ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Еңбектеу әдiстерiн көрсету: а) жорғалап; б) төрттағандап; в) бүйiрлеп
Еңбектеу әдістерін оқыту барысында қажетті пәрмендер беріледі, мысалы: «Қатардағы Әйтенов – ЖАТ», ал кейін «Қатардағы Әйтеновке, пәлен жерге – АЛҒА». Оқыту және жаттығу кезінде бөлімшенің барлық студенттер бір мезетте қажетті ара–қашықтық сақтайды. Кейін бөлімше командирі мынадай пәрмен береді, мысалы: «Бөлімше - ЖАТ», «Пәлен жерге дейін, жорғалап, топ бойынша: бірінші топ – қатардағылар (пәленше), екінші топ – қатардағылар (пәленше): бірінші топ – АЛҒА» және т.б. Жүгіру және еңбектеу әдістерімен жаттықтыруды қолайлы жерде өткізген жөн. Таңдалған жерді бөліктерге бөлген дұрыс, мысалы: жүгіру қозғалысы үшін – 50-100 м, жорғалап еңбектеу үшін – 25 м. төрттағандап еңбектеу үшін – 25 м және бүйірлеп – 25 м. Жүгіру «Өмірбеков пәлен жерге дейін – АЛҒА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Алдын-ала орындалатын пәрмен бойынша жүгіріс жолдарын және демалыс жасауға арналған бекініс орындарын белгілеп алу керек, ал орындалатын пәрмен бойынша жылдам атып тұру керек. Демалыс жасауға арналған аялдамалардың арасындағы жүгіріп өтудің ұзындығы жергілікті жерге және қарсыластың оқ атуына байланысты және орташа есеппен 20-40 адым болу керек. Демалыс жасауға арналған аялдама жерінде жүгіріп келіп, жату қажет, біршама шетке қарай еңбектеп, пәрменде көрсетілген жерге жету арқылы оқ ату үшін дайындалу шарт. Жүгіру күндегі қарудың ұсталуы күйі өзінің қалауы бойынша болады. Жаттығуды біреуден, екеуден, топ бойынша жүргізуге, ал аяқтауды бүкіл бөлімше құрамында орындаған жөн. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|