ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Клиникалық көріністері.Тілменің клиникалық жіктелуі: I. Ағым ауырлығына байланысты: I - Жеңіл I I - Орта ауырлықта I I I - Ауыр ағымды тілме II. Жергілікті көрінісіне байланысты: Эритематозды Эритематозды – буллезді Эритематозды – геморрагиялық Буллезді – геморрагиялық III.Терілік зақымданудың таралу дәрежесіне байланысты: Жергілікті Таралған Кезбелік (жылжымалы) Метастаздалған (бір-бірінен алыс орналасқан қабыну ошақтары) IV.Шығу жиілігіне байланысты: Біріншілік Қайталамалы Рецидивті
Ауру ағымының ауырлығын бағалау үшін тілмемен ауыратын науқастардағы интоксикация белгілерінің айқындылығына және қызбаның жоғарылауына көңіл аудару қажет. Жеңіл түрінде аздаған интоксикация белгілері, субфебрильді қызба, жергілікті эритематозды қабыну болады.Орташа ауырлықтытүрінде айқын интоксикация белгілері: қалтырау, жалпы әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, құсу, дене қызуының 39°-40°С жоғарылауы болады. Процесс жергілікті және жайылған, эритематозды-геморрагиялық,эритематозды-буллезді түрде болуы мүмкін. №27 кесте Тілменің жіктелуі
Ауыр түріне айқын интоксикация белгілері тән (адинамия, қатты бас ауыру, қайталамалы құсу, дене қызуының 39°-40°С және одан жоғарылауы). Аурудың бұл түрі көбінесе таралған, кезбелік, метастазды сонымен қатар, жергілікті, буллезді- геморрагиялық, эритематозды-буллезді түрінде болуы мүмкін. Жергілікті түрінде үрдіс шектелген және бір анатомиялық аймақта болады. Тілменің таралған түрінде үрдіс 2-3 анатомиялық аймаққа: мысалы бүкіл төменгі аймақ, бөксе және денеге жайылады. Берілген мәліметтерден тілменің өзіндік шектелу тенденциясының жоқтығын көреміз. Кезбелік (жылжымалы) тілме оның алғашқы орныққан орнында қабыну үрдісінің бір мезгілде бәсеңдеуінде дистальды бөлімнен басталған үрдіс, тез арада проксимальды бағытта жылжиды. Бұл жағдайда стрептококтың лимфогенді таралуы, тілменің лимфангитпен қосарлануына жол ашады. Метастазданған түрінде инфекцияның гематогенді таралуына байланысты, қабынудың бір-бірімен анатомиялық байланыспаған әртүрлі аймақта бір мезгілде пайда болуы (аяқ-қол). Шығу жиілігіне байланысты біріншілік тілмемен қатар, аурудың рецидивті және қайталамалы түрін ажырату керек. Біріншілік тілме – аурудың алғашқы рет пайда болуы. Қайталамалы тілме – ауру екі немесе одан да көп жылдан соң дамиды, бірақ үрдіс басқа аймақта пайда болады. Рецидивті тілме - біріншілік тілмеден екі жылға дейін және одан да ұзақ уақыт мерзімінде тілменің қайта дамуы, көбінесе үрдіс болған жерінде пайда болады. Сирек рецидивті тілме жылына екі рет, жиі рецидивті тілме жылына үш немесе одан да көп рет қайталанады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|