Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дифференциальды диагноз.




  1. бактериальды дизентерия;
  2. балантидиаз;
  3. спецификалық емес жаралы колит;
  4. бауырдың, ішектің қатерлі ісіктері;
  5. бауыр эхинококкозы.

Болжамы. Ерте анықтағанда қолайлы.

Емдеуі. Режим 1. №4 диета.

Этиотропты терапия:

I. Ятрен және дийодохин қуыстық түріне әсер етеді:

Ятрен 0,5х3 рет тәулігіне 10 күн, 10 күннен кейін қайталау курсын жүргізуге болады. Бірге ятренмен (1-2 г -1 ст. суға) клизма жасауға болады.

Дийодохин 0,25 х3 рет –тәулігіне 10 күн.

II. Тіндік амебоцидтер (тіндік және қуыстық түрлеріне әсер етеді):

Эметин тұз қышқылды 1 мг/кг бұлшықетке немесе тері астына 1%-3,0х2 рет тәулігіне 5-6 күн;

Дигидроэмитин 10 күн бұлшықетке, тері астына 1 мг/кг тәулікте;

Амбильгар peros 0,25 мг/кг тәулігіне 7-10 күн

Делагил – 3 апта курс схема бойынша:

1 апта – 0,75 –тен /тәулігіне

2 апта – 0,5 –тен/тәулігіне

3 апта – 0,25-тен /тәулігіне немесе 1-2 күн 1,0 ем қалған күндері (18 күн) 0,5-тен.

III. Амебаның барлық түріндегі (амебалық) универсалдық препараттар:

Метронидазол 0,4х3 рет 5 күн ал ішектен тыс түрінде 1 күн 0,8х3 рет. Абсцестерде –хирургиялық ем.

IV. Паразиттасымалдаушылыққа әсер етеді:

Дилоксанида фуроат, пароммоицин, метронидзол, тинидазол, орнидазол, секнидазол, дигидроэметин, тетрациклин және хлорохин комбинациясы.

Алдын алу шаралары. Эпидемиологиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары инвазияның берілу механизмін үзуге бағытталған. Олар оңашалауды, науқастарды химиялық препараттармен емдеуді және дені сау циста тасымалдаушыларды сауықтыруды: қоршаған орта объектілерін қорғау және тазарту жөніндегі күрделі шараларды (су қоймалары, топырақ, тағамдық объектілер және т.б.), халық арасында қоғамдық, жеке бас тазалығын сақтау туралы үнемі санитарлық-гигиеналық ағарту жұмысын жүргізуді қамтиды. Бүкіл керекті шаралар тізімі жедел ішек инфекциялары кезіндегідей және олар қазіргі Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес өткізіледі.

 

БАЛАНТИДИАЗ

Синонимі «инфузориялы дизентерия».

Балантидиаз – Balantidia coli қоздыратын, жаралы колитпен, улану симптомдарымен сипатталатын зоонозды протозойлы ауру.

Этиологиясы. қоздырғышы Balantidia тұқымдастығына, Ciliata класына (кірпікті инфузориялар), Protozoa (қарапайымдар) типіне жатады.

Тіршілік циклы 2 кезеңнен тұрады: вегетативті, цисталы.

1) Вегетативті түрі – 50-80 мкм ұзындығы, ені – 35-60 мкм. Денесі пеликуламен және спиральды кірпікшелермен жабылған. Екіге бөліну жолымен көбейеді, бірақ конъюгация типі бойынша жыныстық жолмен көбеюі мүмкін. Қолайсыз жағдайда бірден жойылады. Нәжісте 5-6 сағатқа дейін сақталады.

2) Цисталар – дөңгелек пішінді, 50-60 мкм диаметрі. 2 контурлы қабаты және ядролы аппараты бар. Сыртқы ортада бірнеше апта сақталады.

Эпидемиологиясы. Бұл ішектік зооноз. Қоздырғыш резервуары – шошқалар, барлық жағдайда дерлік инвазияланған. Сирек егеуқұйрықтар, иттер залалданады, бірақ олардың эпидемиологиялық ролі маңызды емес. Өте сирек жағдайда адам балантидиаздың резервуары болуы мүмкін.

Жұқтыру механизмі – фекальді-оральді.

Негізгі берілу жолы – су арқылы (шошқаның нәжісімен ластанған су). Көкөністер, топырақ аурудың берілу факторлары болуы мүмкін.

Балантидиаз шошқа ұстайтын ауыл тұрғындардың арасында кең таралған.

Патогенезі. Жұтылған цисталар тоқ ішектің жоғары бөлігіне дейін жетіп, көбінесе соқыр ішекте вегетативті түріне ауысып көбейеді. Бұл процесс әлсіз деңгейдегі улану симптомдарымен сипатталады.

Балантидиялар гиалуронидаза түзуге қабілеттілігіне байланысты тоқ ішектің шырышты қабатына енуге, шырыш асты қабатына миграциялауға бейім, нәтижесінде тоқ ішекте терең жаралар, микроабсцесстер түзіледі. Жаралар негізінен ішектің иілген жерлерінде, көбінесе соқыр, сигматәрізді және тік ішектерде орналасады. Жараларға тән сипаттама: орналасуы қыртыс айналасында, шеттері тегіс емес, түбі некроздалған массалармен жабылған, олар көбінесе желе тәрізді, қара түсті. Жараларды қоршаған шырышты қабықшалар ісіңкі, гиперемияланған болып табылады.

Іріңді, некрозды аппендицит дамуы мүмкін. Өте сирек миокард, бауыр, ащы ішек патологиялық үрдіске ұшырауы мүмкін.

Balantidia coli-ң тіршілік ету әсерінен, сонымен қатар тоқ ішектегі қабыну, іріңді некрозды үрдістер дамуының әсерінен токсикалық субстанциялар түзіліп, улану синдромының пайда болуына себеп болады.

Клиникалық көріністері. Аурудың субклиникалық, жедел, созылмалы түрлерін ажыратады. Созылмалы түрі үздіксіз немесе рецидивті ағымымен сипатталады. Балантидиаздың ошақтарында балантидияларды тасымалдаушылық кездесуі мүмкін.

Субклиникалық түрінде аурудың көріністері болмайды, эндоскопиялық зерттеу кезінде катаральды-геморрагиялық немесе жаралы колит анықталады. Шеткі қанда эозинофилия, бауырлық биохимиялық сынамаларының бұзылыстары анықталуы мүмкін.

Жедел түрінде жалпы интоксикациялық синдроммен колиттің көріністері дамиды.

Олардаң айқындылығына байланысты аурудың жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлерін ажырату керек.

Инкубациялық кезең 1-3 апта, одан да қысқа болуы мүмкін.

Ауру жедел басталады: қызба, бас ауыруы, жүрегі айну, көптеген құсулар, әлсіздік, іштің өте қатты ауруы және диарея. Нәжісі көп мөлшерде, сұйық, жиі қан мен ірің аралас, шірік иісті, тәулігіне 3-5-тен 15-20 ретке дейін болады. Аурудың жедел сатысының ұзақтығы 2 айға созылуы мүмкін. Еңбекке қабілеттілік төмендейді, дене салмағы азаяды.

Адекватты ем қолданбағанда ауру созылмалы түріне ауысады.

Созылмалы түрі 5-10 және одан көп жылдарға созылуы мүмкін. Созылмалы рецидивті түрінде аурудың өршу кезеңі (1-2-3-4 апта) ремиссия кезеңімен (3-6 ай) ауысып тұрады. Созылмалы үздіксіз түрінде ауру монотонды, жалпы улану симптомдарымен, ішектік көріністерімен бірнеше жыл бойы өтеді. Этиотропты ем тағайындалмағанда кахексия дамуы мүмкін.

Асқынулары.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных