Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Коррупциялық қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық тәжірибе




1-дәріс

1. Коррупция туралы халықаралық заңнама

2. Халықаралық құқықтағы коррупция түсінігі

3. Халықаралық заң бойынша және жеке мемлекеттердегі заңнама бойынша коррупциялық қылмыстардың түсінігі және нысандары

Соңғы жылдары коррупцияға қарсы әралуан мемлекеттердің ынтымақтасқан күштерінің біріктірілуіне байланысты бірсыпыра халықаралық құжаттар қабылданған болатын. Олардың қатарында келесі құжаттарды көрсетуге болады: 1) Коррупцияға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы (Бас Ассамблеяның 2003-ж. 31-қазанындағы резолюциясымен қабылданған); 2) Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы БҰҰ Конвенциясы (Бас Ассамблеяның 2000-ж. 15-қарашасындағы резолюциясымен қабылданған); 3) Терроризмді қаржыландыруға байланысты күрес туралы халықаралық конвенция (Бас Ассамблеяның 1999-ж. 9-желтоқсанындағы резолюциясымен қабылданған); 4) Халықаралық коммерциялық операциялардағы коррупция мен парақорлыққа қарсы күрес туралы БҰҰ Декларациясы (Бас Ассамблеяның 1996-ж. 16-желтоқсанындағы резолюциясымен бекітілген); 5) Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексі (Бас Ассамблеяның 1996-ж. 12-желтоқсанындағы резолюциясымен қабылданған); 6) Лауазымды тұлғалардың құқықтық тәртіпті сақтау бойынша әрекеттерінің кодексі (Бас Ассамблеяның 1979-ж. 17-желтоқсанындағы); 7) Лауазымды тұлғалардың құқықтық тәртіпті сақтау бойынша әрекеттерінің кодексін тиімді іске асыруға арналған жетекші қағидаттар (БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 1989-ж. 24-мамырындағы резолюциясында бекітілген); 8) Коррупцияға қарсы күрес шаралары. Ақшаны заңдастыруға қарсы шаралар. Қылмыстылық және сот төрелігі туралы Вена декларациясын жүзеге асыру бойынша әрекеттер жоспары: ХХІ ғасыр талаптарына жауап (Бас Ассамблеяның 2002-ж. 15-сәуіріндегі резолюциясымен қабылданған); 9) Коррупция үшін қылмыстық жауаптылық туралы Европа Кеңесінің Конвенциясы (Страсбург, 1999-ж. 27-қаңтар); 10) Коррупция үшін азаматтық құқықтық жауаптылық туралы Европа Кеңесінің конвенциясы (Страсбург, 1999-ж. 9-қыркүйек); 11) Коррупцияға қарсы күрестің 20 қағидаты (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 1997-ж. 6-қарашада қабылдаған); 12) Мемлекеттік қызметкерлердің мінез-құлқының үлгі кодексі (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 2000-ж. 11-мамырда қабылдаған); 13) Қылмыстық әрекеттерден алынған табыстарды заңдастыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы Европа Кеңесінің конвенциясы (Страсбург, 1990-ж. 8-қараша); 14) Саяси партиялар мен сайлау кампанияларын қаржыландырудағы коррупцияға қарсы Ортақ ережелер (Европа Кеңесінің Министрлер комитеті 2003-ж. 8-сәуірде қабылдаған); 15) Бір жағынан Ресей Федерациясы, екінші жағынан Европа қауымдастығы мен оған мүше мемлекеттердің серіктестігін бекіткен Серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісім (Корфу, 1994-ж. 24-маусым); 16) Ақшаны заңдастыруға қарсы Париж декларациясы (Ақшаның заңдастырылуына қарсы күрес бойынша Евроодақтың парламенттік конференциясының қорытынды декларациясы, 2002-ж. 8-ақпан); 17) ТМД қатысушыларының қылмыстылыққа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы Келісімі (Мәскеу, 1998-ж. 25-қараша); 18) «Антикоррупциялық саясат туралы заңнама негіздері» заңының үлгісі (2003-ж. 15-қарашасында ТМД ПАА ХХІІ пленарлық отырысында қабылданған); 19) «Коррупцияға қарсы күрес туралы» заң үлгісі (1999-ж. 3-сәуірде ТМД ПАА ХІІІ пленарлық отырысында қабылданған); 20) «Заңсыз жолмен алынған табыстарды легализациялауға қарсы тұру туралы» заң үлгісі (1998-ж. 8-желтоқсандағы ТМД ПАА ХІІ пленарлық отырысында қабылданған); 21) «Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес туралы» ұсынылатын заң актісі (1996-ж. 2-қарашада ТМД ПАА қаулысымен қабылданған). 1990-ж. тамыз айында қылмыстық әрекеттерден алынған табыстарды заңдастыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы Европа Кеңесінің конвенциясы қабылданды, онда қылмыстың осы түріне қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың қылмыстық құқықтық та, азаматтық құқықтық та аспекттері анықталған болатын.

1996-ж. қарашасында Европа Кеңесінің министрлер комитеті коррупцияға қарсы күрес бойынша іс-шаралар бағдарламасын қабылдады.

БҰҰ коррупцияға қарсы конвенциясы 2003-ж. 31-қазанында қабылданып, коррупцияның қоғам өмірінің қай саласында болмасын дамуы мен таралуына тосқауыл болатын кешенді әмбебап халықаралық шарт болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының коррупцияға қарсы халықаралық күрес туралы анықтамалық құжатында былай анықтама аталған: «коррупция – бұл жеке басына пайдала алу үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану». Мұндай анықтаманы БҰҰ Хатшылығының коррупцияға қарсы күрес бойынша негіздерінде де көруге болады. Осы құжатқа сәйкес коррупцияға мыналар енгізілген:

а) лауазымды адамдардың мемлекеттік меншікті ұрлауы, талан-тараждауы және иемденіп алуы;

б) ресми мәртебесін ресми емес пайдалана отырып, ешбір негізсіз жеке басына пайдала алу үшін (льготалар, артықшылықтар) қызмет бабын теріс пайдалану;

в) қоғамдық парыз бен жеке басының пайдақорлығы арасындағы мүдделер конфликті. 1996-ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының 51-сессиясында қабылданған мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексінде коррупцияға тура анықтама берілмеген. Алайда, ондағы лауазымды тұлғаларға жүктелетін шектеулерді ескеретін болсақ, кодекс құрастырушылары коррупцияға әлдебір адамдар тобына немесе жеке бір тұлғаға басқаларына қарағанда ешбір негізсіз артықшылықтар көрсетуді; мемлекеттік лауазымды адамдардың өзінің ресми жағдайын жеке басына немесе отбасына өнегесіз пайда түсіру мақсатында пайдалануды; сонымен бірге олардың ресми функцияларын атқаруына қатысы жоқ қызмет үшін мемлекеттік ақша қаражаттарын, меншікті, қызметтерді, өз қызметтік міндеттерін атқару барысында алған ақпаратты пайдалануды; сол сияқты ресим лауазымдарынан кеткен соң да қызмет бабын теріс пайдалануды жатқызатынын аңғаруға болады.

Коррупция түсінігі Европа Кеңесінің коррупция бойынша салааралық тобының да жұмысшы анықтамасында кеңейтілген: «коррупция дегеніміз парақорлық және мемлекеттік не жеке секторда әлдебір тапсырыстарды орындау жүктелген адамдардың оларға берілген мемлекеттік лауазымды тұлға, жеке қызметкер, тәуелсіз агент немесе басқа стутусқа сәйкес келмейтін кез келген әрекеттері және оның мақсаты өзі не басқа адамдар үшін кез келген заңсыз пайда алу болып табылады».

Мұнда келтірілген анықтамалардан көріп отырғанымыздай, коррупция феномені белгілеріне келесі белгілер енгізілген: коррупциялық әрекеттерді жасауы мүмкін адамдар шеңбері; осы әрекеттер жасалуы мүмкін салалар; мұндай әрекеттердің мақсаттары – пайда, материалдық сипаттағы артықшылықтарға ие болу; сол сияқты аталған әрекеттердің жасалуына мүдделі болатын адамдарды анықтау – қызметкердің өзі және оған заңсыз сыйақылар беретін үшінші тараптар.

2-дәріс

1. Шетелдердегі коррупциялық қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттары мен формалары

2. Коррупциялық қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық

Қазіргі заман барған сайын өзара байланысқан, өзара тәуелді әрі динамикалық қарқынды болып келеді. Елдер арасындағы әралуан шаруашылық және сауда қатынастары терең тамырын жайып, дамып келеді. Нақты мемлекеттердегі саяси билікке халықаралық ұйымдар тарапынан қысым арта түсіп, мемлекеттердің коррупцияға ортақ тосқауыл қоюға бағытталған ынтымақтастығының маңыздылығы айқындалып келеді. 2003-ж. 31-қазанындағы Бас Ассамблеяның қабылдаған коррупцияға қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында оған қатысушы мемлекеттерді коррупция пайда еткен қауіп-қатерлер толғандыратынын ерекше атап өтуі де содан болар. Сонымен бірге, мұнда (Конвенцияда) коррупциялық қылмыстылықтың ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз байланысқаны, экономикалық қылмыстылыққа сіңіскені де аталған.

Трансұлттық коррупцияның етек алуы толғандырған халықаралық қауымдастық шетелдегі мемлекеттік лауазымды тұлғаны сатып алғаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізуді талап етеді. Ондай норманы іске қосқан елдердің бастапқыларының қатарында АҚШ бар. 1977-ж. АҚШ-тың ірі корпорацияларының шетелдік тапсырыстарды алу үшін парақорлыққа барған айғақтары анықталып, расталған соң, шетелдік коррупциялық тәжірибе туралы заң қабылданған болатын (ФКПА). Санкциясы – корпорациялар үшін 2 млн АҚШ долларына дейін және жеке тұлғаларға 5 жылға дейін түрмеге қамау. Мұндай әрекеттер стандарттық біржолата анықталған бағалары болмайтын, алайда алуан деңгейдегі мемлекеттік лауазымды адамдарға берілетін таксалары болатын ұшақтардың, кемелердің, қару-жарақтың, әскери техниканың, мұнай өнімдерінің халықаралық саудасында кең орын алады. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының арнайы комиссиясы халықаралық коррупцияға қарсы күрес шараларының ұсыныстарын жасаған.

Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 64, 71, 92, 94-96.

Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген 101, 102






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных