ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жату күйiнен «Тұр» тәсiлiнiң орындауын көрсету.
Тәсілдерді толық және бөлім бойынша көрсетісімен бөлімше командирі оларды 2-3 адымға жазып үйрете бастайды. Бастапқыда бөлімше командирі көрсету мен түсіндіруді қайталайды және өзімен бірге тәсілді орындауға студенттерге бұйрық береді. Олар тәсілдің орындалуымен танысқаннан кейін бөлімше командирі тәсілді үйретуді, кеткен кемшіліктерді түзеп, бірте-бірте жылдамдықты арттыра отырып жалғастырады. Тәсілді бөлім бойынша қарастырғаннан кейін, бөлімше командирі мына пәрмендер бойынша оларды толық үйретуге кіріседі «Бөлімше – ЖАТ» («Ұрысқа») және «Бөлімше - ТҰР». Қол және рота пулеметтерінен «ҰРЫСҚА» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде қаруды оң қолымен алып, сол қолымен сирақтарын жазу керек. Осымен бір мезгілде оң (сол аяқпен) алға қарай қалыпты адым жасау қажет және еңкейіп пулеметті оқ атудың бағытына қаратып сирақтарын қою керек; бүгілмей, екі қолмен жер тіреп, аяқты артқа тастап, ішпен жатып, аяқты ұштарын сыртқа қаратып жазып тастау қажет және оқ ату үшін дайындалу қажет. Қарулар тобымен «Ұрысқа» пәрмені бойынша әдістерді орындау кезінде оны ұрыс жағдайына келтіру керек, содан кейін оқ атуға арналған кейіпті қабылдау керек. Тік тұрып пистолеттен оқ атуға арналған қалыпты қабылдау «Ұрысқа» пәрмені бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, сол жарты айналымда бұрылу керек және оң аяқты қоймай оны алға, көздеу бағытына қарай иықтың енімен, дененің салмағын екі аяққа тең сала отырып, алға шығару қажет, пистолетті ауыз бөлігін жоғары оң көзге қарап тіп-тік ұстау керек, бұл ретте қол білегінің иектің биіктігінде орналасуын сақтау керек, сол қол дененің бойында еркін түсіріледі немесе арқаға қойылады. «Тұр» пәрмені бойынша оң қолмен қаруды ұстап, екі қолды кеуденің деңгейіне созып, бір мезгілде аяқты бірге қою керек, ал содан кейін екі қолды шұғыл түзулей отырып кеудені жерден көтеріп, оң аяқты алға шығару қажет, жылдам тұрып сол (оң) аяқты қою керек және қарумен саптық тұрысты қабылдау керек. 4.Бақылау сұрақтары: 1 Ұрысқа. 2 Жату күйiнен «Тұр» тәсiлiнiң орындауын көрсету. 3.«Жат» (ұрысқа) тәсiлiнiң орындауын көрсету. 4.«ҰРЫСҚА», «ТҰР» 5. «Жат» пәрмені орындалуы. 6.Оқыту әдістемесі 5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі: 1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. Студенттерді сарбаздың"Тұр " тәсілін орындауға дағдыландыру. 2.Студенттерді бағалау. 6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы: 1.Сарбаздың"Тұр " тәсілін орындау. 2.Оқыту әдістемесі 7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. Студенттерді сарбаздың"Тұр " тәсілін жасауды үйретіп дағдыландыру. 8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі: 1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары. 2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|