Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тарихи шығындарды өтеу




I КІРІСПЕ

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Cалық салу модельдері

Тарихи шығындарды өтеу

Пайдалы қазындыларды өндіру салығы

Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы

Німді бөлу бойынша ҚР үлесі

III ҚОРЫТЫНДЫ

IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстары үшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді.
Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануға Үкімет белгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады.

2.1. Cалық салу модельдері

Жер койнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель жер койнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші моделъ жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойыніиа Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ак салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды.
Кен орындарын (кен орындар тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабелдігі төмен, коюлығы жоғары, суланган, шағын дебетті және игерілген санатка жатқызу тәртібін, олардың тізбесі мен салық салу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл роялти, өнімді бөлу бонынша Қазақстан Республикасының үлесі, өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асырушы жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі салық салудың екі моделіне сәйкес (контракттардың негізгі түрлерін негізге ала отырып) жер койнауын пайдалануға контракттарда айқындалатын жер койнауын пайдаланушылар үшін белгіленген салық режімінде жұмыс істей береді дегенді білдіреді. 2009 жылдан жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:

1. жер койнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:а) қол қойылатын бонусты; ә) коммерциялық табу бонусын; б) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;

2. пайдалы қазындыларды өндіру салығын;

3. үстеме пайда салығын кіріктіреді.

Бонустар жер койнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады. Жер койнауын пайдалануға арнап жасалған контракттың түрлері мен шарттарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустардың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: қол қойылатын бонус және коммерциялық табу бонусы. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушыныңконтракт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады. Қол қойылатын бонус төлеушілері Қазақстан Республикасыныңжер койнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер койнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы болған немесе жер койнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер негізінде жер койнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ак Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған мынадай контракттардың бірін:

1. барлауға арналған контрактты;

2. пайдалы казындыларды өндіруге арналған контрактты жасаскан жеке немесе заңи тұлға болып табылады.

Қол койылатын бонустың бастапқы мөлшері жер қойнауын пайдалануға жасасқан әрбір контракт үшін айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерлерінде жеке белгіленеді.
Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткізілгенге дейінгі қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері құзырлы органның конкурстық комиссиясының шешімі бойынша ұлғайтылуы мүмкін.
Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкілікті мөлиіерін жер койнауын пайдалану құқығын алуға өткізілген конкурстық нәтижелері бойынша конкурстықкомиссияның шешімі немесе жер койнауын пайдаланушымен тура келіссөздер жүргізу нәтижелері бойынша құзырлы орган белгілейді және ол жер койнауын пайдалануға арналған контрактқа кіріктіріледі. Қол койылатын бонус бюджетке салық төлеушінің тұрғылықты орны бойынша мынандай мерзімдерде: белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушініҚазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс жеңімпазы деп жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде,қалған белгіленген елу пайызы жер қойнауын пайдалануға арналған контракт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
Коммерциялық табу бонусын контракт аумағындағы пайдалы казындыларды әрбір коммерциялық табу үшін, соның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын пайдалы казындылар корларын ұлғайтуға алып келетін кен орындарың қосымша барлау жүргізу барысындағы, табу үшін жер; койнауын пайдаланушы төлейді. Коммерциялық табу бонусының салық салу объекті пайдалы қазындылар қорларының нақты көлемі болып табылады. Коммерциялық табу бонусынын сомасы салық салу объектінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізшие айқындалады. Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.

Тарихи шығындарды өтеу

Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жер қойнауын пайдалануға арналған контракт жасасқанға дейін тиісті контракт аумағын геологиялық зерттеу мен жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемі болып табылады. Бұл шығындардың сомасын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол салық заңнамасының кағидаларына сәйкес бюджетке төленеді.Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі (1,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерде) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде, калған бөлігітарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде бюджетке төленуге жатады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных