ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Райхан» балалар бақшасыБалабақшада туған күнді өткізу «Бүгін бізде туған күн» Айжан Қабиева Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Райхан» балалар бақшасы Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту.Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту. Балаларды адамгершілікке,досттыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойындар, тақпақтар,өлеңдер айтқызу. Құттықтаушы: Сәлем достар! Мен құттықтаушымын. Біздің сүйікті Мерекеміз – бұл. Балалар: Туған күн. Құттықтаушы: Сондықтан мен сендермен бірге туған Күнді тойлаймын. Туған күн бүл тамаша Би билейміз жараса Туған күнде ән салып Көңілденеміз шаттана Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз: 1.Малкарина Дельнура-топтағы ең белсенді баланың бірі. Өзі сондай сыпайы, салмақты, сүйкімді жандарымыздың бірі Дельнура 5 жаста. 2.Сафуан Аяулым- тобымыздың инабатты, ибалы, сыпайы,тартымды кішкентай аруымыз 5 жасқа толып отыр. 3.Сағын Сағбат-өте ақылды,ақ көңіл мейрімді жан.Сағбат би билегенді жақсы көреді.Сағбат бүгін 4 жасқа толып отыр. 4.Туған күннің иесі Қыздарымыз келесі Дауталиева Арухан 5 жасқа Қалыбаева Айымжан Толды міне 4 жасқа Өнеріне бал тамған. 5.Бүгіні туған күніміздің ең кішкентай бүлдіршініміз Есқайыр Нұрсұлтан толды міне 3 жасқа. Ән:«Туған күн» Сайқымазақ: Сәлем достар. Сіздердің туған күндеріңді естіп келдім. Қане туған күн тойын қызықты өткізейік. Сайқымазақ өзінің өнерін көрсетеді. Би: Шарлар. Құтықтаушы: Балдай тәтті баламыз Ақылдымыз данамыз Туған күнін достардың Бірге қарсы аламыз - Блатбек.
Туған күнін достардың Зор қуаныш көреміз. Ортаға алып би билеп. Ән де салып береміз.- Танбике.
Туған күнді тойлаймыз. Қызықты ойын ойнаймыз. Қолдан жасап ойыншық Досымызға сыйлаймыз – Оксана
Қуанышы баланың Қуанышы ананың Бәрімізге мереке – Ғазира.
Балалар: Туған күнің мен. Құтықтаушы: Қанекей балалр қараңдаршы тағыда біздерге қонақтар келген сияқты. Би: Буратино. Құтықтаушы: Балалар біздің аспазшы сіздерге дәмді торт дайындап жатыр
Аспазшы: Мен сіздерге дәмді торт дайындап жатырмын. Туған күндерің құтты болсын балақайлар. Қарақшылар келеді.
Құтықтаушы: Оу, қарақшылар сендер бұл жерде нестеп жүрсіңдер. Біздер туған күн тойлап жүрміз. Сендер біздің тойымыздың шырқын бұзуға қақыларың жоқ.
Қарақшы: Бізде көңіл көтеруге келдік. Біздің де өнеріміз бар, қанекей достар. Би: «Қарақшылар»
Қарақшылар – тортты алып кетеді.
Аспазшы: Балалар мына жерден ешкім өткен жоқпа, ешкімді көрмедіңдерме. Мен әзірлеп жатқан тортым жоғалып кетті. Туған күнді тортсыз қалай өткіземіз. Енді не істейміз?
Құтықтаушы: Аспазшы сабыр етіңіз. Қазір бәріміз бірге іздейміз. Іздеушілерден көмек сұрайық. Сәлем іздеуші сіз бізге көмектесіңіз. Қарақшылар біздің тортымызды ұрлап кетті. Біз тортсыз туған күнді қалай өткіземіз. Іздеушілер: Мен сіздерге көмектесемін. Қане мына жердегі іздерді іздеп көрейік.Осы іздер болар.Мына іздердің сыңарын табайық.
Ойын: «Кім тез»
Іздеушілер: Мына жерде тағыда іздер бар екен соны қарайық.Бұл сиқыршының ізі екен. Сиқыршы: Сендерге менім көмегім керек болып жатқан сияқты.
Құттықтаушы: Сәлем сиқыршы қош келдің. Біздер туған күн тойлап жатыр едік аспазшының балаларға арнап дайындап жатқан тортын қарақшылар алып кетті.
Сиқыршы: Достар көңілдеріңді түсірмеңдер.Қазір мен өз сиқырымның көмегімен көңілдеріңді көтерем. Сиқыршы: Мен қазір қолымдағы кішкентай қоянды өз Сиқырыммен сиқырлап үлкен қоян шығарам. Енді мына допты да сиқырлап үлкен доп Шығарам. Балалар не жегілерің келеді? Балалар: Кәмпит Сиқыршы: Абрака дабра. Би: «Кәмпитер» Ой сиқыршы сіз бізге көп кәмпиттер алып келдің. Сюрприз: Үлкен кәмпит. Құтықтаушы: Үлкен сиқырлы кәмпиттің ішінен туған күн иелеріне сиқырлы силықтар шығуда. Бүгінгі туған күн иелерін ортаға шақырамыз. Кәмпиттер: Туған күндерің құтты болсын.
Сиқыршы: Балалар тағыда не жегілерің келеді? Балалар: Торт. Сиқыршы: Абрака дабра. Торт шығады. Құттықтаушы: Міне сиқыршы бізге торт сиқырлап берді. Туған күн иелерін ортаға шақырайық.Енді Бәріміз үрлиік. Ән: «Happy birthday» Құттықтаушы: Туған күнің құтты болсын балақай, Қуаныш пен шаттық бағын аралай, Ата- анаңның сүиікті ұл мен қызы боп, Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|