Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Машиналардағы саптық байқау




Бөлімшелер мен бөлімдер жазылма сапқа машиналардың бойымен, маңдайшеп бойынша бір сызық бойымен, ал взводтар мен роталардың лектері Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген машиналардың немесе бөлімшелердің арасындағы аралықтар мен ара қашықтықтарда сапқа тұрады. Бұл ретте жеке құрам машиналарда болады немесе машиналардың алдында взводтардың және роталардың бойымен машиналардың алдында үш адымнан жақын емес болатындай екі қатарлы немесе бір қатарлы саппен сапқа тұрады, машиналардың механик-жүргізушілері және жүргізушілері өз бөлімшелеріндегі сапқа тұрады.

Бөлімшелер жорық сапқа машиналардың бойымен лектер бойынша немесе бөлімшелер лектері бірінің артынан бірі Жарғыда белгіленген немесе командир белгілеген сапқа тұрады.

 


Бөлімшенің және танк экипажының сапқа тұруы:

а - бронетранспортердің алдында;

ә - жаяу әскер машинасының алдында;

б – танкінің алдында.

Жаяу әскерді машиналарға, бронетранспортерлерге, автомашиналарға және т.б. машиналарға отырғызу кезінде бөлімшелерде қажет болған кезде әскери қызметшілерге және әскери мүліктерге машиналар бойынша санақ жүргізіледі, сондай-ақ отырғызу тәсілі көрсетіледі. Жеке құрамды машиналарға отырғызу алдында қарудың оқталғандығы тексеріледі, ал егер қозғалыс оқталған қарумен жүргізілсе, онда олардың тежегішке қойылғандығы қадағаланады, сүңгі-пышақтар алып тасталады.

Әрбір машина үшін офицерлерден, прапорщиктер немесе сержанттардан машина басшысы (бөлімше командирі) тағайындалады. Машина басшысына жүргізушіні қоса алғанда машинадағы бүкіл жеке құрам бағынады.

Аға командирдің белгісі бойынша бақылауды бөлімше командирі (машина басшысы) жүргізеді, автомобильдерде, бұдан басқа, автомобиль қорабының оң жақ алдыңғы бұрышында бақылаушы ретінде тағайындалған адам орналасады.

Қозғалыс кезінде автомобиль қорабының кемер (борт) ілгегі бекіткішіне бақылау жасап отыру үшін алдынғы және артқы кемерлердегі шеткі орындарда отырған сарбаздар арасынан «кемерші» тағайындалады. Артқы жақта келе жатқан машиналарға, тіркемелі әскери техникаға және жаяу әскердің ұрыс машинасының есіктері ілгектерінің бекітіліуіне бақылауды автомобильдің артқы қабырғасындағы оң жақ отырғышта отырған сарбаз жүргізеді.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Ротаның байқауы

2.Батальонның байқауы

3.Бригаданың (полктін) байқуы

4.Машиналардағы саптық байқау

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Студенттерді ротаның байқауы,батальонның байқауы,бригаданың (полктін) байқауы және машиналардағы саптық байқаулардың жүргізілуі тәртібін үйренуге дағдыландыру.

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Ротаның байқауы.

2.Батальонның байқауы.

3.Бригаданың (полктін) байқауы.

4.Машиналардағы саптық байқау

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Студенттерді ротаның байқауы,батальонның байқауы,бригаданың (полктін) байқауы және машиналардағы саптық байқаулардың жүргізілуі тәртібін үйренуге дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных