Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Практикалық/семинар сабақ тақырыбы: «Жайылма саптары».




1.Жоспары:

1.Жайылма сап

2.Взводттың жайылма және жорық сабы.

1.Сабақтың мақсаты: Студенттерді бөлімшенің және взводтың жайылма,жорық саптарына тұрудың әдіс тәслдерін үйретіп дағдыландыру.

2.Қысқаша мәтіні: Студенттерді бөлімшенің және взводтың жайылма,жорық саптарына тұрудың әдіс тәслдерін үйретіп дағдыландыруды қалыптастыру жолдары.

Жайылма сап.

Жеке құрамды саптық іс-қимылдармен оқытудан бұрын оқытушы немесе бөлімше командирі бөлімше үшін Жарғыда жайылма және жорық саптары қарастырылған.

Бөлімшенің жайылма сабы – бұл маңдайшеп бойынша бір сызыққа орналасқан жауынгерлердің сабы. Осыған орай олар бір қатарлы немесе екі қатарлы сапқа тұруы мүмкін. Мұндай сап алғашқы сапқа тұрулар үшін, есептеу, тексеру, байқау, шерулер үшін, сондай-ақ басқа да жағдайлар үшін қолданылады. Сонан соң бөлімше командирі бір қатарлы сапқа бөлімшені практикалық жүзінде тұрғызуға кіріседі. Әрине, мұндай іс-қимылдар әр уақыт түсіндіріліп отырылу қажет.

Бөлімшенің жайылма сабы бір қатарлы немесе екі болуы мүмкін. Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрмені бойынша жүргізіледі.

Алдын–ала «Бөлімше» пәрмені бойынша барлық студенттер, дереу бөлімше командиріне бұрылуы қажет және «ТІКТЕЛ» күйін қабылдап, келесі пәрменді нақты әрі тез орындай алатындай дайындықта күту керек. Пәрменді бөлімше командирі студенттерге қарап тұрып береді. Пәрмен беру аяқталғаннан кейін ол жылдам сапқа тұрудың маңдай шебі жағына қарай, «тіктел» күйінде қала отырып, бұрылуы қажет.

Бұдан кейін бөлімше командирі әскери қызметшіден Жарғы не талап ететін түсіндіреді, сапта өзінің орнын білу, оған тез тұра білу, сапта рұқсатсыз сөйлемеу және толық тыныштылықты сақтау, пәрмендер мен бұйрықтарға зейін қойып тыңдау, жылдам және дұрыс басқаларға кедергі келтірместен орындау. Әскери қызметші атқарушы «САПТАЛ» пәрмені бойынша өз орнына тұрады. Бөлімше командирі саптың маңдай-шебі жағына қарама-қарсы тұрып өзіне солға таман пулеметшіге, солға таман аға атқышқа және т.б. бұйрық береді. Сонан соң студенттер саптағы өз орнына тұрады, ал бөлімше командирі саптан екі-үш студентті шығарып, оларды бөлімшеге қарама-қарсы бір қатарға тұрғызады. Осылар арқылы ол әскери қызметші сапта қалай тұру керек екенін көрсетеді: екі әскери қызметшінің ара қашықтығы алақанның еніне сәйкес, аяқ-киімнің ұштары түзу бір сызықта болуы тиіс, «бостан» пәрменіне дейін барлығы саптық тұрыс күйінде тұруы керек, басты еңқейтпеуі тиіс.

Взводты жайылма сапқа үйрету үшін алдымен бір қатарлы сапқа тұрғызудан бастаған жөн. Взводтың командирі немесе әскери оқытушы саптық тұрысқа байланысты Саптық жарғыдағы талаптарды түсіндіріп, әр бөлімшенің өз орнын көрсетеді.

Взводтың жайылма сабы бір немесе екі қатарлы болуы ғажап емес. Взводтың жайылма сапқа тұруы «Взвод, бір қатарға (екі қатарға) – САПТАЛ» пәрменіне байланысты жүзеге асырылады. Осы пәрмен бойынша взвод командирінің жағына таман бір қатарға бірінші бөлімше, одан солға таман – екінші және сол қапталда – үшінші бөлімше орналасады, взвод командирінің орынбасары взводтың сол қапталында тұрады.

Бұл орайда, барлықтарында аяқ киім ұштары бір сызықта, ал дененің қалпы саптық тұрыстағыдай болуы керек. Взводтың жеке құрамы осы талаптарды бірінші бөлімше Жарғының барлық талаптарын сақтай отырып тұрғанда ғана орындай алады. Сондықтан, взводтың командирі бірінші кезекте бірінші дұрыс тұруын талап етеді, сонан соң барып – екінші және үшіншіге кезек келеді.

Жаттығудың басында взводты алаңда белгіленген сызықтың бойында бірнеше рет тұрғызуға болады. Дегенмен, жеке құрам жабдықталмаған орындарда дұрыс сапқа тұра алатындай жаттықтырылуы керек.

ЗК
В
С
ПГ
СГ
С
С
СС
П
 
В
С
ПГ
СГ
С
С
СС
 
В
С
ПГ
СГ
С
СН
СС
П
 
К
Бiр қатарлы саптағы взвод.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных