ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кронблоктарды конструкциялау.Кронблокты конструкциялау кезінде алдымен мүмкін жүктемеге, шкив санына, өндіріс масштабына және шығарушы зауыттың мүмкіндігіне қатысты оның схемасын таңдап алады. Өстің аралық тірегінсіз бірөсті кронблоктар аз өлшемді және массалы болады. Бул кронблок 1,4 МН максимал жүктемеге есептелінген және бұндай конструкциялық шешім беріктікті, қатал әрі қолайлы қызмет корсетуді қамтамасыз етеді. (15-сурет) 15- суретте бір өсті және екі тіректі конструкциялық орындалудағы кронблок корсетілген. Пісірілген конструкциядағы рама екі ұзартылған және екі көлденең екі таврлы балкаған жасалынған. Кронблок кронблокасты мұнарна біліктергіне сонымен шеткі ұзартылған балкаларға бекітілген. Ұзартылған балкалардың ортасына шкивті секция бекітілген төсенішті тірек корпусы пісірілген. Секция шкивтерден құрастырылған өстен турады. Олардың әр қайсысы екі роликті подшипниктерден тұрады. Балкалардың бірінін төменгі сөрелерінде бұрғылаудағы әртүрлі бөлшектерді көтеріп тұру үшін, (0,03 МН-ға дейінгі жүктемені) көмекші блок бекітілуі мүмкік. Айналатын шкивтерді қорғау үшін және арқандардың сусып шығып кетуінен алдын-ала сақтандыру үшін блоктар секциясы шарнирлерге бекітілген қаппен жабылған. Көпөсті кронблоктар бір ярусты (өстері бір деңгейден табылады) және көпярусты (өстері әр түрлі деңгейде орналасқан). Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|