Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Саптық байқаулар.




Саптық байқау үшін рота өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады: рота командирі рота ортасының алдыңғы жағында сегіз адымда, рота сержанты - басқару тобыньщ он жақ қапталында, белгі беруші-барабаншы - рота сержантьшан оңға қарай екі адымда, рота командирінің орынбасарлары - белгі беруші-барабаншыдан онға қарай екі адымда, рота старшинасы ротаның сол жақ қапталына тұрады.

Байқау өткізетін бастық 40-50 адым жақындағанда рота командирі «Рота, ТІК Т¥Р, назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасын береді.

Рота командирі команда бере отырып, қолын бас киіміне апарады, байқау өткізетін бастыққа саптық адыммен келеді, оған екі-үш адым қалғанда оның алдына токтайды және баяндайды.

Мысалы: «Подполковник мырза. Бірінші рота саптық байкау үшін сапқа тұрғызылды. Рота командирі капитан Дүйсекеев».

Рота командирі баяндап болғаннан кейін оңға (солға) бұрылумен бір уақытта сол (он) аяғымен жаныңа қарай бір адым жасайды және бастықты алға қарай өткізіп жіберіп, оньщ соңынан бір-екі адымда және кольш бас киімінен түсірмей саптың сыртқы жағынан жүреді.

Белгі беруші-барабаншы рота командирінің «Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)» командасы бойынша «Жорықтық маршты» соға бастайды (9-қосымша); рота командирі байқау өткізетін бастықтың алдына келіп тоқтағанда белгі беруші-барабаншы барабанды соғуды токтатады, ал рота командирі баяндап болғаннан кейін оны жалғастырады.

Байқау өткізетін бастық он қапталдан солға қарай рота сабының мандайшебін шолып өткеннен кейін саптың ортасьша шығады, ротаның жеке құрамымен сәлемдеседі, «ЕРКШ Т¥Р» командасын беруге рұқсат етеді және рота командиріне байқауды жалғастыру туралы қажетті нүскаулар береді. Бастық рота сабы ортасының алдына келгеннен кейін белгі беруші-барабаншы соғуды токтатады.

Рота командирі «ЕРКІН ТҰР» командасын береді, қолын бас киімінен түсіреді, байкауды өткізетін бастықка саптық жазбаны іапсырады, ал одан нұсқаулар алғаннан кейін оларды орындауға кіріседі.

Ротаның байқауы жеке құрамның бар болуын, әскери қызметшілердің сырткы пішінің, жабдықтар мен қару-жарақтың жай-күйін тексеруден басталады; одан кейін бөлімшелер, взводтар мен рота жеке саптық машыктарының және саптық үйлесімділік дәрежесі, рота құрамында саптық әндерді орындау шеберлігі тексеріледі.

Рота байкау өткізетін бастықтың алдынан взвод бойьшша, бір сызықтык (екі сызықтык) арақашықтықта; взводтар - «қарубауға» күйіндегі немесе байкау өткізетін бастықтын командасы бойынша басқа күйдегі қаруы бар үш (төрт) лек бойынша салтанатты шерумен жүріп өтеді. «Кеудеге» күйіндегіавтоматтар сол қолмен сағағынан және ұнғы бастырмасынан ұсталады.

Рота байкау өткізетін бастықтың жаныңан өткен кезде сызықтықты білдіретіндер жетекшінің белгісі бойынша қаруды «қарубауға» күйіне алады, оңға бұрылады, бір лекпен жүгіріп ротаны куып жетеді және ротаның сол жақ қапталына сапқа түрады.

Әнмен жүріп өту үшін рота командирі ротаны қайта еапка тұрғызьш, бағыттаушы взводтың алдында сегіз адымда түрады және: «Рота, ТІК Т¥Р. Әндетіп өту үшін, взвод бойынша, арақаіныктык елу метр, бірінші взвод тура, қалғандары он-ҒА». «Қарубау-ҒА». «Адым - БАС» командасын береді, одан кейін он аяғьшың ұшымен сол қол жаққа қарай жылдам артқа бұрылады және сол аяғымен қозғалысты ротамен бір уақытта бастайды.

«Әндетіп өту үшін» командасы бойынша мыналар саптан шығады және: рота командирінің орынбасарлары - рота командирінен екі адымда, взводтардын командирлері -өз взводтары алдында екі адымда, белгі беруші-барабаншы - рота командирінің орынбасарларынан кейін екі адымда, рота сержанты - басқару тобының алдында екі адымда тұрады.

Орындалатын комаңда бойынша барлық рота қозғалысты бастайды, бірінші взвод (басқару тобы) әнмен жорықтық адыммен тура қозғалады және келесі әрбір взвод бірінші взвод (басқару тобы) тұрған жерге жеткен кезде солға қарай бұрылады, орныңда адымдайды және түзеледі. Алда келе жатқан взвод командамен көрсетілген арақашыктыкка жеткен кезде кейіннен келе жатқан взвод командирі «Взвод, әндетіп - ТУРА» деп команда береді. Осы команда бойынша взвод әнмен жорықтық адьшмен қозғалысты бастайды.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Саптық байқаулар.

2.Ротаның саптық байқауы.

3.Әнмен жүріп өту

4.Взводттың саптық байқауы

5.Бөлімшенің саптық байқауы

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Студенттерді саптық байқаулар,жаяу тәртіптегі саптық байқаудың жүргізілуі тәртібін үйренуге дағдыландыру.

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Саптық байқаулар.

2.Жаяу тәртіптегі саптық байқаудың жүргізілуі.

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Студенттерді саптық байқаулар,жаяу тәртіптегі саптық байқаудың жүргізілуі тәртібін үйренуге дағдыландыру.

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных