ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жүгіру тәсілін орындау.Жүгіріп өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, жыра бағытына жүгіріп өт — АЛҒА» командасы бойьгнша жүргізіледі. Алдын ала берілетін команда бойынша демалу үшін таса орындарға токтауға қарай қозғалу жольш белгілеп алу, ал орындалатьга команда бойынша осы Жарғьшын 170-тармағында көрсетілгендей жылдам тұрып, сол (он) аяғын жерге коймастан, он (сол) аяқты түзеумен (серпумен) бір уақытта оны алға қарай шығару және мүмкіндігінше жүгіріп өту керек. Демалу үшін тоқтаулар арасындағы жүгіріп өту ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың ок атуына байланысты және орташа алғанда 20-40 адым болуы тиіс. Демалу үшін токтаған жерде осы Жарғының 169-тармағында көрсетілгендей жүгіріп келіп жату керек, біршама шетке қарай енбектеп өту керек (бекіністі ауыстырудың өзге де әдісі қолданылуы мүмкін), ал командада көрсетілген орынға жеткеннен кейін, одан басқа ок атуды жүргізуге дайындалу керек. Еңбектеп өту жер бауырлап, жартылай төрт тағандап және бүйірімен өту үшін, мысалы: «Қатардағы жауынгер Солоненко, бруствер артына еңбектеп өт - АЛҒА» командасы бойынша жүргізіледі. Алдьш ала берілетін команда бойынша қозғалу жолын және демалу үшін тасаланған токтау орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын команда бойынша көрсетілген әдістердің бірімен еңбектеп өту керек. Жер бауырлап енбектеп өту үшін жерге жабыса жату керек, оң қолмен қаруды жоғарғы антабқасынан қарубаудан алу және оны оң қолдың білегіне кою керек. Он (сол) аяқты тарту және бір уақытта сол (он) колды мүмкіндігінше созу керек; бүгілген аяқпен серпіле отырып, денемен алға қарай жылжу керек, екінші аяқты тарту, екінші колды созу керек және қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Еңбектеп өту кезінде басты жоғары көтермеу керек. Жартылай төрт тағандап еңбектеп өту үшін тізерлеу және білекке немесе колдардын басына тірелу керек. Бүгілген оң (еол) аяқты кеуде астына тарту керек, онымен бір уақытта сол (он) колды алға қарай созу керек. Денені он (сол) аяқ толық созылғанша алға қарай жылжыту керек, онымен бір уақытта екінші бүгілген аяқты өзіне қарай тарта және екінші колды соза отырып, қозғалысты сол тәртіппен жалғастыру керек. Қаруды: білекке тірелген кезде - жер бауырлап енбектеп өту кезіндегі сияқты; колдардың басына тірелген кезде - оң қолмен ұстау керек. Бүйірмен еңбектеп өту үшін сол бүйірге жату керек; тізесі бүгілген сол аяқты алға қарай соза отырып, сол қолдың білегіне тірелу, он аяқты мүмкіндігінше өзіне қарай тартьш өкшесімен жерге тірелу керек; он аяқты жаза отырьш, сол аяқтың күйін өзгертпей денені алға қарай жылжыту керек, одан кейін қозғалысты осындай тәртіппен жалғастыру керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|