Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары




1. Пара алу заты заңда қалай аталған?

A) ақша және басқа да мүлік;

B) ақша, бағалы қағаздар, басқа да мүлік, мүлікке құқық немесе мүліктік сипаттағы артықшылықтар түріндегі пара;

C) материалдық дүние заттары.

 

2. Пара алу құрамының аяқталу мезеті:

A) пара берушінің мүддесіне бола әрекеттерді (әрекетсіздікті) жүзеге асыра бастау;

B) тараптар арасында пара алу-беру туралы келісімге келген мезет;

C) параның бір бөлігін алған мезеттен бастап.

 

3. Егер пара беруші өзінің оны өзінің жеке мүдделеріне бола емес, мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке ұйымдардың мүдделеріне бола істеген болса, онда ол қалай сараланады?

A)пара беру;

B) парақорлыққа делдалдық;

C) пара беруге азғыру.

 

4. Пара беру арқылы өз қол астындағы қызметкерлеріне қажетті мақсаттарға жетуге ұсыныс жасаған кәсіпорын, мекеме не ұйым басшысының әрекеттері қалай сараланады?

A) пара беру;

B) пара беруге азғыру;

C) пара беруді ұйымдастыру.

 

5. Парақорлықтағы делдал:

A) пара берушінің немесе пара алуышының тапсырысымен пара затын беретін адам;

B) пара берушінің немесе пара алуышының тапсырысымен пара затын сыйақы үшін беретін адам;

C) басқа адамды пара беруге-алуға азғырған және сонымен бірге делдалдық функцияларды атқарған адам;

D) пара алушы мен пара берушінің арасында параны алу мен беру туралы келісімнің жасалуына қолдау көрсеткен адам.

 

6. Пара беруді ұйымдастырған, оның берілуіне азғырған не болмаса пара беруге көмектесуші болған және сонымен бірге делдалдық функцияларды атқарған адам әрекеттері қалай сараланады?

A) парақорлыққа делдалдық;

B) пара беруге қатысу;

C) қылмыстардың жиынтығы бойынша: пара беруге қатысу және парақорлыққа делдалдық.

 

7. Параны адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен алу дегеніміз:

A) арнайы субъекттің белгілеріне ие екі немесес одан да көп адамның қылмысты жасау туралы алдын ала сөз байласып, пара алуы;

B) қылмысты алдын ала жасау туралы келіскен екі немесе одан да көп адамның қатысуымен жасалған пара алу;

C) қатысушылардың біреуінде ғана арнайы субъект белгілері болатын, ал қалғандарында қатысушының басқа белгілері (ұйымдастырушы, азғырушы, көмектесуші) болатын пара алу.

 

8. Басқа арнайы субъектпен алдын ала келіспестен параны алған, алайда пара берушінің мүддесіне бола оның бір бөлігін аталған тұлғаға берген арнайы субъекттің әрекеттері қалай сараланады?

A) пара алу;

B) пара беру;

C) пара алу және беру.

 

9. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып пара алуында пара мөлшері қалай анықталады?

A) алынған құндылықтар мен қызметтердің жалпы құнына қарай;

B) топтың жеке адамдарының алған құндылықтары мен қызметтеріне қарай;

C) пара алушының әрқайсысының алған материалдық пайдасының ақшалай сомасы немесе мөлшеріне қарай.

 

10. Төмендегілердің қайсысы параны бірнеше рет алу-беру ретінде сараланады?

A) бір мезетте бірнеше адамнан пара алу, егер олардың әрқайсысының мүддесіне бола жеке әрекеттер жасалатын болса;

B) пара берушінің мүдделеріне бола әлдебір әрекеттерді орындағаны немесе орындамағаны үшін параны бірнеше кезекпен алу-беру;

C) адамдар тобының алдын ала сөз байласып арнайы субъекттің белгілеріне ие бірнеше адамға пара беру.

 

11. Параны қорқытып алу болып табылмайды:

A) пара берушінің заңды мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерді жасау қатерімен пара беруді талап ету;

B) өзінің құқықтық мүдделерін қорғау мақсатында адам пара беруге мәжбүр болатын жағдайға жеткізу;

C) адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпаратты тарату қатерімен мүлікті беруді талап ету.

 

12. Параның ірі мөлшері:

A) жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын құнды қағаздардың, ақшның, басқа да мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;

B) бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын құнды қағаздардың, ақшның, басқа да мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны;

C) бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын құнды қағаздардың, ақшның, басқа да мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны.

 

13. Егер арнайы субъект белгілеріне ие адам пара алудан бас тартатын болса, онда кінәлінің (пара берушінің) әрекеттері қалай сараланады?

A) аяқталған пара беру;

B) пара беруге оқталу;

C) пара беруге дайындалу.

 

14. Параны мемлекеттік функуцияларды атқаруға уәкілетті адамға беру үшін деп алып жатқан адамның әрекеттері қалай сараланады?

A) пара алу;

B) пара алуға оқталу;

C) алаяқтық.

15. Мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сонымен бірге ҚР Қарулы Күштерінде, ҚР басқа әскерінде немесе әскери құрамаларында тұрақты, уақытша немесе арнайы уәкілеттілік бойынша ұйымдастыру-өкімдеуші немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдарды қалай атайды?

A) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдар;

В) жауапты мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдар;

C) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдарға теңестірілген адамдар;

D) мемлекеттік ұйымдарда және жарғы капиталында мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем түспейтін ұйымдарда басқармалық функцияларды атқаратын адамдар;

E) лауазымды адамар.

 

16. Лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланудың аяқталу мезеті:

A) азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның не мемлекеттің заң қорғауындағы мүдделеріне елеулі зиян келтіру;

B) аса ірі зиян келтіру;

C) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның қызмет бабын пайдалануы;

D) ауыр зардаптардың орын алуы.

 

17. Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану қылмысының субъектісі:

A) коммерциялық ұйымда басқармалық функцияларды атқаратын адам;

B) коммерциялық емес ұйымда басқармалық функцияларды атқаратын адам;

C) коммерциялық немесе басқа ұйымда басқармалық функцияларды атқаратын адам;

D) мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілетті немесе оған теңестірілген адам.

 

18. Лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланудың субъективтік жағы:

A) тек тура қасақаналық

B) тура қасақаналық пен өзі не басқа адамдар үшін пайда және артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы;

C) тура немесе жанама қасақаналық және басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы;

D) қасақаналық және пайдакүнемдік қызығушылық.

19. Төмендегілердің қайсысы лауазымды адамдар қатарына жатпайды?

A) Билік өкілдері

B) Ұйымдастыру-өкімдеуші функцияларды атқарушылар

C) Күзету-техникалық функцияларды атқарушылар

D) Әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқарушылар

 

20. Төменде көрсетілген қылмыстардың қайсысы коррупциялық емес?

A) Лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307-бабы)

B) Пара алу (ҚР ҚК 311-бабы)

C) Пара беру (ҚР ҚК 312-бабы)

D) Экономикалық контрабанда (ҚР ҚК 209-бабы 3-б. «а» тармағы)

E) Айналымнан алынған немесе айланымы шектелген заттардың қызмет бабын пайдалана отырып контрабандасы (ҚР ҚК 250-бабы 2-б. «б» тармағы)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных