Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жалпы ережелер ҚРҚК-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу.




Саптық дайындық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысы негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі және әскери қызметшілерді үйрету мен тәрбиелеудің негізгі пәндерінің бірі болып саналады. Саптық дайындықты оқыту әскери қызмет өміріне жан-жақты әсер беретін, әскери қызметшілердің ерік-жігерін мықтап, өз денесін толық игеруге және зейінділікті, ұжымшылдықты дамытуға, сондай-ақ әскери тәртіпті сақтауға септігін тигізеді.

Демек, әскери адамның сапта тұруының өзі жинақтылыққа, тәртіпке шақырса, ал саптық бұйрықтарды орындау оқытушыға бағынуға міндеттейді деген сөз.

Нақтылық, үйлесімділік тәсілдерді бір мезетте орындау рухты көтереді, өз іс-қимылдарына деген сенімділікті арттырады және әскери қызметшілерді зейінділікке орындаушылыққа тәрбиелейді.

Дұрыс қойылмаған саптық дайындықты оқытусыз жақсы жету мүмкін емес.

Қазіргі уақытта, бөлімшелер мен бөлімдер күрделі әскери техника мен қамтамассыз етілуі, бірінші кезекте саптық мәдениет дәрежесінің жоғары болуын талап етеді.

Саптық дайындық мыналарды қамтиды:

Қарумен немесе қарусыз саптық оқыту; бөлімшелердің, взводтың, роталардың, батальондар мен полктардың көлік пен жаяу жүріс кезінде саптық жүруі, орналасуы; бөлім мен бөлімшелерді саптық байқау. Саптық дайындық жоспарлы сабақтар мен басқа да сабақтар барысында жүзеге асырылады.

Тәжірибе көрсеткендей, әскери қызметшілердің жоғарғы деңгейлі саптық дәрежесі мынадай жұмыстар орындалған ғана мүмкін болады, олар:

- саптық дайындықтың дұрыс жоспарлануы мен нақтылығы, сонымен қатар барлық сабақтардың әдістемелік негізде дұрыс жүргізілуі мен ұйымдастырылуы;

- саналы түрде оқытылуы мен әр әскери қызметшінің Саптық Жарғы талаптарын қатаң орындауы;

- саптық дайындық бойынша жоспарлы сабақтарды олардың арасында үлкен үзіліссіз, әдістемелік негізінде тұрақты жүргізу;

- саптық оқытудың барлық сабақтарда, атап айтқанда сапқа тұрған кезде және күнделікті өмірдегі қозғалыстарда тәжірибесін көбейту, жақсарту;

Саптық оқытуда жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін әскери оқытушылардың, жеке саптық үйренуі үлкен мағынаға ие, сондай-ақ саптық әдістерді көрсету (үлгі ретінде) мен қол астындағыларға жоғарғы талап қою деген мәселелер де бар.

Мұнда әскери оқытушылардың әрекеті жоғарғы әдістемелік дайындықпен үйлесіп тұруы – басқалардың саптық әдістерді дұрыс орындауының кепілі ретінде болады.

Оқитын азаматтың өзі тапсырылған жұмыстарды тиянақты орындаумен қатар, өзіне жүктелген міндеттерді саналы түрде мойындауы немесе мойын ұсынуы қажет.

Саптық сабақтарды жүргізуде жоғарғы сапалы деңгейге жеткізу әскери құрамның, ондағы әскери оқытушылардың әдістемелік қабілеттерін үздіксіз жетілдіре түсу әрекеттері маңыздырақ. Онда командирлердің әдістемелік дайындығындағы саптық қарым-қатынастарына күнделікті назар аударылады. Сонда бөлімшелерді дайындауға жоғарғы көрсеткіштердің мықты іргетасы қаланады деген сөз. Міне, сондықтан да командирлер әдістемелік тәсілдері мен оқу әдістерін тұрақты түрде жетілдіре жүруі тиіс.

Саптық дайындық – тәжірибемен байланысты іс. Мұнда, әр тәсілді көп рет жаттығулар мен қайталау қажет. Кері жағдайда әдістерді орындаудың нақтылығы мен орындалу әсемділігі жоғалуы ғажап емес.

Саптық дайындық бойынша сабақтарды ережеге сәйкес, оқу бөлімшесі, взвод, рота құрамында тиісті оқытушылардың басқаруында (командир) жүргізу міндет.

Тек, жекелеген саптық дайындығы барысында ғана студент қателігін толық байқауға болады екен. Дегенмен, кейбір оқытушылар бұл жөнінде ұмытып жатады, соған сәйкес бөлімшелерді тартады деген сөз.

Саптық дайындықтың тапсырмаларын ойдағыдай орындау, сонымен қатар соған талпыну әскери оқытушылардың жоғарғы білікті маман болып қана қоймай, жақсы саптық денгейде білімі бар азамат болып шығуына септігін тигізеді.

Әнді орындаумен халық алдында саптық жүріп өту, жауынгерлерді тәртіптік қасиеттерге баулиды, оларды жақсы келбетті және тартымды болуға міндеттейді.

Әскери туды саптық негізде алып шығу, ант қабылдау және кешкі қорытынды тексеру, ауысымдар, басқа да әскери ғұрыптар жауынгердің санасына әсер беретін маңызды құралдар болып табылады. Оқытушылардың мақсаты - әскери қызметшілерді немесе студенттерді сапқа деген құрметпен әскери ғұрыптардың сақталуына шақыра білу.

Оқу құралындағы - әдістемелік және көрсетімдік сабақтарды, сондай-ақ саптық оқыту бойынша түсіндірмелер мен үгіттеу жұмыстарды, тәрбиелік мәні бар іс-шараларды өткізу саптық оқыту дәрежесін жоғарлатуда айтарлықтай әсер береді.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1.Жорық сабы.

2.Взводтын жорық сабы.

3.Ротаныңжорық сабы.

4.Бригаданың (полктін) жорықтық сапта жүруі.

6.Салтанатты шерумен жүріп өту.

7.Әуенмен жүріп өту.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1.Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сай. ҚРҚК-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу

2.Студенттерді бағалау.

6.Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Жалпы ережелер

2. ҚРҚК-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу

7.Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай. ҚРҚК-нің саптық жарғысын сәйкес саптық дайындықтар жүргізу

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

3.Дошаков С.Х., Бастапқы әскери дайындық негіздері, Алматы 2003 ж.

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных