Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






IV ТАРАУ. ЗООНОЗДЫ ИНФЕКЦИЯЛАР




Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды зооноздар деп атайды. Зооноздар (зооантропоноздар) (zoon – хайуан, nozos – ауру) – қоздырғыш резервуары хайуанаттар болып есептелетін аурулар. Зооноздар кезінде адам организмі көп жағдайда биологиялық тұйық болады. Сонғы жылдары қоздырғыштың экологиясы өзгерді: барлық жұқпалы аурулардың арасында 51,8% зооноздар құрайды (Б.В.Черкасский, 2005). Зооноздар антропургиялық және табиғи ошақтық түрлеріне бөлінеді. Антропургиялық зооноздарға бруцеллез, иерсиниоз, листериоз, түйнеме, пастереллез жатады. Бұл аурулар мал шаруашылық дамыған аймақтарда кең таралады. Табиғи ошақты зооноздарға оба, туляремия, лептоспироз, Ку қызбасы жатады. Оба, туляремия, түйнеме, бруцеллез аса қауіпті инфекциялар тобына кіреді.

Е.Н. Павловский табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. Табиғи-ошақтыларға табиғи жағдайлар комплексіне байланысты аурулар жатады. Олар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді, бірақ адам бұл биогеоценоздарға кірсе залалдануы мүмкін. Табиғи ошақтық аурулардың қоздырғыштары жабайы аңдар арасында тараған және шынайы биогеоценоздардың мүшелері болып табылады.

Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді:

1. ауру қоздырғышы;

2. ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары);

3. егер ауру трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар.

Табиғи ошақтық аурулардың алдын алу шараларын жүргізгенде, қоздырғышты тасымалдаушының және қоздырғыштың резервуары болатын жануарлардың биологиялық ерекшеліктерін білу керек. Табиғи - ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір буынын алып тастау қажет. Табиғи-ошақтық аурулардың басым көп түрі трансмиссивті жолмен беріледі.

Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет.

ОБА

Анықтамасы. Оба - Iersinia pestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Адамзат тарихында обадан қатерлі, обадан қырғын, одан асқан қанды шеңгелді апат болмаған. Оба – табиғи ошақты зооноз. Табиғи ошақтарда жануарлардың арасында аурудың таралуы энзоотия деп аталады. Обаның энзоотикалық ошақтары (қоздырғыштың ұзақ уақыт бойы айналымы сақталатын аймақтар) Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оң түстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстары болып саналады. Аурудың маңызды ошақтары Каспий, Арал, Алматы облыстарында орналасқан. Табиғи ошақта адам обаны жұқтыруы мүмкін. Обаның өкпелік түрі дамыған кезде бұл спорадикалық ауру аз уақытта індетке айналуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных