ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар.Әрбір әскери қызметші өзінің денсаулығын сақтау туралы қамқорлық жасауы, ауруларын жасырмауы, жеке және қоғамдық гигиенаның ережелерін қатаң сақтауы және зиянды әдеттерден бой тартуы тиіс. Жеке бастың гигиенасын орындауға мыналар кіреді: - тісін тазалаумен бірге таңертең белуарға дейін суық сумен жуыну; - тамақ ішердің алдында қолды жуу; - ұйықтар алдында жуыну, тиісті тазалау және аяқты жуу; - уақытылы қырыну, шашы мен тырнақтарын алу; - іш киімді және төсектік жайманы, шұлғаулар мен шұлықтарды ауыстыра отырып, апта сайын моншада жуыну; - киім-кешекті, аяқ киімді және төсек жайларын таза ұстау, жағалықтарды уақтылы ауыстыру. Әскери қызметшінің шашы, мұрты, сақалы, егер ол бар болса, ұқыпты болуы, гигиенаның талаптарына жауап беруі және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану мен жарақтарды алып жүруге кедергі келтірмеуі тиіс. Қоғамдық гигиенаның ережелері жатын үй-жағдайларында, әжетханалар мен басқа да жалпы пайдаланудағы бөлмелерде тазалықты сақтауды;үй-жайларды желдету, қоғамдық орындарда, сондай-ақ әскери бөлімнің (бөлімшенің) орналасқан аумағында тазалықты ұстауды қамтиды. Әскери қызметшілердің жұқпалы ауруларды қабылдамауын қамтамасыз ету үшін алдын-алу екпелері жүргізіледі. Егулер жоспарлы және індеттік көрсетулер бойынша болуы мүмкін. Жоспарлы алдын алу егулері әскери бөлімнің (бөлімшенің) бүкіл жеке құрамына егулердің күнтізбесіне сәйкес, ал індеттік көрсетулер бойынша-аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі. 4.Бақылау сұрақтары: 1. Санитарлық гигиеналық тазалықтар. 2. Жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. Оқыту әдістемесі. 2. Әрбір әскери қызметші жеке гигиенаның қандай ережелерін сақтау керек. 3. Әскери қызметшінің денсаулығына медициналық бақылау жасау қандай жолдармен жүргізіледі. 4.Әскери қызметшінің сыртқы пішіні. 5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: 1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу. 2. Студенттерді бағалау. 6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы: 1.Медициналық білім негіздері 2. Санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. 7. Үй тапсырмасы: 1.Медициналық білім негіздері,санитарлық гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы іс-шаралар. 8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі: 1. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» 21.03.2007ж 2. «Әскери міндеттілік және әскери қызметі туралы» Қазақстан 3. Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңы. 4. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006.- 254б. 5. Орта жалпы білім беретін мектептің 10 – 11 – сыныптарына арналған бағдарламалар. Алғашқы әскери дайындық. – Алматы, 2006. 6. Сборник нормативных документов и программ начальной военной подготовки, Г.Н. Челноков, 1997г. 7. Программа начальной военной подготовки молодежи, О.К. Косумасов, 1998г. № 27,28. Практикалық/семинар/сабағының тақырыбы: " Әскери дене жағынан дайындығы " 1.Жоспары: 1.Әскери қызметшілерді шынықтыру, дене даярлығы және спортпен шұғылдану. 2.Оқыту әдістемесі. 2.Сабақтың мақсаты: Әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлік екекндігін оқыту. 3.Қысқаша мәтіні: ҚРҚК-дегі әскери бөлімдереде әскери қызметшілердің денсаулығын сақату мен нығайту дене тәрбиесін дамыту олардың әскери борышын орындауға даярлаудың маңызды және ажарамас бөлігі екекендігі туралы түсінік беру. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|