүйенген әскери режиміне, зорлық - зомбылығына назары болған қарапайым халық та көтерілістерге белсене қатысты. Ұйымдастыру саясатына Созақтағы қарсылықтың ерекшелігі орташалардың қалың бұқарасы ғана емес, сонымен бірге, кедейлер мен батырақтар да қатысты. Созақтағы көтерілісшілерінің өз орталарынан хан сайлап алуы, оған бағынуы,оның төңіреігіне ұйымдасуы Голощекин тәртібіне ашық наразылықтың нақты көрінісі еді. Адай, Табын, Сарбаздар көтерілісі деген атпен белгілі біз атап кеткен Ырғыздағы, Қарақұмдағы, Торғайдағы және Батбаққарадағы қозғалыстары, Сарқанд, Балқаш, Шұбартау, Абралы көтерілістері, Голощекин арнайы төрт отряд жіберіп басқан,Сарысу мен Таластағы көтерілістер 1916 жылғы оқиғаны еріксіз еске түсіреді. Себебі, шектен шыққан қаныпезер де жүгенсіз қаталдық 1916 жылы көрген бұқараның тарапынан қарсылыққа, наразылыққа кездесуі әбден орынды болатын. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардың 5551 адамы сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда, күштеп ұйымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

«Сол жылдары Голощекин қол қойған құжаттармен Қазақ өлкелік партия комитетінің шешімдерімен танысқан адам мынандай қорытындыға келері хақ: адам өлігі сасыған қазақ даласында адам тағдырынан мал тағдыры жоғары қойылды. Сөйлеген сөздерінде Голощекин адамдардың аштан өлуі туралы жұмған аузын ашпай, мал даулаумен болды. Адамдық келбетін жоғалтып, құныққан мал алғыштан нағыз жан алғышқа айналды. 1932 жылы 17- қыркүйекте БК (б) П Орталық Комитетінің «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», сонымен қатар, «мал шаруашылығы туралы» қаулысын қабылдауы еді. Қазақтар жаппай қырылып жатқанда жарық көрген бұл қаулы, қазақ өлкелік партия комитетінің жүргізіп отырған бағытын дұрыс деп мақұлдап, байларға және ұлтшылдарға қарсы күресті күшейте түсуге шақырды».

Осылай,өркениетті кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп кетуге мәжбүр етті.

«Голощекин жағдайға терең талдау жасау, салихалы шешім қабылдаудың орнына ғасырлар бойы көшіп үйренген қазақты жерге зорлықпен жылдамдата қоныстандыруға күш салды, әлеуметтік себептері «қарама-қайшылықтарға толы оқиғаларға қазақтардың республика территориясынан –топ-топ болып көшіп жатқанына, дер кезінде назар аудармаған, тіпті оған көңіл бөлгісі келмеген. Көшпелі қазақтардың өңірін де, малдарын да бір жерге шоғырландырып, Сталинге: «Колхоздарды құрып біттік!»-деп мерзімінен бұрын масаттана рапорт беру болды. Бұл жерде біз оқырмандардың, Голощекин, Сталин тәрізді кабинеттік әдіспен жұмыс істеді, ол қазақ даласында болып жатқан, халықты аштық апатына апара жатқан қытымыр жағдайлардан мүлде хабарсыз болды деген, түбірінен қате қорытындылар жасамауын қаламаған болар едік».

Бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті. 1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Оның ішінде, қазақтан басқа халықтың шығыны -0,4 млн адам.

Елдің шығысындағы мал шаруашылығының ірі базасы саналатын өлке содан бастап ұзақ жылдар бойы екінші дәрежелі аймақ қатарына шығып қалды. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы 1- қаңтарда не бары 4,5 млн ғана мал қалған еді.

«Голощекин қазақ жерінде көтерілістерді басқарушы «ұлтшылдық орталық» бар деп мәлімдепті. Осы орталықты басқарды немесе соған қатысты деген желеумен, 1930 жылдардың аяғында Т.Рысқұлов (1884-1938), С.Қожанов, Н.Нұрмақов (1895-1937), Ұ.Құлымбетов (1891-1938), М.Жұмабаев (1893-1938), А.Байтұрсынов (1873-1937), Ж.Аймауытов (1889-1931) және т.б. «Халық жауы» деп атанды».

Асыра сілтеуге наразылық білдіріп, бір топ қазақ зиялылары жан дауысымен дабыл қақты. 1932 жылы Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Қ.Қуанышев, Е.Алтынбеков секілді қайраткерлер ВКП (б) Орталық Комитетіне хат жолдады. Ол «Бесеудің хаты» деп аталды.

РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұлов ұжымдастырудың сорақылықтарын айтып, Сталинге өз атынан 1933 жылы екі рет хат жазды. Бірақ орталық бұлардың хаттарын өздеріне қарсы бәле жабу үшін пайдаланды. Керісінше, Сталин Голощекинді қолдап, «осы саясатттың негізінен бірден-бір дұрыс саясат» деп арқасынан қақты.

Т.Рысқұловтың 1933 жылдың 9 -наурызында И.В.Сталинге жазған хатындағы мағлұматтар: Мұнда хат авторы Қазақстаннан тыс жерлерге көшіп кеткен 240 мың қазақты әр түрлі өлкелерден түскен деректер негізінде санап береді. Әрине, бұл сан барлық босқын қазақтарды түгел қамтиды деп айтуға болмас. Өйткені,мұнда төменгі Волга, Украина, Кавказ, Батыс Қытай, Ауғанстан, Иран және т.б. жерлерге ауа көшкен қазақтар кірмей қалған. 1932-1932 жылдары Қазақстанды жайлаған алапат аштық ауыл шаруашылығын Лениндік кооперативтендіру жолымен социализм арнасына түсірудің идеяларын бүркеніп алған шын мәнінде Сталин-Голощекин басқару аппаратының қазақ халқын қорлап, ұлттық намысын, дәстүр-құқын, өзіндік ерекшеліктерін аяқ-асты етті. Жартылай құртып жіберуге алып келген.

Геноцид (грекше-тек, ұрпақ және латынша- өлтіремін) саясатының қазақ халқына қарсы жасалған қылмыстың ең ауыр түрінің нәтижесі. Байлардың, кулактарды және ұлтшылдарды құртуға бағытталған Голощекиннің басшылығымен қазақ даласында жүргізілген бұл күштеу саясаты қазақ шаруаларының қалың бұқарасына күйрете соққы берді. Жергілікті партия, кеңес және ОГПУ органдары күш көрсетуді, әскери қысым жасауды саяси үгіт-насихаттан, идеялық тәрбие беруден жоғары қойды.

Демек, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи дәстүрлерін рухани, әлеуметтік және саяси дамуын түбірінен өзгертіп жіберген оның демографиялық және ұлттық табиғи өсімін тежеген ұжымдастыру тарих бетінде қайталанбауы тиіс.

 

 

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
IV. Вывучэнне матэрыялу. | Закон на доволството


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных