Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Этникалық педагогика




Жалпы бөлімі Пәні Бағыттары Ғылыми облысы
этнопедагогика тарихы этнопедагогика әдіснамасы салыстырмалы этнопедагогика тұлғаның этномәдени дамуының педагогикасы этномәдени ортаның педагогикасы этномәдени білім беру этнопедагогикалық білім беру этнопедагогикалық аксиология праксеология диагностикалау квалиметрия моделдеу жобалау бағдармалау басқару және жетекшілік ету инноватика (жаңарыс)   этнопедагогикалық валеология конфликтология иформатика виктимология экология

 

Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір саласы. Оның мақсаты халықтық салт-дәстүрді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы, намысқой патриот азамат тәрбиелеу.

Этнопедагогиканың зерттеу нысаны - халық педагогикасы.

Халық педагогикасы дегеніміз – халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген бай тәжірибесінің эмпирикалық жиынтығы.

Этнопедагогика – ұлттық салт-дәстүрлердің тәлімдік мән-мағынасын зерттесе, этнопсихология – халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері мен салттарындағы ұлттық сана-сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшелігін зерттейтін сала.

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторларына өзіне тән тілі мен мәдениеті, тұрмысы, этностық ерекшелігінің ортақтастығы кіреді.

Ұлттық психологиялық құрылым үш бөліктен құрылған: ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Олай болса, бұл бөліктер ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып саналады.

Мектепке дейінгі жастағы баланы тұлға деп қарастырсақ онда, ғылымда тұлға мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов, Б.Г.Ананьев т.б.).

Тұлға- дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс- әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.

Тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір - қасиеті, даралылығы.

Тұлғаның дамуы - дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Психолог М.Мұқановтың айтуынша, мектепке дейінгілердің «Мен» деген қасиеті едәуір қалыптасып қалады. Дәлірек келгенде, мектепке дейінгі кезең – тұлғаның қалыптасу кезеңі. Осы жаста бала өзіндік «менін» сезініп, өзін-өзі танып, салыстырмалы түрде тұрақты ішкі әлемі қалыптаса бастайды

Ұсынылатын әдебиеттер: (3,6,7,9,10,15,16,21,20)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных