Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Туляремия жағдайларының жіктемесі




Туляремияның ойық жара-бубонды (ойық жара, тері) (А21.0) және бубонды нысандарының болжамды жағдайы (басқа нысандар А21.8) қызба мен уыттану және мына белгілердің біреуі немесе екеуі болған жіті ауруда қойылады:

1) кем дегенде мына қасиеттердің үшеуімен сипатталатын түпкірдегі лимфатүйіндер топтарының біріндегі бубон (немесе периаденитсіз лимфаденит):

жекелеген лимфатүйіннің (лимфатүйіндердің) ұлғаюы;

шамалы ауырсыну;

жұмсақ-эластикалық консистенция;

саусақпен сезу кезіндегі қозғалушылық;

2) мына даму кезеңдерінің бірінде болатын бастапқы ауырсынатын тері аффекті:

папула;

везикула;

пустула (іріңді);

ойық жара (терең, қанықты, инфильтратты негізде іріңді-геморрагиялық бөлінетін, гиперемия шашағымен қоршалған).

Туляремияның көздік-бубонды нысанының (А21.1) болжамды жағдайы қызба мен уыттану және туляремиялық бубонның барлық қасиеттерімен сипатталатын айқын білінген конъюктивиттің, беттің бір жақты ісігінің және периорбитальды ісік пен жергілікті мойын (жақасты) лимфаденитінің коньюктивасындағы бастапқы аффекті (папула түріндегі – пустула – ойық жаралар) болғанда жіті ауру кезінде қойылады.

Туляремияның ангиозды (ангиозды-бубонды) нысанының (басқа нысандар – А21.8) болжамды жағдайы қызба мен уыттану және туляремиялық бубонның барлық қасиеттерімен сипатталатын, айқын білінетін бір жақты іріңді-некротиялық ангина мен жергілікті мойын (жақ асты) немесе жұқтыншақ асты лимфаденитінің бастапқы аффекті болғанда жіті ауру кезінде қойылады.

Туляремияның өкпе (қабыну) нысанының (А21.2) болжамды жағдайы қызба, бауыр мен/немесе көк бауыр ұлғаюы және түбірлі, паратрахеялық немесе медиастиналдық лимфатүйіндер ұлғаюы болғанда (рентгенограммада) барабар диагнозсыз жіті асқынған ауру кезінде қойылады.

Туляремияның абдоминалды (ішек) нысанының (А21.3) болжамды жағдайы қызба, бауыр мен/немесе көк бауыр ұлғаюы және мезентериалды лимфатүйіндердің (оң жағы) болғанда жіті асқынған ауру кезінде қойылады.

Туляремияның барлық нысандары үшін ықтимал жағдай болжамды жағдайды анықтауға сәйкес және кемінде мыналардың бірі болғанда қойылады:

1) ауырғанға дейін үш апта ішінде туляремияның табиғи ошағында және мыналардың бірі болғанда:

туляремияны ықтимал тасымалдаушы жануарлардың шикі етін пайдалану;

бұлақтың, құдықтың, басқа да ашық су көздерінің қайнамаған суын пайдалану;

шөпке, сабанға байланысты ауыл шаруашылығы жұмыстарына қатысу;

кененің немесе басқа қан сорғыш жәндіктердің шағуы;

туляремияны ықтимал тасымалдаушы жабайы кәсіпшілік жануарларды аулау, өндіру және бөлшектеу;

туляремияны ықтимал тасымалдаушы жануарлармен тікелей немесе жанама контактіде болу;

2) расталған туляремия жағдайымен эпидемиологиялық байланыс;

3) қан сарысуындағы F. tularensis антиденелері титрінің кемінде төрт есе көбеюі;

4) егілмеген адамдардағы оң тері аллергиялық сынама.

Туляремияның барлық нысандары үшін расталған жағдай мына белгілердің кемінде біреуі болғанда қойылады:

1) бөлінетін тері аффектінен, лимфатүйіндердің ішінен, қақырықтан, коньюктивадан алынған жағындылардан, ауыз-жұтқыншақтан, нәжістен немесе қаннан Francisella tularensis тірі өсінділерінің бөлінуі;

2) ПТР-дағы клиникалық материал сынамаларын зерттеудің нәтижесі оң болғанда;

3) ИФА-ның нәтижесі оң болғанда;

4) қос сарысуларды зерттеу кезінде F. tularensis антиденелері титрлерінің төрт есе ұлғаюы.

ТҮЙНЕМЕ (ANTHRAX)

Син. Түйнеме, күйдіргі, Сібір жарасы.

Анықтамасы. Түйнеме - Bacilla аnthracis қоздыратын, зооноздар тобына жататын, айқын улану белгілерімен, терінің, лимфа түйіндердің және ішкі ағзалардың серозды-геморрагиялық қабынуымен сипатталатын аса қауіпті жұқпалы ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Түйнеме аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жатады. Бұл ауру қазіргі уақытта барлық елдерде жануарлар арасында, сондай-ақ адамдарда да кездеседі. Түйнеме мәселесінің өзектілігі АҚШ және баска елдерде түйнеме қоздырғышының спораларын биологиялық қару ретінде қолданылуына байланысты ерекше арта түсті. Түйнеменің қолайсыз ошақтары мал шаруашылығы кеңінен дамыған елдер: Америка Құрама Штаттарында, Африкада, Латын Америкасында, Грецияда, Италияда, Испанияда, Албанияда, Португалияда, Туркияда, Иранда, Үндістанда, Қытайда және т.б. орналасқан. Ертеден–ақ Франциядағы түйнемелік Бос алаңқайы, Черногория және Сербиядағы жайылымдықтар, Ноттингемпширдегі (Ұлыбритания) Нене өзенінің жағалауы, Оңтүстік Дакотадағы бірқатар жайылымдықтар белгілі. ДДСҰ мәліметтері бойынша жануарлардағы тіркелген түйнеме оқиғалары мен шарпындарының саны бойынша бірінші орынды Азия құрлығы алады.

Қазақстан Республикасы көп жылдар бойы аталған нозология бойынша қолайсыз болып табылады және Тәжікстан, Түркменістан, Қырғызстаннан кейін 3-4 – ші орындарды алады. Қазақстан Республикасында 1992-2001 жылдар аралығында түйнеменің 20-дан 60-қа дейін оқиғалары тіркелген, ол 100 мың тұрғынға шаққанда 0,1-0,4 құрайды. Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) бүкіл түйнеме ауру көрсеткішінің 47-99% алады. Мысалы, 2000 жылы Республика бойынша тіркелген 34 ауру оқиғасының 33-і осы облысқа тиесілі. 1996-2000 жылдар аралыгы кезеңінде ОҚО–да түйнеменің терілік түрінің 78 оқиғасы тіркелген, оның 2-үі өліммен аяқталған.

Тарихи мәліметтер. Түйнемекөне заманнан бері белгілі ескі аурулардың қатарына жатады. Түйнеменің сүреттемесі Гомердің «Иллиадасында», Овидийдің «Метаморфозасында» кездеседі. Бұл ауруды К.Гален, А.Целк, Вергилий «қасиетті от» десе, араб дәрігерлері «парсы оты» деп атаған. Орыс дәрігері С.С.Андреевский ерлікпен өзіне жұқтыруы нәтижесінде (1788 ж. Оралда) бұл ауруды зерттеп, «Сібір жарасы туралы» шығармасында оның сүреттемесін жазды, аурудың атын беріп, жануарлар мен адамдардағы түйнеме қоздырғышының біркелкілігін анықтады, оның жануарлардан адамдарға берілу мүмкіндігін дәлелдеді. Түйнеменің қоздырғышын1850 жылы К.Давин ашқан, оған Bacillus аnthracis атын Ф.Кон берген. Қоздырғыштың таза дақылын Р.Кох (1876) бөліп алған. Л.Пастер 1881 жылы вакцина жасап, түйнеменің алдын алу үшін ұсынды.

Түйнеме қазақ жерінде де ертеден белгілі. Тұрмыс-тіршілігі мал өсірумен тығыз байланысты көшпенді ата-бабаларымыз төрт түлік малдағы түйнемені түрліше атаған: топалаң (қойда), кебенек, шөкшек (ешкіде), қараталақ (ірі қарада), жамандат (жылқыда), ақшелем (түйеде). Адамдардағы аурудың терілік түрін күйдіргі деп атаса, жайылмалы түрлеріне түйнеме деген атау берген.

Этиологиясы. Ауруды қоздыратын микроб – түйнеме таяқшасы – B. Аnthracis. Bacillacae тұқымдастығана жатады, ұзындығы 5-8 мкм және диаметрі 1,2 мкм, ұштары тік бұрышты немесе аздап ішке қысылған (иінді бекіністі бамбук таяғын еске түсіретін) біршама ірі, қозғалысы жоқ, грам «оң» таяқша. Бацилла барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, ағзада қосарланып немесе қысқа тізбекше, ал қоректік орталарда «маржан алқа» түріндегі ұзын тізбек құрай орналасады. Жануарлар ағзасында және кейбір қоректік орталарда капсула түзеді, ағзадан тыс орталықта сопақша түрдегі споралар түзеді. Споралар 43ºС-тан жоғары және 15ºС-тан төмен температурада түзілмейді. Споралардың қара шірік топырақта қолайлы жағдайда вегетативті түрге өтіп, күз түскенде қайта спораға айналуы мүмкін екендігі дәлелденген. Күн сәулесінен қорғалған және басқа да жағдайлар бар жерлерде споралар жылдар бойы, ал кейде бірнеше жылдарға дейін сақталуы мүмкін.

Бациллалар экзотоксин өндіреді, ол 3 компоненттен тұрады: қорғаушы (протективті) антиген, ісіктік фактор, және леталді фактор. Микроорганизмнің вегетативті түрі 60ºС температурада 15 мин. ішінде, қайнатқанда -1-2 мин. өледі.

Споралар ыстыққа тұрақты: 120-140ºС температурадағы ыстық ауа әсерінен 2-3 сағатта, 110ºС температурада автоклавта 40 мин. өледі. Қоздырғышты 5% фенол ерітіндісі, 3% хлорамин ерітіндісі, асқын тотығы, ыстық формальдегид, 1% формалин, 10% тұтқыр натр өлтіреді.

Эпидемиологиясы. Түйнеме – зооноз. Аурудың негізгі көзі әртүрлі ауылшаруашылық малдар (қой – 45-55%, ірі қара мал- 32-37%, жылқы мен бұғы – 5%, ешкі, есек, түйе – 1%, шошқа - 4% және өте сирек ит, мысық да аурады); кейбір жабайы аңдар (марал, қоян, киік, қасқыр, шиебөра, аю, жолбарыс, арыстан, пума, борсық). Жануарлар түйнемені алиментарлы жол арқылы (шөппен, сумен, жеммен бірге топырақты жұтып), трансмиссивті (жигалка шыбыны, шіркейлер шаққанда) жұқтырады. Спора фагоциттердің ішінде лизиске ұшырғанда жануарларда ауру дамиды. Залалданған жануарларда ауру жайылмалы түрінде өтіп, 95% өлімге ұшырайда. Түйнемені атжалмандар, бақалар, құстар қабылдмайды, оларда И.И. Мечниковтың пікірі бойынша (1951) фагоциттердің түйнемелік бациллаларды жұту қасиеті жоғары. Ауру адамға келетін болсақ, олар аурудың көзі бола алмайды, ауру адамнан түйнеменің сау адамға жұғуы ғылыми дәлелденбеген мәселе.

Берілу жолдары:

1) Контактілі-жарақаттық (ауру мал және ет өнімдерімен жанасқанда, малды күту, сою, етін бөлшектеу жағдайларында);

2) трансмиссивті (жигалка шыбыны, шіркейлер шаққанда: олар бірінші жануарларды шағып сосын адамға шапқанда);

3) алиментарлы (термиялық өндеуі шамалы ет тағамдарын қабылдағанда);

4) аэрогенді (аэрозоль арқылы – споралары бар шаң–тозаң тыныс жолдарына түскенде).

Берілу факторларға – ауру малдан алынатын өнімдер: еті, сүті, жүні, терісі, сүйегі, және ауру мал жайылған немесе көмілген топырақ, т.б. жатады.

Өмірде кездесетін кездейсоқ жағдайлар да көңіл аударуға тұрады:

- Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында бір жанұяда 1 жасар, 12 жасар бала мен олардың 39 жастағы шешесі түйнемемен аурады. Анықтай келгенде балалардың шешесі кезінде мал көмілген жерден далада қурап жатқан асықты үйге теріп әкелген, олармен жаңағы балалары ойнаған. Сөйтіп ауру сүйек арқылы жұққан;

-Бір әйел мал қорасын сылап болған соң бірнеше күннен кейін түйнемемен ауырады. Анықтай келгенде науқас балшыққа көң қосқанынын айтады;

-Бір адам қи мен тезек дайындап жүргенде ауырады. Анықтай келгенде көршінің сиыры осыдан бір неше жыл бұрын ауырып арам өлгені анықталды;

-Бір кішкентай баланы самарға суға шомылдырғаннана кейін ауырғаны анықталған. Сұрай келгенде осының алдында жаңағы самарға саңырауқұлақты жуып тазартқан. Ал саңырауқұлақ өскен жердің топырағында түйнеме таяқшасының спорасы болса керек;

-Сол даладан теріп әкелген гүл (қызғалдақтың) ауру шақыруына себеп болғаны ғылыми деректерде жазылып қалдылылған;

-Бір адам жүннен тоқылған мочалканы базардан сатып алып суға түскен. Біраздан кейін үстіне түйнеме жарасы қаптап кеткен. Осымен бірге малдың терісінен, жүнінен жасалған жаға, қолғап, байпақ кигеннен кейін жарақаттар болған теріде түйнеменің пайда болғаны белгілі.

Қабылдаушы макроорганизм. Жиілей ауруға ауыл тұрғындары (95%), кәсіптік топтар (малшылар, ет комбинатының қызметкерлері, шашлык дайындаушылар). Ауру жаз-күз айларында өршиді.

Патогенезі.

Қоздырғыштың ену және адаптация сатысы. Түйнеме таяқшасының денеге енетін қақпасы тері немесе асқазан-ішек, тыныс жолдарының шырышты қабықшалары, егер осы жерлерде жарақаттану болса (кесілген, тілінген, жарылған) онда қоздырғыштың ішке ену процессі оңайланады. Егер теріге қоздырғыштың спорасы енсе, ілінген жерде аздап болса ылғал болу керек (қан, лимфа не басқа сұйық зат), сонда ғана ол вегетативті түріне ауысады.

Біріншілік ошақтық инфекция сатысы. Содан кейін барып бацилла токсин бөліп шығара бастайды. Түйнеме патогенезінің негізінде экзотоксиннің әсері жатыр. Токсиннің құрамындағы күрделі компоненттерінің біреуі (летальді компонент) теріні коагуляциялық некрозға ұшыратады. 98% жағдайда түйнеме - жергілікті инфекция: түйнеме қоздырғышының енген жерінде әуелі қызарған дақ, сосын түйіншік (папула) пайда болады, түйіншік ішіне серозды экссудат жиналып ол көпіршікке (везикула) ауысады, кейін ішіне қан жиналып геморрагиялық пустулаға айналады. Біраздан кейін ол жарылып, жара пайда болады. Жараның ортасындағы қан түйіршіктері қарайып, қатып көмірге ұқсаған қабыршақ пайда болады. Осы кезде жараның айналасындағы ісік өте тез өсіп, аз уақытта біраз жерді қамтиды. Қоздырғыштар лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне енген кезде оларда серозды-геморрагиялық немесе геморрагиялық-некрозды лимфаденит дамиды, қоршаған шелдің қабынуы пайда болады. Алиментарлы жол арқылы жұғу кезінде асқазанда және мықын ішектің дисталді бөлігінде бірең-сараң немесе жайылмалы некроз ошақтары мен жаралар пайда болады.

Бактериемия сатысы. Қолайсыз жағдайларда (иммунотапшылық, массивті жұқтыру) қоздырғыш қан айналымына түсіп барлық ағзаларға жайылып сепсис түрінде өтуі мүмкін. Геморрагиялық синдром (шырышты қабықшалардағы көптеген геморрагиялар, түрлі мүшелердегі ошақты қан құйылулар), инфекциялық- токсикалық шок дамиды. Бұл жағдайларда ауру өліммен аяқталады. Мәйіттік сіресулер әлсіз немесе болмайды, тамырлар мен жүрек қуыстарында тромбтарсыз, ұюсыз сұйық қан, ішкі мүшелерге қан толған, серозды қабықтарға қан құйылулар, көкбауыр ұлғайған, болбыр, пульпасы күнгірт-көкшіл болады.

Клиникалық көріністері. Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі №3 кестеде көрсетілген. Аурудың жасырын кезеңі 1-12 күн, көбінесе 2-3 күн. Түйнеменің клинико-патогенетикалық жіктелуі №5 кестеде келтірілген.

Ең жиі кездесетін – терілік (жаралы) түрі. Теріде алдынан дақ пайда болады. Қызарған жер бірте-бірте көтеріліп түйінге (папула) айналады, папуланың ішін су кернеп көпіршікке (везикула) айналады. Оның ішіндегі сұйықтық әуелі мөлдір сосын қан аралас (геморрагиялық пустула) болып келеді. Бұл процесс 1-3 күн аралығында дамиды. 4-8 күн аралығында пустула жараға айналады. 9-14 күн аралығында жараның ішіндегі қан аралас сұйықтық қатады да түсі көмір сияқты қап-қара қабыршыққа айналады. Оның айналасындағы тері қабынып, тез ісік жиналады, ісік аз уақытта жайылып төңірегіндегі біраз жерді қамтиды. Жараның жиегінде тағы да қосымша «ұрпақтық» көпіршіктер пайда болып, ол тағы да жарылады, сөйтіп жараның көлемі ұлғая түседі. Жара терең емес, шеттері тегіс емес, құрғақ болады.

 

Кесте






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных