ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тәлді блокты конструкциялау.Тәлді блок болат жинақталған корпустан немесе өстер мен подшипниктерде шкивтер құрастырылған пісірілген болат бөлшектерден тұрады. Тәлді блоктың габаритті өлшемдері минимөлді болуы керек, әсіресе енінің өлшемі, өйткен ол магазиндер саусақшалары мен бұрғылау свечалары арасындағы кеңстікте мұнара ішінде жылжиды және блок пен мұнара элементтердің ара қашықтығы минемалді қауіпсіздікпен қамтамасызданған болуы керек. Тәлді блоктың жинақты түрдегі сұлбасы. 1 - өс; 2 – шкив; 3және5 – тартқыштар; 4 – аралық бет; 6 – аспа; 7 – сырға; 8 – бүйірлік бет; 9 – қабық; 10 – жоғарғы траверса
Тәлді бдок конструкцияның екі түрі бар: бір секциялы (барлық шкивтер бір өске жабдықталған) және екі секциялы (шкивтердің екі секциясы корпуста бөлек жабдықталған, ал өстер арасында свечаны түсіруге кеңістік орын қалдырылған). Екі өсті тәлді блоктар свечаны көтеріп-түсірудің автоматтандырылған жүйесінде қолданылады. Тәлді блоктың массасын басқа механизмдердікі сияқты азайтып қажеті жоқ, өйткені бос элеваторды көтеру кезінде арқанның шығыр барабанына оралып жиналу тығыудығы тәлді жүйенің жылжымалы бөлігінің массасына тәуелді болады. Тәлді блоктың массасы сонымен бірге бос элеваторды түсіру жылдамдығына да әсер етеді: масса көбейген сайын, түсу жылдамдығы артады. Негізгі әдебиеттер: 2 [399-404] Қосымша әдебиеттер: 12 [68-91]
Бақылау сұрақтары: 1. Ұршық қандай тораптар мен бөліктерден тұрады? 2. Негізгі әсер етуші күштер? 3. Ұршық оқпанын статикалық беріктікке және шаршауға қарсылыққа есептеу? 4. Кернеу мен есептік жүктемелерді анықтау? 5. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі қандай қызмет көрсетеді? 6. Тәл жүйесіне қандай талаптар қойылады? 7. Тәл жүйесіне болат арқандарды қалай таңдап алады? 8. Тәл жүесінің кронблогын неге қатысты таңдап алады? 9. Тәлді блоктың атқаратын қызметі не?
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|