Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пастереллездің клинико-патогенетикалық жіктелуі




Клиникалық түрлері Біріншілік-ошақты (жергілікті көріністерімен сипатталған) Жайылмалы Екіншілік-ошақты (жергілікті көріністерімен сипаттал ған)
Қоздыр ғыштың ену қақпасы Тері Терілік Терілік-бубонды     Екіншілік- жайылмалы   Бубонды   Өкпелік   Баспалы   Абдоминалді (ішектік)   Менинго-энцефалит тік   Аралас   Септикалық
Көздің конъюнктивасы Көздік Көзді-бубонды
Тыныс жолдарының шырышты қабықшалары Жедел респираторлы     Баспалы   Абдоминальды (ішектік)
Ас қорыту жолының шырышты қабықшалары
белгісіз (иммунды-тапшылық) Көріністері жоқ Біріншілік- жайылмалы
Клиникалық кезеңдер Жасырын кезең Бастапқы кезеңі   Өршу кезеңі Асқыну және қайталама өршу кезеңі
Патогенездің саты лары Жұқтыру (біріншілік адаптация) Біріншілік-ошақты Жайылмалы (гематогенді диссеминация) Екіншілік-ошақты

 

 

Бастапқы кезең 1-3 күнге созылады, регионарлы лимфаденит пайда болғанша дейін. Ауру жай дамиды.

Қоздырғыш жарақаттанған тері арқылы жұққанда біріншілік терілік аффектпайдаболады. Біріншеден дақпайда болады, оның ауру сезімі, қышуы байқалады. Бір тәүелік арасында дақ папулаға айналады: гиперемия, инфильтрация, орташа ауру сезімі анықталады. Геморрагиялық өзгерістер қалыптасып папуланың көлемі 1-2,5 см дейін жетеді. Некрозға ұшыраған кезде папула тесіледі. Іріңді пустула жараға аусады, жара терең, «қазылған» шеттерімен, іріңді-геморрагиялық бөлінделерімен сипатталады. Улану симптомдары қалыптасады. Температура субфебрилді, фебрилді болуы мүмкін. Қоздырғыштың енген жері саусақтар болса, жараның шеті қызарып, ісіп, аз мөлшерлі ірің болуы мүмкін. Бұл жағдайда біріншілік терілік аффект инфицирленген жараға ұқсайды. Практикада осындай науқастарға – панариций, абсцесс, флегмона диагноздары қойылады.

Өршу кезеңі. Регионалді лимфаденит (бубон) дамиды. Бубоның көлемі 3-5 см, орташа ауру сезімі бар, тығыздығы қаттылау, орташа қозғалыс қасиеті бар. Бубон үстіндегі тері қызарып ысып тұрады. Периаденит көп байқалмайды. Бірақ теріасты шел қабатының ісінүі байқалады. Ісік көрші аймақтарға дейін созылып, үсті қызарып, тығыздығы іркілдек сипатта болады. 1-2 күн арасында қолтық аймағында лимфа түйіндері ұлғаяды. Науқастың жағдайы нашарлайды, жоғары қызба, айқын интоксикация байқалады. Бұл жағдайда дәрігерлер лимфаденит, гидроаденит, абсцесс, флегмона деген диагноздарды қойады.

Біріншілік жайылмалы түрі бактериемия, септицемия әсерінен инфекциялық– токсикалық шок ретінде өтеді. Біріншілік регионалді ошақтар болмайды. Екіншілік ошақтық турлері (бубонды, өкпелік, баспалы, абдоминалді, менинго-энцефалиттік, аралас, септикалық) гематогенді диссеминация арқылы қоздырғыш ағзаларға тарап қалыптасады. Бұл жағдайда улану белгілірімен бірге зақымдалған ағзалар бойынша клиникалық симптомдар байқалады.

Асқынулары:

1. Инфекциялық – токсикалық шок.

2. ТШҰ – синдромы – 1-2 сатысында тек қана лабораториялық өзгерістерімен байқалады.

3. Өкпенің ісінүі.

4. Бүйректің жедел жетіспеушілігі.

5. Мидың ісінуі

6. Уотерхаузен-Фридериксен синдромы

Диагностикасы.

Пастереллез диагнозын анықтау стандарты №8 кестеде келтірілген.

Пастереллез диагнозын келесі әдістер арқылы дәлелдеу болады.

1. Микроскопиялық әдіс – патологиялық материалдардан (өлген адамдардың, жануарлардың ішкі ағзаларынан, мидан, лимфа түйіндерінен, қаннан, біріншілік терілік аффекткен) жағынды алып, Романовский-Гимзе бойынша бояп микроскоп арқылы қарайды. Биполярлы боярған таяқшалар анықталады. Бұл әдіс пастереллездің болжам диагнозын қоюға пайдаланады.

2. Бактериологиялық әдіс – папула, пустула бөлінділерін, лимфа түйіннің, абсцесстің, флегмонаның пунктатын, жұлын сұйықтығын, қанды, қақырықты, анқаның жағындысын Эритрит-агарға себеді (Хоттингер, Мартен орталарына 1% глюкоза ертіндісі, 3-5% гемолизденген қан қосылады). Термостатта 3-4 күн сақталады.

3. Серологиялық реакциялар: ТеГАР (диагностикалық титрі 1:200), ИФА, ПТР.

4. Биологиялық әдіс – патологиялық материалды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізіледі. Бір пробаға 2 жануарды қолданады.

 

№8 кесте






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных