Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Рецидивті тілменің клиникалық ағымы




Тілменің бір ерекшелігі - біріншілік тілмеден соң немесе соңғы болған рецидивтен кейінгі жарты жылдан соң рецидивтердің қайта болуына бейімді, дегенмен 2-3 жылдан соң да рецидив пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе қоздырғыштың адам ағзасында сақталып қалуына байланасты. Тілменің ерте дамитын жиі рецидивтері (алғашқы 4-6 айда) стрептококк серотипімен шақырылатын нағыз рецидивтер болып табылады. Оның жиі болуы үрдістің созылмалыға ауысқанын білдірмей, тек рецидив жиілігінің артқанын көрсетеді. Кеш рецидивтер бір немесе одан да көп жылдан соң көрініс береді және реинфекция нәтижесі болып табылады. Аурудың кеш рецидивтері сирек кездеседі. Оларға маусымдылық рецидивтері жатады, көбінде жаздың соңында, күздің басында болады. Бұл кездегі басты фактор - стрептококты инфекциямен шақырылған әртүрлі созылмалы аурудың өршуі зақымдалған аймақта лимфа және қан айналымының бұзылуына байланысты болады. Көбінесе эритематозды жергілікті үрдістер рецидив береді. Беттегі локализация сирек кездеседі. Жиі рецидивті ауру кезінде, ауыр ағымы сирек кездеседі. Жасырын кезеңнің қысқалығы немесе болмауында қызба бірнеше сағаттармен шектеледі. Аздаған улану белгілері, өзгерген тері фонында айқын емес эритема болады. Осыған байланысты тілменің созылмалы ағымы лимфа айналымының прогрессивті бұзылуына және екіншілік лимфостаз (элефантиаз - слоновость - пілділік) пайда болуына әкелетін клиникалық көріністерімен ерекшеленеді.

Асқынулары

Соңғы жылдары тілменің әртүрлі сипаттағы асқынулары анықталуда.

Іріңді асқынулар (абсцесс, флегмона), жара, некроз жиі тілменің біріншілік түрінде дамиды, ал рецидивті түрінде тұрақты лимфостаз және элефантиаз кездеседі. Сепсис және инфекциялық шокпен қатар, терінің трофикалық жаралары пайда болады. Жергілікті асқынулар арасында жиі кездесетіні - терінің некроздануы.

Тілменің геморрагиялық түрінде фиброзды – геморрагиялық экссудаттан тұратын буллезды элементтер негізінде терідегі көлемді қан құйылулар нәтижесінде некроздану дамиды. Некроздану көбінесе созылмалы венозды облитерлеуші атеросклерозы, қант диабеті және басқа да перифериялық қан тамырларының ауруы бар науқастарда жиі дамиды. Жиі кездесетін асқынуларға тері асты май қабаттарында дамитын абсцесс, флегмоналар жатады. Абсцес аурудың 4-5ші күні көрініс береді. Олардың алғашқы белгілеріне инфильтратты пальпациялау кезіндегі ауру сезімі, үстіндегі шектелген тері гиперемиясы сақталуы жатады. Кейіннен флюктуация байқалады. Антибиотиктермен емдеуге қарамастан жоғарғы дене қызуы сақталады.

Флегмоналар салыстырмалы сирек кездеседі. Сонымен қатар, флебиттер және тромбофлебиттер тілме асқынуларының бірі болып табылады. Флебиттерді анықтау диагностикасы қиындық туғызбайды. Асқынулардың даму жиілігіне байланысты, тілме дененің төменгі аумақтарында орналасқанда науқастарға антикоагулянттар тағайындалады.

Терең қан тамырлардың тромбофлебитін анықтау қиын. Тромбофлебитке күдіктенген жағдайда диагностикалық мақсатпен Opits Ramines (манжетка симптомы) сынамасы қолданылуы мүмкін. Науқастың аяқтарын сәл бүгіп, шалқасынан жатқызып, тізеден жоғары сфигмоманометр манжеткасын салып, 40 мм с.б мөлшерінде қысым туғызады. Егер терең қан тамырлар тромбофлебиті болса, қысымды әрі қарай жоғарылатқанда, балтыр және тізе асты аймағында ауру сезім анықталады. Қысымды төмендеткенде ауру сезімі жойылады.

Тілмелік қабынудың зардаптарына көбінесе, аурудың созылмалы рецидивті ағымында кездесетін лимфостаз және екіншілік элефантиаз жатады. Пілділіктің жасушалық көрінісіне баға беру 2 сатыға бөлінеді: лимфодема және фибродема. Орналасуына байланыссыз пілділіктің екінші сатысы мынандай: лимфостаз (лимфодема) кезінде ісік жұмсақ, терінің қозғалғыштығы сақталған, шандырмен және тері асты май қабатымен жабыспаған болады. Фибродема кезіндегі ісік тығыз, ағаш тәріздес, терінің басқа қабаттарына қатысты жылжымалылығы байқалмайды. Пілділіктің ұзақ ағымында гиперкератоз, гиперпегментация, трофикалық жаралар, лимфорея дамиды.

Тілменің рецидивті дамуы бірнеше себептерге байланысты:

1. біріншілік және ерте тілме рецидивін толық дұрыс емдемеу

2. тілме зардаптарының және айқын көріністі қалдықтарының болуы

3. периферия бұзылысына және инфекцияның түсуіне жол беретін ұзақ ағымды созылмалы тері ауруының болуы

4. созылмалы стрептококты инфекция ошағының болуы

5. лимфа және қан айналымының бұзылуы

6. қолайсыз жағдайлары (төңу, ылғалдану, терінің микрожарақаттары т.б.).

7. интеркурренті ауралардың қалыптасуы

Болжамы. Қазіргі жағдайда тілменің болжамы қолайлы. Дер кезінде басталған адекватты комплексті терапия науқастардың айығуына жеткізеді. Рецидивті тілме кезінді аурудың болжамы көп факторларға байланысты: жасы, иммунитеттің күші, қосымша аурулар: қант диабеті, қан тамырларының аурулары, стресстік жағдайлар және т.б.

Салыстырмалы диагностикасы. Тілменің диагностикасы аурудың типтік клиникалық көрінісіне негізделген: айқын интоксикация (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыру) белгілерімен жедел басталуы, зақымдалған аймақта ауру сезімі, айқын шектелген эритеманың болуы.

№ 28 кесте

Науқаста эритема болғандағы диагностикалық ізденіс алгоритмі

 

Эритема

Қызба бар ма? (38 ºС-тан жоғары) жоқ Терілік аурулар

Иә

Біріккен дақтар түріндегі экзантема   Қабыну ошақтарындағы тері гиперемиясы

Иә Иә

Ірі буындар және жамбас аумақтарында бөртпенің қоюлануы Қол басының және буындар аумағындағы қабыну

Иә Иә Да Да Да

Розенбергтің жұқпалы эритемасы   Эризепелоид

 

Беттегі «көбелек» тәрізді фигура Терінің инфильтрациясы және қабынуы дамиды

Иә Иә

Чамердің жұқпалы эритемасы   Тілме

 

Экзантема біріккен дақтардан, папулалардан, күлдіреуіктерден, көпіршіктерден тұрады Жара түзіледі

Иә Иә

Көптүрлі экссудативті эритема   Түйнеменің терілік түрі

 

Басқа жерде орналасқан эритема   Созылмалы ағым

Иә Иә

Ажыратылмаған жұқпалы эритема   Жүйелі қызыл жиек (волчанка)

 

№29 кесте

Науқаста буллезді экзантема болғандағы диагностикалық ізденіс алгоритмі.


Буллезді экзантема


  Жоғары қызба. Улану белгілері.       Жұқпалы ауру жоқ, дерматологтың кеңесі қажет.

 

Көпіршіктердің орнында қара түсті струпы бар жара пайда болады.     Түйнеменің буллезді түрі.

Гиперемияланған терідегі көпіршіктер, шеткі қабы белдігі.     Тілменің буллезді түрі  

 

Дене бойындағы полиморфты бөртпе (папулалар, дақтар, көпіршікер).       Полиморфты экссудативті эритема

Аурудың ауыр ағымы, шырышты қабаттардың көптеген эррозивті зақымдалулары.       Стивенс –Джонсон синдромы  

Аурудың өте ауыр ағымы, гиперемияланған терідегі үлкен көпіршіктер, эпидермиса сылынуы.     Лайел синдромы

 

Эризипелоид. Ауруға кәсіптілік тән (ет өндіретін және балық өндіріс орындарының жұмысшылары, малшылар, балықшылар, мал дәрігерлері) ірі қара малдың, шошқаның, балық етін тұрмыста өңдеу кезінде жұқтырады. Алақан мен саусақтардың ішкі беткей терісі зақымдалады. Ауру жергілікті көріністерімен жеделдеу өтеді (ауру, қышу сезімдері). Ауру 1-2 см болатын айқын қызыл ісінген табақтарды саусақ және білезік аймақтарында пайда болуымен басталады. 3-5 күн арасында эритема бүкіл саусақ немесе білезіктің алақандық беткейіне жайылып, бүкіл саусақаралық буындар аймағын қамтиды. Эризипелоид кезіндегі эритема түсін өзгертеді: алғашында анық қызыл түсті, кейінірек ортасына қарағанда шеткі бөлігі айқын цианоздалған. Тілмеге қарағанда эризипелоидтағы ісіну айқын емес. Эритема аймағындағы жергілікті тері температурасы өзгермеген немесе сау теріге қарағанда аздап жоғарылаған. Жалпы интоксикациялық симптомдар айқын емес: субфебрильді температура, әлсіз бастың ауыруы, жеңіл селқостық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных