Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пайдалы қазындыларды өндіру салығы




Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералдық шикізат, мұнай, жерасты сулары және емдік балшықтың әрбір түрі бойынша ақшалай нысанда жеке төленетін салық.
Салықтың төлеушілері жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген контракт шеңберінде техногендік минералдық құрлымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, мұнайды, минералдық шикізатты, жерасты суларын және емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың,газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы казындыларды өндіруге салық салу объекті, ал бұл көлемнің құны салық базасы болып табылады. Құн өндірілгентауарлы шикі мұнайдың, газ конденсатыныңжәнетабиғи газдыңкөлемі мен салық кезеңіне есептелген өнімнің бірлігі үшінәлемдік бағаның көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Өндірілген минералдық шикізаттың,мұнайдың жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазындылары өндіру салығы жүргізілетін өндіру түріне қарамастан салық заңнамасында белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен төленеді.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығын есептеу үшін жер койнауын пайдалануы Салықтық кодексте келтірілген шэкілге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген контракт бойынша ағымдағы салық жылына арналған өндірудің жоспарланған көлеміне сәйкес келетін мөлшерлемені колданады. Пайдалы казындыларды өндіру салығының құрамына: мұнайға арналған пайдалы қазыналарды өндіру салығы, кең таралған пайдалы қазындыларды коспағанда, минералдық шикізатқа пайдалы казындыларды өндіру салығы және кең таралған пайдалы казыналарға жерасты суларға және емдік балшықтарға, пайдалы казындыларды өндіру салығы кіріктіріледі.
Шикі мұнайға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемелері газ кондесатын қоса алғанда, тіркелген тұлғанымда жылдық өндіру көлеміне қарай (10 мөлшерлеме,өндіру ауқымы 250 мың тоннаға дейін және 10 млн.тоннадан жоғары) 7%-дан 20%-ға дейінгі шэкіл бойынша белгіленеді. Қазақстан Республикасының ішкі рыноғында шикі мұнай мен газ конденсатын өткізген және (немесе) берген, соның ішінде мемлекет атынан алушыға пайдалы казындыларды өндіру салығын, экспортка рента салығын, роялтиді және Қазақстан
Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесін төлеу есебіне заттай нысанда берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда белгіленген мөлшерлемелерге 0,5 төмендетілген коэффициент қолданылады. Табиғи газға пайдалы қазындыларды өндіру салығының мөлшерлемесі 10%ды құрайды.Ішкі рынокта табиғи газды өткізген кезде жылдық өндіру көлеміне қарай: 1,0 млрд. текше метрге дейін қоса алганда - 0,5%, 2,0 млрд. текше метрге дейін - 1,0%, 2,0 млрд. текше метрден жоғары - 1,5% мөлшерлемелер бойынша төленеді. Минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы казындылар босалқы корларының нақты (физикалық) көлемі (айналыстан шыққын босалқы қорлардың салық салынатын көлемі) минералдық шикізатқа (қара,түсті және радиоактивті металдар кендері (рудалары); металдар; күрамында металдар бар минералдық шикізат, сондай-ақ сирек ездесетінметалдар,шашыраңқы металдар, радиоактивті металдар, бейметалдар, қымбат бағалы тастар, жасанды тастар,техникалық тастар) салық салу объекті болып табылады.
Салық кезеңіндегі орташа биржалық бағаны немесе алғашқы кайта өңдеуден (байытудан) өткен минералдық шикізатты өткізуден безбенделген бағасын тигізе ала отырып,салық кезеңінде минералдық шикізаттың құрамында пайдаланылаты н айналыстан шыққан қосалқы қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы казындыларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Мөлшерлемелер ауқымы тым кеңтас көмір мен жанғыш тақ-тастар үшін белгіленген нөл пайыздан уран үшін белгіленген 24 пайызға дейін (ең жоғары). Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы казындылардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объекті, оларды өткізуден безбенделген бағасын негізге ала отырып,осы көлем құны салық базасы болып табылады.Салықтың мөлшерлемелері 2,5%-дан 10,6%-ға дейінгі мөлшерлерде белгіленген.
Пайдалы қазындыларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.Салықтөлеуші салықтың есептелген сомасын орналаскан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазындыларды өндіру салығы жөніндегі мағлұмдаманы орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей береді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных