ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Емхананың жұқпалы аурулар кабинетiЖұқпалы аурулар кабинетi (ЖАК) – емхананың бөлiмi болып табылады. Оның негiзгi мiндетi жұқпалы науқастарды ерте анықтау және емдеу бойынша мамандандырылған кеңестiк жұмысты қамтамассыз ету және ұйымдастыру - әдiстемелiк жұмыс жүргiзедi. ЖАК–ң жұмысы, есептiк құжаттарды жабдықтауы және қызметкерлердiң мiндеттерi бiрнеше нормативтi құжаттармен белгiленген. ЖАК – ң негiзгi мақсаттары: 1) Науқастарға емханада және үйде кеңес беру, оларды емдеу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру. 2) Жұқпалы ауруларды амбулаторлық жағдайда зерттеу және емдеу, оларды ауруханаға жолдау ережелері, ЖАК-тегі диспансерлік бақылауды қажет етпейтін жұқпалы ауру реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша емхана дәрігерлеріне (жалпы тәжірибе дәрігерлеріне) кеңестік көмек көрсету. Сонымен қатар ЖАК қызметкерлері жұқпалы аурулар реконвалесценттердің және бактериятасымалдаушылардың бақылауын жүргізеді; ауруханадан шыққан науқасқа реабилитация шараларын өткізеді және науқастарды, бактерия немесе паразиттасымалдаушыларды тіркейді. ЖАК жұмысының маңызды бөлігі – жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде атсалысады; зертханалық зерттеуге материал жинайды; емдік тағайындауларды орындайды; науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу ережелеріне үйретеді; ағынды дезинфекция өткізеді. ЖАК меірбикесі дәрігер – инфекционисттің басқаруымен жұмыс істейді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|