Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық құқық пен Қазақстан республикасының қоршаған ортаны қорғау заңдары.




Мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі құралы деп экологиялық заңдылықты түсінеміз.

Экологиялық құқық – табиғат пен қоғамның бір – бірімен әрекеттесі сферасындағы қарым – қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Экологиялық құқық мәселелерін, олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын үш бөлікке бөлуге болады.

Бірінші бөлімді табиғат қорғау құқығы құрайды. Бұл құқық табиғи жүйе мен кешендерді қорғау мәселелері бойынша қоғамдық қатынастарды, жалпы табиғат қорғау құқықтық институттарын, қоршаған жалпы табиғи ортаны концептуалды бағыттарын шешуді реттейді. Бұған Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау» заңының, «экологиялық экспертиза» және т.б. құжаттарының нормаларын жатқызуға болады.

Экологиялық құқықтың екінші бөлімі табиғи ортаның жеке бөліктерін реттейді. Бұған жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар әлемі, атмосфералық ауа сияқты жеке табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған табиғи ресурстар құқықтары жатады.

Экологиялық құқықтық үшінші бөліміне қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен байланысқан қоғамдық қатынастарды қарастыратын құқықтық басқа салаларының нормалары жатады.

Кез – келген құқықтық, соның ішінде экологиялық құқықтың да, өзіндік көзі бар. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық аспектілер» Заңы (24 март 1998) бойынша экологиялық құқықтың негізгі көздерінің мынадай иерархиясы бар:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (негізгі заң) (30 тамыз 1995)

2. Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізетін заңдар

3. Конституциялық заңдық күші бар Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің үкімдері.

4. Заңдық күші бар Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің үкімдері.

5. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік үкімдері.

6. Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік шешімдері.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік шешімдері.

8. Министрлердің нормативті бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік шешімдері, нормативтік бұйрықтары.

9. Маслихат пен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Қазақстанның экологиялық саясатының болашақтағы және жақын алдағы уақыттағы мақсаттары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік концепциясы», № 2967 (30 апрель 1996) бекітілген. Бұл мақсаттар төменгі экологиялық құқықтар көздері арқылы іске асырылады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (негізгі заң) (30 тамыз 1995)

2. Қазақстан Республикасының «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» Заңы (15 июль 1997)

3. Қазақстан Республикасының «Экологиялық экспертиза туралы» Заңы (18 март 1997)

4. Қазақстан Республикасының «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру мен қолдану» Заңы, №2463 – XII (21 октябрь 1993 ж)

5. Қазақстан Республикасының «Өте айрықша қорғалатын табиғи территориялары туралы» Заңы (15 июль 1997)

6. Қазақстан Республикасының Орман Кодексі, №1924 - XII (23 январь 1993 ж)

7. Қазақстан Республикасының Су Кодексі, № 2061 – XII (31 март 1993 ж)

8. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімі, Заңдық күші бар, «Жер туралы» №2717 (22 декабрь 1995 ж)

9. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімі, Заңдық күші бар, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» № 2828 (17 январь 1996)

10. Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімі, Заңдық күші бар, «Мұнай туралы» №2350 (28 июнь 1995).

 

 

Құқық көздері
Кесте 1 Қоршаған ортадағы құқық көздерінің жікте
Құқықтық реттеу сипаттамасы бойынша - материалдық - процессуалдық
Реттеу пәні бойынша - жалпы - арнайы
Заң күші бойынша - заңдар - заңдық актілер
луі

 
 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных