Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс Бұрғылау ұршығын есептеу және конструкциялау




 

Ұршық болаттан құйылған саусақтардың көмегімен оған 11 штропты жалғауға арналған екі қалталы 5 корпустан тұрады. Ұршықтың 8 қақпағы арынды құбыры, (отвод) тұтқасы 10 айналдырғыш бөлігі тобын құрайды. Корпустың ішкі (төменгі) бөлігінде дөңгелек алаң бар, оған негізгі тіректі подшипник 4 қондырылады. Корпустың негізгі тірегінің астында 7 тіректі подшипник қондырылған. Ол ротор өсінен ұршыққа түсетін күшті қабылдайды. Сонымен бірге ол жерде 3 және 6 радиалды роликті подшипниктер оқпанды орталықтандырады. 1 ұршық оқпаны 3,4,6 және 7 тіректерімен бірге, 9 жоғарғы арынды сальник, 2 жоғарғы майлы сальник және ауыстырғыш ұршықтың айналдыру бөлігі тобын құрайды.

Ұршық корпусы үстінен қақпақпен жабылған. Оның төменгі бөлігіне ұршық корпусынан майдың ағыуын ескертетін, майын сальник қорабы жапсылған. Корпустың қақпағына ұршыққа бұрғылау иінін жалғастыруға арналған тұтқа (отвод) болттармен бекітілген. Жоғарғы радиальды подшипникте консистентті

майлануы бар (изолированная) айыру камерасы бар, ал басты тірек пен төменгі радиальді подшипник сұйық майланумен толтырылған корпустың майлау ваннасында жұмыс істейді.

Ұршық оқпаны жылдам шешілетін сальникті қолдану арқасында конструкциясы жағынан қарапайым және қысқа. Цилиндрлі роликті басты тіректің тіректі подшипнигінің айналу жиілігі 100 айн/мин. дейін жетеді.

Пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, манжет санын көбейтіп қолданғанмен ұршық тығыздағышының қызмет көрсету уақыты артпайды, өйткені жылу алмасудың нашарлығынан қызып кету болады. Оптимальді болып екі, үш манжетті қолдану саналады.

Арынды сальниктердің манжеттерін жылуға төзімді материалдардан, графитті асбесттен, жылуға төзімді резиналарден және т.б. жасайды.

Сальник 35 МПа дейінгі қысыммен сенімді жұмыс істей алады. Корпус пен арынды құбылардың бұрандалы байланысы сальникті арынды құбыр комплктімен бірге тез шешіп және ауыстыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

УВ-250МА ұршығы:

1 - оқпан; 2 – төменгі майлы сальник; 3, 7 - радиальді роликті подшипниктер; 4 – негізгі тірек; 5 - корпус; 6 – көмекші тірек; 8 - қақпақ; 9 - тез ауыстырылатын тығыздағыш;

10 - шлангага жалғанатын құбыр; 11 – штроп

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных