Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Сыбайлас жемқорлық және жемқор құқықбұзушылық түсінігі




1. ҚР қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша «сыбайлас жемқорлық» түсінігі

2. Сыбайлас жемқор құқықбұзушылық түсінігі және түрлері

3. Сыбайлас жемқор қылмыс түрлері және жалпы сипаттамасы.

Кез келген әлеуметтік күрделі құбылыс секілді, сыбайлас жемқорлықтың (коррупцияның) біркелкі танылған анықтамасы жоқ, бұл огны зерттеудегі саналуан көзқарастардың болуына алғышарт жасайды. Заңнамалық жағынан алсақ, коррупция болып әлдебір елдің қылмыстық заңында осылайша танылған құбылыс немесе кәсіби этика кодекстерінде тыйым салынған әрекеттер табылады. Мұндайда құбылыс шектері дәл анықталып, оның әлдебір контурларын байқай алатын боламыз.

«Коррупция» ұғымының этимологиялық мән-мағынасына назар аударатын болсақ, ол «сатып алу», «пара» деген мағына береді (лат. «corruptio»). Рим құқығында да «corrumpire» деген ұғым бар, ол бүлдіру, залалдау, зиян келтіру, бұрмалау, сатып алу деген мағынада қолданыста болып, сәйкесінше, құқыққа қайшы іс-қимылдарды білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде коррупция пара арқылы сатып алуды, лауазым иелерінің, саяси қызметкерлердің сатылатындығын білдіреді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы коррупцияға келесі анықтама берген: «... мемлекеттік функцияларды атқаратын адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін және оған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алуы немесе өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін немесе оған байланысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда алу мақсатында пайдалануы, сол сияқты осы адамдарды аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы жеке немесе заңды тұлғалардың сатып алуы».

Коррупция күрделі әлеуметтік құбылыс, ол әралуан жемқор қылықтардың жасалуында көрінісін табады. Олардың бірқатары қылмыстық болып танылып, қылмыстық жауаптылықты туындатады. Коррупцияны тек парақорлық шектерінде қарастыруға болмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтар деп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңда көзделген, сонымен бірге басқа да заңдарда көзделген коррупцияға байланысты немесе оның жасалуына жағдай жасайтын және заңда көзделген әкімшілік, тәртіптік, қылмыстық жауаптылықтың туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттерді таниды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оларға теңестірілген адамдардың істейтін коррупцияның жасалуына жағдай жасайтын (туғызатын) әрекеттеріне мыналар жатады:

- басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;

- аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешуде өзінің қызметтік уәкілеттіліктерін пайдалану;

- мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке түсуде немесе мәнсаптылық бойынша жоғарылағанда заңда көзделмеген артықшылықтарға жол беру (протекционизм, трайбализм);

- шешім қабылдағанда немесе оны дайындағанда әлдебір заңды немесе жеке тұлғаларға негізсіз артықшылықтар көрсету;

- кез келген тұлғаға кәсіпкерлік немесе табыс алуға байланысты басқа да қызметтің жүргізілуіне заңда көзделмеген қолдау көрсету;

- мемлекеттік қызметін атқару барысында алған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке басының немесе топ мүдделерінде пайдалану;

- жеке немесе заңды тұлғаларға заңда көзделген ретте ақпарат беруден бас тарту, оны кешіктіру, бұрмаланған немесе толық емес ақпарат беру;

- жеке немесе заңды тұлғалардан заңда көзделмеген ақпараттардың берілуін талап ету;

- мемлекеттік қаржы және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына аудару;

- жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастырудың және өзінің құзырындағы басқа да мәселелердің щещілу тәртібінің заңда көзделген тәртібін бірнеше рет бұзу;

- қонақжайлылық пен сыпайылылықтың жалпыға бірдей нормалары мен хаттамалы және басқа да ресми іс-шаралардың іске асырылу жағдайларынан басқа кезде жоғары тұрған ресми тұлғаларға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету;

- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына кедергі жасау;

- кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге, сонымен бірге оын бақылауға осындай қызметпен айналысатын жеке немесе заңды тұлғаларды жіберу;

- мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесіне ие емес ұйымға беру;

- жоғары тұрған немесе төмен тұрған немесе өзіне қызмет немесе жұмыс бабы боынша басқа да тәуелділікте тұрған лауазымды адамдармен ақшалай немесе басқа да мүліктік сипаттағы азарттық ойындар ойнау.

«Коррупция туралы» заңның 13-бабы бойынша, игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қайшы алуға байланысты мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген немесе оларға теңестірілген адамдардың коррупциялық құқықбұзушылықтар қатарына келесі әрекеттері жатқызылған:

1) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін заңда көзделмеген жағдайларда сәйкес функцияларды атқармайтын заңды тұлғалардан немесе жеке тұлғалардан ақша, мүлік, қызмет немесе басқа да нысандарда кез келген сыйақы алу;

2) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген қызметін атқарғаны үшін сыйлықтар немесе қызмет көрсетуді алу, не болмаса оларды өзіне қызмет бабы бойынша тәуелді адамдардан алу, қонақжайлық пен сыпайылықтың жалпыға бірдей нормалары шектерінде жасалған немесе хаттамалы не басқа да ресми іс-шаралардың өткізілуі барысында алынған сыйлықтар мен көрсетілген қызметтерден басқа;

3) шетелдік, сол сияқты Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғаларының есебінен ішкі мемлекеттік және шетелдік туристік, емделу-сауығу және басқа да сапарларына шақыруды қабылдау;

4) несие, ссуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, басқа да мүлікті сатып алуда заңда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.

Әлеуметтік-құқықтық құбылыс бола тұра, коррупциялық қылмыстар қылмыстық заң қорғауындағы қоғамдық қатынастарға қиянат жасайды. Мұндай әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі олардың әреуметтік тегін анықтайды.

Коррупциялық қылмыстардың толық тізімі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына берілген ескертудің 5-тармағында көрсетілген.

Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 30, 33,338,42,43

Қосымша әдеиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 51,91,96,100

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных