ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
Маңызды диагностикалық белгілер: 1. қызба (5 күндей және одан көп) → инфекция 2. бастың ауруы 3. ұйқының бұзылуы
4. бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы → жайылмалы Инфекция
↓ Жұқпалы аурулардың 4 тобының біріне ішек, тыныс жолдары, қан арқылы, сыртқы тері арқылы жұғатын аурулар жатуы мүмкін ↓ Әртүрлі сепсистер мен басқа жұқпалы және жұкпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу ↓ 5. Іште дискомфорт сезіну, энтерит синдромы, тістің дақтары бар ісінген тіл, илеоцекальды маңайдағы құрылдау мен ауырсыну сезімі, «оң» Падалка симптомы және Штернбергтің оң «қиылысу» симптомы ↓
ЖАЙЫЛМАЛЫ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ ↓
Қосалқы диагностикалық белгілер: ↓
↓
Шешуші диагностикалық белгілер:
↓
ІШ СҮЗЕГІ Сүзек-парасүзек ауруларының диагностикасы үшін алғашқы 5-6 күнде келесі клиникалық мәліметтердің үлкен маңызы бар: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация, “сүзектік тіл”, гепатолиеналды синдром, метеоризм, «оң» Падалка нышаны. Гемограммада іш сүзегіне тән өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофилдердің жоғарлауы. Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректі орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін (копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (билиокультура) бактериотасымалдаушылардан ғана алып себеміз. Қоздырғышты сүйек кемігінің пунктатынан (миелокультура), розеола пунктатынан (розеолокультура) бөліп алуға болады, бірақ бұл әдістер қазіргі жағдайда қолданылмайды. Серологиялық әдістерден іш сүзегінің анықтауында агглютинация реакциясы – Видаль реакциясы, О-, Н-, Vi – антигендермен жүргізілетін тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) қолданылады. Диагностикалық титр – 1:200. Емдеуі. Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, антибактериальды және патогенетикалық ем жүргізу тәртібіне байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек. Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Ауыз қуысы мен теріні күту маңызды орын алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11-күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп-тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 4б, сосын 4в, 2 диета тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі -левомицетин болып табылған. Сонымен қатар ампициллинді де пайдалану қолайлы. Левомицетинді тәулігіне 6 реттен 0,5 г белгілейді, қалыпты дене температурасының 3-ші күніне дейін, ал 3-10-шы күні - тәулігіне 4 реттен - 0,5 г. Ампициллинді 14 күннің ішінде тәулігіне 4 реттен 1г мөлшерінде пайдалану. Қоздырғыштар антибиотиктерге тұрақты болған жағдайда бактрим (бисептол) күніне 2-3 рет қолданылады, немесе нитрофуран препараттары (фуразолидон) күніне 4 реттен-0,15-0,2 г. Сонғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды (пефлоксацин 0,4 г. х 2 рет, ципрофлоксацин 0,5 г. х 2 рет). Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12-24 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың мөлшері 500 мл дейін шектеледі. Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі. Болжамы. Іш сүзегі тұсында болатын өлім тудыратын жағдай соңғы жылдары едәуір төмендеген және ол 0,3-0,2% құрап отыр. Десек те, әлі күнге дейін болжамы әрқашан жағымды емес, тіпті жеңіл ағымында да, себебі, ауыр асқынудың дамуы мүмкін (ішектен қан кету, ішек перфорациясы және т.б.). Алдын алу шаралары. Сүзек-парасүзек ауруларымен күрес бойынша шаралар былай бағытталуы керек: жұқпалы аурулардың көзін зиянсыз ету; берілу жолдарын қиып өту; ұжымның қарсы тұра алмауының жоғарылауы. Іш сүзек профилактикасы алдыңғы кезекте жалпы тазалық шараларына жүргізіледі: сумен жабдықтаудың сапасын жақсарту, көпшілік орынды таза ұстау, канализацияларды тазалау, шыбындармен күрес. Науқастар ауруханадан шыққаннан кейін диспансерлік бақылауда 3 ай бойы болады. Науқастың нәжісі, дәреті, өті бактериологиялық бақылаудан өтеді. Сүзек-парасүзек ауруларына қарсы иммунизация жоспарлы тәртіпте, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша іске асырыллады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|