Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Патогенді микробтарға нозологиялық спецификалық (грек: nosos – ауру, logos - ілім) және органотроптылық тән.




Нозологиялық тәнділікол қабылдаушы организмнің қайсысына түскеніне қарамастан патогенді микробтардың әрбір түрі тек қана соған сәйкес инфекциялық процесс және де патологиялық реакциялардың кешенді симптомдарын қоздыру қабілеттілігі. Сонымен, S.typhi тек қана – іш сүзегін, ал N. meningitidis – менингококты инфекция қоздырады. Қоздырғыштардың осындай спецификалығы өздігінше нозологиялық түр ретінде жекеленген жұқпалы ауруларға клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік береді. Шартты-патогенді бактерияларда осындай нозологиялық тәнділік болмайды.

Органотроптылық – ол биохимиялық қасиеттері бойынша микробтардың тіршілігі үшін ең қолайлы жасушаларда, тіндерде, және ағзаларда қоныстану және оны зақымдау қабілеттігі. Мысалы, ауалы-тамшылы инфекциялардың қоздырғыштары тыныс алу жолдарын, ал ішек инфекцияларының қоздырғыштары – асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.

Егер микробтар олар бейімделмеген ортаға түссе, онда инфекциялық процесс дамымайды, дами қалған жағдайдың өзінде процесс атипті түрде өтеді.

Микробтардың паразиттік қасиетінің айқындылығы азайған сайын олардың спецификалығы мен орган-троптылығы да азаяды, мұндай қасиет шартты-патогенді микробтарға тән.

Патогенді микробтар макроорганизмге сынақшы немесе инфицирлеуші дозада (син. патогендік доза) енуі керек. Микробтар макроорганизмге инфицирлеуші дозадан аз мөлшерде түссе инфекциялық процесс дамымайды. Инфицирлеуші доза микробтардың тіндерге тұрақты адгезиялануы, колонизациялануы және инвазиялануы үшін қажет. Егер инфицирлеуші доза аз болса микроб макроорганизмге түскен кезде бейспецификалық қорғаныс факторлардың (асқазанның қышқылдылығы, ферменттер т.б.) әсерінен қырылады, себебі адгезиялану және колонизациялану тежеледі. Инфицирлеуші доза салыстырмалы шама болып табылады. Микробтардың әрбір түріне тән инфицирлеуші дозасы болады. Мұндай доза жұқпалы ауру ағымының ерекшелігі мен байқалуына (жасырын кезеңнің ұзақтылығы, ауру барысы т.б.) ғана емес, сонымен қатар инфекция қоздырғыштарының ең тиімді және мүмкін болатын берілу факторларына әсер етеді. Инфицирлеуші доза көрініс беруі үшін макроорганизмге түскен микробтар санымен қатар, олардың жасуша қабығының бетіндегі (беткейлік бірлігінің) тығыздығы және эукариоттық жасушаларда тиісті рецепторлар болуының маңызы күшті. Бір қатар жұқпалы аурулар пайда болуы үшін жұқпалы дозаның аз болатыны осымен түсіндіріледі. Инфекциялық процестің дамуы мен байқалуында инфицирлеуші дозадан басқа микробтардың репродукциялану жылдамдығы да маңызды рөл атқарады, ол макроорганизмге түскен микроб популяциясының көбею мүмкіндігін анықтайды.

Патогенді микробтар тыбиғи жағдайда макроорганизмге тиісті инфекцияның кіру есігі арқылы енуі қажет. Сонымен қатар макроорганизмге әр түрлі кіру есіктері арқылы енетін патогенді микробтар бар, мысалы, пантропизмдік қабілеттілігі бар зооноздардың қоздырғыштары. Микробтар дозасы, олардың берілу жолдары, инфекцияның кіру есігі және жұқпалы аурулардың клиникалық көріністерінің неше түрлі болуының арасындағы байланыс дер кезінде диагноз қоюды қиындататындығы анықталған. Жұғу механизмі және оған тиісті берілу жолдары микробтардың макроорганизмде орналасуына әсер етеді.

Берілу механизміне және инфекция таралуына әсер ететін микробтардың организмнен бөлініп шығу жолдары мен тәсілдерінің де макроорганизмге микробтардың ену жолдары сияқты спецификалығы болады. Мысалы, ауалы-тамшылы инфекцияларда – тыныс алу ауасымен, ішек инфекцияларында – нәжіспен микробтар сыртқа шығады. Генерализацияланған инфекциялар кезінде мұндай заңдылық болмайды, өйткені қоздырғыш қанмен әр түрлі ағзалар мен тіндерге түседі. Сондықтан микроб барлық мүмкіндік жолдармен (нәжіспен, несеппен, өтпен, қақырықпен т.б.) шыға алады, және де қансорғыш буынаяқтық жәндіктер арқылы берілуі мүмкін.

Патогенділік факторлары генотиптік түрлік белгі бола тұрғанмен фенотиптік өзгергіштікке ұшырауына байланысты патогенділік дәрежесін белгілеу үшін «вируленттілік»(лат.: virulentis - улы) деген түсінік енгізілген. Патогенділік – ол осы микроб түрінің инфекциялық процесс қоздырушы потенциалды қабілеттілігі, ал вируленттілік – инфекциялық процесс дамуын қоздыра алатын тек қана осы микроб штамына тән өзгермелі индивидуалдық қасиет. Ол патогенділіктің өлшемі, оның сапалық сипаттамасы немесе генотиптің фенотиптік көрінісі.

Осындай белгісіне қарай микробтың нақты түрінің барлық штамдарын бірнеше топқа бөлуге болады: жоғарғы-, шамалы-, әлсіз вируленттілер және вирулентсіздер (авируленттілер).

Зертханалық жағдайда микробтардың вируленттілігін және олардың токсиндерінің күшін летальдық (LD) және инфицирлеуші (ID) дозалары бойынша анықтайды. Мұндай өлшем шамаларын шартты қабылданған бірліктермен белгілейді. Летальдық (өлім туғызушылық) доза – ол тәжірибеге алынған жануарлардың нақты санын (%) тиісті мезгілде өлім туғызатын тірі қоздырғыштың немесе токсиннің ең аз мөлшері. Инфицирлеуші доза - ол тәжірибеге алынған жануарлардың тиісті санында (%) жұқпалы ауру қоздыра алатын тірі микробтардың ең аз мөлшері.

Өлшем шамаларының басқа да түрлері:

Dcl (dosis certa letalis) – ол тиісті мерзім уақытында тәжірибеге алынған жануарлардың 100% өлімге әкелетін тірі микробтың немесе оның токсинінің ең аз мөлшері. Бұл – сөзсіз өлім туғызатын доза.

Dlm (dosis letalis minima) – ол тиісті мерзім уақытында тәжірибеге алынған жануарлардың 95% өлімге әкелетін тірі микробтың немесе оның токсинінің ең аз мөлшері.

ID 100 - ол тәжірибеге алынған жұқтырылған эксперименттік жануарлардың 100% жұқпалы ауру қоздыра алатын тірі микробтың ең аз мөлшері.

LD 50 көрсеткіші жиі қолданылады – ол тәжірибеге алынған жануарлардың 50% тиісті мерзім уақытында өлімге әкелетін тірі микробтың немесе оның токсинінің ең аз мөлшері.

ID 50 – ол тәжірибеге алынған жұқтырылған эксперименттік жануарлардың 50% жұқпалы ауру қоздыра алатын тірі микробтың ең аз мөлшері.

Тәжірибе қойғанда эксперименнтік жануарлардың түрі, жынысы, жасы, салмағы, күтім жағдайы және толыққұнды қоректенуі ескерілуі қажет, өйткені аталған жағдайлар оларда иммундық жүйенің қалыптасуымен және белсенділігімен байланысты.

Тәжірибе мақсатына қарай әр түрлі жұқтыру жолдарын қолданады (ауыз арқылы, интраназальды, тамыр ішіне, бұлшық етке, құрсақ ішіне, интрацеребральды т.б.).

Тәжірибе нәтижесі дәлірек болуы үшін экспериментке жануарлар санын көбірек алған жөн. Генетикалық жолмен алынған, мысалы, инбредті жануарларда тәжірибе жүргізгенде ең сенімді біркелкі нәтижелер алады. Инбредті (ағыл.: in- ішінде, breeding- көбейту) жануарлар – ол, жақын туыстас ата-аналықтарды 20 жыл және одан да көп уақыт бойы бір-бірімен шағылыстыру арқылы алынған туыстас гомозиготты жануарлардың ұрпағы. Мұндай жануарлар генетикалық жағынан біркелкі, өйткені гомозиготтылық 100%-ға жеткізіледі.

Физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен генотиптің фенотиптік көрінісі ретінде вируленттілік қасиет жоғарылауы да және төмендеуі де мүмкін. Ұзақ уақыт бойы бактерияларды жасанды қоректік орталарда дақылдандырғанда немесе микробтарды сезімталдығы төмен жануарлар организмі арқылы қайта-қайта жұқтырып (пассаж) өткізгенде вируленттілік қасиеті төмендеуі мүмкін. Вируленттілігін толық жоғалту генотипінің өзгеруімен байланысты. Керісінше, микробтарды ұзақ мерзімде сезімталдығы жоғары жануарлар организмінен қайта-қайта жұқтырып өткізгенде, лизогенизациялану кезінде, және де мутациялану, рекомбинациялар нәтижесінде вируленттіліктің жоғарылауы байқалады. Вируленттіліктің осылай өзгеруі вакциналық штамдар алғанда ескеріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных