Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лекция тақырыбы 5. Мектепке дейінгі ұйымдарда халық педагогикасының пайдалану мүмкіндіктері




Мектепке дейінгі балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу білім берудің алғашқы күнінен бастау алады.

Халық педагогикасының қыры мен сырын көптен бері зерттеп келе жатқан халқымыздың сөз зергерлерінің бірі Мұзафар Әлімбаев атамыз «Халық-ғажап тәлімгер» деген еңбегінде былай деп тұжырымдаған: «Халық педагогикасы ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым, яғни ұрықтың ана бойына біткен кезіндегі құрсақ тойынан бастап, бала ер жеткенге дейінгі аралықты қамтитын түрлі жөн-жоралғы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыйым сөздер, түрлі ырымдар-осынау ұғымдардың бәрі халық педагогикасының жүйесін құрайды».

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (ясли, мектепке дейінгі ұйымдар т.б.) болмасада, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең жырмен, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы жеке басын қалыптастырып, психикасын дамытып отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ, қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап, жол тауып, қаршадайынан-ақ, есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мергенде болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір есіткенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да, мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.

Халық педагогикасына әкенің баласына, ананың қызына, ененің жас келінге айтатын ақыл-кеңесі, тағы басқа тұжырымдар, ғылыми тілмен айтсақ, эмпирикалық деңгейдегі тәлім-тәрбиелік ұғымдар жатады.

Халық педагогикасына қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүр мен ырымдары жатады. Мұның бәрі халқымыздың тарихында бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде қолданылып келе жатқан, тұтас халықтық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері.

Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті – асыл қазына» Оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек», - деген болатын. Ғұлама ақын Абай ауыз әдебиеті түрлерін зерттеп, мақал-мәтел мәнін, маңызын ашып берген.

Қалада өскен балалар мақалмен айтқан ойларды түсінбей қалады. Қазақ халқының тілі өте бай. Ата-бабаларымыз айтайын деген ойын бастан-аяқ тәптіштеп түсіндіріп жатпай, бір ғана сөйлемнен тұратын мақалмен-ақ айтқан.

Анасының тілін жастайынан жанына сіңіріп өскен бала есейіп ержеткенде, елінің намысын ешкімге таптатпайтын азамат болып өсетініне сенімі мол. Өлең, әңгімелерді көп оқыған, сөздің киесін қастерлей білген баланың ой-өрісі, дүниетаным өрісі өзгелерден биік, адамгершілік қасиеттері басқаларға үлгі етердей ерекше сүйкімді болары сөзсіз.

Мектепке дейінгі балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу білім берудің алғашқы күнінен бастау алады. Халық педагогикасы негізінде тәрбиеші әр тақырыпқа өзі жаңа нәрсе ойлап табу керек. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамытуда халық педагогика құралдарының ролі ерекше екендігін айта кету керек. Ол үшін шығармашылықпен айналысу, әр сабақ сайын халықтық педагогика үзінділерін енгізу, оны баланың жас ерекшелігіне сай етіп алу қажет. Мектепке дейінгі білім беру-үздіксіз білім берудің бастамасы.

Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің ертеден келе жатқан бір жолы – баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы зор. Мағжан Жұмабаев: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ, оның жанында жігер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі болатындай. Бала ертегінің бәрін шын деп ұғады. Құрғақ ақылды ұқпайды, жанжандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа» деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Егер сен өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегі де өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады және сонымен осы жерде ол оны есте тұтып қалады. Сол арқылы екі процесс қатар жүретіндігін байқаймыз, олар біреуі өтірік айтпауға тәрбиелесек, ал екінші жағынан оның есте сақтау қабілетін дамытамыз. Яғни, ертегі баланы армандауға, қиялдауға жетелейді, ертегі кейіпкерлерініңсуретін салу арқылы оынң іс-әрекеттерін көз алдына елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Жаңылпаш айтып, жұмбақ шештіріп дұрыс ойлауға дағдыландырамыз, ерлікке, еңбек сүйгіштікке, елін, жерін сүюге, үлкенді сыйлауға үйренеді.

Халықтық тәрбиенің тағылымы орасан зор. Әсіресе, баланың сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету тәрбиешінің ізденісіне байланысты.

Ұсынылатын әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9,10,11,14)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных