Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Меншікке қарсы және экономикалық қызмет саласындағы жемқор қылмыстар




1-дәріс

1. Қызмет бабын пайдалану коррупциялық қылмыстардың белгісі ретінде

2. Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімінің «г» тармағы)

3. Жалған кәсіпкерлік (ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімінің «в» тармағы)

Қызмет бабын қызмет мүдделеріне кереғар пайдалану коррупциялық қылмыстардағы міндетті белгі ретінде. Қызмет бабын пайдаланудың тар және кең мағыналары. Қызмет бабы бойынша құқықтары мен міндеттері аясына тура енетін әрекеттерді істеу, қызмет бабына бола адамның жасай алатын кез келген әрекеттері (беделін пайдалану, жеке байланыстарын іске қосу, қызмет бойынша қамқорлыққа алу немесе немқұрайдылық таныту).

Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу мен ысырап ету түсініктерінің айырмашылығы. Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу мен ысырап ету құрамын ұрлықтан ажырату.

2-дәріс

1. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау (ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлімінің «а» тармағы)

2. Экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-бөлімінің «а» тармағы)

Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау қылмысын мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса.

Қылмыстық табыстарын легализациялаудың халықаралық сипатқа ие болуы. бұл тектес қылмыстық әрекеттерге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық.

ҚР қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша легализациялаудағы предикаттық құқықбұзушылықтың сипатының маңыздылығы. Заңсыз табыстарына айналымдағы заңды мүлік ретіндегі статустың берілуі легализациялаудың маңызды белгісі ретінде. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен басқа да мүлікті легализациялау қылмысын саралаудағы даулы сұрақтар.

Экономикалық контрабанда қылмысын мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның жасауы, егер осы әрекеттер қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан болса. Экономикалық контрабанданы кеден саласындағы басқа қылмыстардан ажырату.

Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 38,69, 86.

Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 92,93






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных