ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тарихи мәліметтеріАурудың 1-пандемиясы«Юстиниан обасы»542 ж Египетте, Еуропада, Үндіcтанда өткенде 100 000 адам қаза тапты. Аурудың 2-ші пандемиясы - «Қара ажал» кезінде (1333-1369 жж) Еуропа тұрғындарының 1/3 өлімге ұшырады. Аурудың 3-ші пандемиясы (1894ж) Қытай мен Үндістанда өткен. 10 жыл аралығында 12 миллион адам зардап шекті. Аурудың қоздырғышын 1894 ж. Қытайда науқастардан Alexander Yersin бөліп алды. Этиологиясы. Обаның қоздырғышы- Iersinia pestis, Enterobacteriaceae тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. Бояғанда биполярлы грам «теріс» ұсақ таяқша тәрізді, спора түзбейтін, факультативті анаэроб. Қоздырғыш қарапайым қоректі орталарда өседі. Құрамында оксидаза, фибринолизин және т.б. ферменттер бар. Антигендік құрамы күрделі - соматикалық термостабилді, капсулалық термолабилді және 30-ға жақын антигендері бар. Гиалуронидаза, коагулаза, гемолизин, фибринолизин түзеді. Жоғары темпертураға төзімсіз – 50-70°С- та 30 мин.,100°С-та 1 мин. аралығында жойылады. Төменгі температурада жақсы сақталады: мұз болып қатқан өлікте 7 айдан 1 жылға дейін, аш бүргенің ішінде 396 күн, таскенеде 509 күн сақталады. Залалсыздандырушы ертінделірге (сулема 1:1000, 3-5% лизол ертіндісі, 3% карбол қышқылы) сезімтал. Эпидемиологиясы. Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп айтуға болады. Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін. Табиғи ошақтарда спорадикалық оба кездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар (жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар (қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады, тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді. Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады: 1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы; 2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда, терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде; 3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы; 4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы). Эпидемиялық оба кезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -өкпелік түрімен ауыратын адам; берілужолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады. Патогенез сатылары: 1. Жұқтыру сатысы. 2. Регионалді инфекция және көбею сатысы - қоздырғыштың жұғу жолына және кіру қақпасына байланысты дамиды. 3. Бактериемия сатысы. 4. Септицемия сатысы. Клиникасы. Инкубациялық кезең – 2-6 күн. Обаның клиникасына жедел басталуы (қалтырау, жоғары қызба), айқын улану (бас ауыруы, бас айналуы, миалгиялар, орталық жүйке жүйесінің улану симптомдары: қозу немесе тежелу, галлюцинациялар, координацияның бұзылуы, «Гиппократ беті») тән. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖның жоғарлауы және жергілікті симптомдар тән. Лейкоциттердің саны 25 мың. жоғары болса, аурудың болжамы қолайсыз болады. Вьетнамдағы науқастарда лейкоциттердің саны 90 мың. жеткен (А.М. Дмитровский, 1995)
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|