Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Патогенді микробтардың қасиеттері




Патогенді микробтар – ұзақ мерзімді қатал эволюциялық даму барысында сапрофиттерден пайда болған паразиттер. Бұл кезде олар ферменттік жүйелерінің бірқатарын жоғалтқан. Өйткені көптеген заттарды дайын түрінде оларға макроорганизм береді. Олар әртүрлі органдарда, тіндерде және жасушаларда гетеротрофты паразиттік қоректену типіне бейімделген. Жасушаішілік паразиттік тіршілік ету қабілеттілігіне қарай осындай микробтарды үш топқа бөлуге болады:

-жасушаішілік облигатты(нағыз) паразиттер,

Жасушаішілік факультативті (салыстырмалы) паразиттер және

Жасушадан тыстық облигатты паразиттер.

Облигатты жасушаішілік паразиттер өзінің қоректік қажеттілігін тек қана жасушаішілік тіршілік ету жағдайында қанағаттандырады. Жасуша микробтардың метаболизмдік, энергетикалық, генетикалық және ақуызсинтездеушілік қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, оларды жасуша мембранасы арқылы өтпейтін, антиденелердің, фагоциттердің, бактериофагтардың және антибиотиктердің әсерінен қорғайды. Жасуша -ішілік паразиттер жасуша ішінде сақталуға және өсіп-өнуге жақсы бейімделген. Жасушаішілік инфекция дамуында нысана-жасуша макрофагтар болып табылады, мұндай рөлді жасушалар атқаруы мүмкін. Бұл макрофагтардың микробтарды белсенді түрде жұтып-сіңіру қабілеттілігімен байланысты, ал микробтар өз кезегінде аяқталған фагоцитоздан қорғайтын механизмге ие болған. Облигатты жасушаішілік паразиттерге вирустар, риккетсиялар, хламидиялар, алапес, безгек, токсаплазмоз қоздырғыштары жатады.

Факультативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады Оларға туберкулез, туляремия, соз, менингококты инфекция қоздырғыштыры, салмонеллалар, шигеллалар және басқа микробтар жатады.

Облигатты жасушадан тыс паразиттер – жасуша ішіне кірмейтін, бірақ жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен, таралатын микробтар. Мысалы, мұндай микробтарға тырысқақ қоздырғышы, лептоспиралар, микоплазмалар т.б. микробтар жатады. Жасушадан тыстық паразиттердің агрессиялық және инвазиялық (нейраминидаза, гиалуронидаза т.б.) экзоферменттер өндіру қабілеттілігі болады.

Патогенді микробтардың бірқатар қасиеттері соның ішінде ең алдымен патогенділігі болуы керек.

Патогенділік (син.: аурутуғызушылық) – ол микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы потенциалдық қабілеттілігі, яғни осы микроб үшін табиғи жұғу жағдайында тиісті ие организміне ену, онда өсіп-өніп көбею, гомеостаздың әртүрлі бұзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі.. Бұл тұқымқуалайтын түрлік, генетикалық детерминантталған белгі. Қабылдамаушы макроорганизмде микроб патогенділігі іске аспай қалады, өйткені ол үшін жағдай жоқ, адгезиялану және колонизациялану болмайды, микроб өзінің тіршілік ету қабілеттілігін жоғалтады және өледі. Қабылдаушы организмде олардың көбеюі белсенді түрде жүреді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных