Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






АДЕНОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ




Анықтамасы. Аденовирусты инфекция лимфоидты тіннің және тыныс жолдарының, көздердің, ішектің шырышты қабаттарының зақымдалуымен және айқын емес интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлы аурулар тобы.

Этиологиясы. ҚоздырғышыAdenoviridae тұқымдастығына, Mammaliade тегіне жататын, құрамында ДНҚ бар вирустар.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезең 1-13 күн (көбінесе 5-8 күн).

Клиникалық көрінісі полиморфты. Бұл аурудың келесі клиникалық түрлерін ажыратады:

1) жедел респираторлы ауру (ринофарингит, ринофаринготонзиллит, ринофарингобронхит);

2) фарингоконъюктивалды қызба;

3) кератоконъюктивит және конъюнктивит;

4) аденовирустық атипиялық пневмония.

Ауру жедел басталады: қалтырау немесе тоңғыштық, бастың ауыруы, дененің «сынуы» пайда болады. Аурудың 2-3-ші күні дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріледі. Интоксикация белгілері орташа деңгейде дамыған.

Кейбір науқастарда эпигастрий аумағындағы ауыру сезімі және диарея байқалады.

Аурудың бірінші күнінде мұрынның бітелуі, шырышты бөлінулер, жөтел, дауыстың қарлығуы мазалайды.

Қарап тексергенде: науқастың беті қызарған, склералар мен конъюнктивалар тамырлары инъекцияланған. Аурудың 1-3-ші күні конъюнктивит белгілері пайда болады.

Мұрынның шырышты қабаты ісінген және қызарған. Аңқа гиперемияланған, шырышты қабат түйіршіктелген. Сонымен қатар, тонзиллит белгілері пайда болады.

Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден қатайған тыныс және құрғақ сырылдар естіледі.

Асқорыту жолдарының зақымдалуы ішек дисфункциясымен, іштің ауыруымен, бауыр мен көк бауырдың үлкеюімен көрінеді.

Гемограммада айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, кейде біріңғай лейкопения, эозинопения болады, ЭТЖ қалыпты немесе аздап жоғарылаған.

 

РЕСПИРАТОРЛЫ-СИНЦИТИАЛЬДЫ ВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ

 

Анықтамасы. Респираторлы-синцитиальды вирусты инфекция (РС-инфекция) – тыныс жолдарының төменгі бөліктерінің зақымдалуымен және біріңғай интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлық ауру.

Этиологиясы. Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына Metamyxoviridae тегіне жататын, құрамында РНҚ мен комплемент байланыстырушы антигені бар вирус. Тіндер дақылында ерекше цитопатиялық эффект - «синцитийлердің» түзілуін береді.

Клиникалық көрінісі. Инкубациялық кезең 3-6 күн. Ауру біртіндеп басталады. Бірінші күндері тоңғыштық, бастың ауыруы, әлсіздік, мұрын-жұтқыншақтың құрғауы, жөтел пайда болады.

Ринит белгілері дами бастағанда мұрыннан серозды-шырышты бөлінулер ағады. Бронхит және пневмония қосылған кезде науқастың жағдайы нашарлайды, дене қызуы 38-39°С-қа дейін жоғарылайды. Бастың ауыруы, әлсіздік күшейіп, ентігу пайда болады. Жөтел күшейеді: алдымен құрғақ, кейін қақырық қосылады.

Жұмсақ таңдай орташа гиперемияланған, түйіршіктену болуы мүмкін.

Мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған және ісінген. Пульс –дене қызуына сай.

Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден қатайған тыныс, көптеген құрғақ, кейде ылғалды сырылдар естіледі.

РС-инфекцияның назофарингит, бронхит, бронхиолит, пневмония деген клиникалық нұсқаларын ажыратады.

Ауру ұзақтығы жеңіл түрлерінде 5-7 күнге, ауыр түрлерінде – 3 аптаға дейін және одан да көп уақытқа созылады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных