Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ызмет және жөңдеу жұмыстарының өндірістік технологиясы




 

Көліктерді келесі техникалық қызмет көрсету түрлері қамтиды: күнде өткізілетін техникалық қызмет көрсету (ЕО), бірінші техникалық қызмет (ТҚ-1), екінші техникалық қызмет (ТҚ-2) және аралық жөңдеу.

Күнде өткізілетін техникалық қызмет (ЕО) қозғалмалы құрамның техникалық жағдайын, атап айтқанда жолда қауіпсіз жүру жолын, қажетті эксплуатациялық материалдармен қамтасыз етуіне жауап береді.

Кезең аралық уақытта күнде өткізілетін техникалық қызмет көрсетуде басқару құрылғыларын, жарықтандыру аспаптарын, кузовты бақылау-тексеру жұмыстарын қамтиды. Сонымен қатар, жуу-жинау жұмыстары, құрғату операциялары және маймен, отынмен, суыту сұйықтармен кешенді жұмыстарымен қамтамасыз етілдеі.

Бірінші және екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1 және ТҚ-2) жұмыстары уақытылы қадағалау арқылы көліктің агрегаттар мен құрылғылар тозуын алдын алып, істен шығуын төмендету.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1) көлікің толық сыртқы жағдайын бақылап, қозғалтқыш, рульдік басқару, тежеу құрылғыларын толық тексеруден өткізеді. Оның барлық құрылғыларымен бөлшектерін бүтіндігіне бақылау қажет. Ең бастысы, аталған жұмыстар өзінің белгілі бір нақты бекітілген нормативтік база бойынша, жүрген жол көлемі бойынша іске асырылады.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) құрылғыларды және аспаптарды толықтай тереңдетілген техникалық тексеруден өткізеді. Электр құрылғылары және қоректендіру аспаптары ажыратылып, цехқа бақылау, әрі ретке келтіру үшін жеткізіледі. Барлық құрылғылар көліктің қозғалыс уақытында пысықталады[1].

Көлікті ағымды жөңдеуден өткізуде шағын жөндеу жұмыстары сияқты және бөлшектерді, агрегаттарды, қосылысты құрылғыларды ауыстыру аралық аусым уақытта іске асырылады. Жүргізушінің тапсырысымен немесе линиядан келгенде бақылаудан өткізілгенннен кейін анықталған шағын ауытқушылықтар жөңделеді.

Жөңдеу бөлімшесінің технологиялық процесінің схемасы.

Радиаторлар, отын сиымдылықтары, отынды-майлы құрылғылар тікелей медниттік бөлімшеге жеткізіледі. Оларды жуып, қадағалап, кейін жөңдеу жұмыстарына және тәжірбиеден өткізуге көшеді. Осы бөлімшеде келесі жұмыстар атқарылады: бөлшектерді тоттан және кірден тазартады, тесіктерді жамайды, отын құбырларын бүтіндігіне тексереді, бөлшектерді антифрикциялық қоспалармен құйып, басқа да қалпына келтіру жұмыстарыен айналысады.

Қозғалтқыштарды жөңдеу бөлімшеге қосалқы агрегаттарды бұзылмаған жағдайда әкелінеді. Осында оларды жөңдеп, тексереді. Толық жиналған қозғалтқыштарды тәжірбиеден өткізіп, соңғы тексеруден өткізеді. Түйіндерді верстактарда жинайды. Агрегаттарды стендтерде жинайды. Жиналған агрегаттарды тексеріп, тәжірбиеге салады.

Көліктерден ажыратылған электр құрылғылардың аспаптарын, барлық сымдарымен электр құрылғылар жөңдеу бөлімшесіне жібереді. Осы жерде олар толық кешенді жөңдеу операциялардан өткізіледі (бұзу, бақылау және іріктеу, жинау, тексеру және сырлау). Жаңа сымдарды жөңдеп, іріктеу жұмыстарын тиянақтайды. Жөңделген электр құрылғылардың аспаптарын сымдармен қоса ағымды тексеру және ағымды жөңдеу бөлімшелеріне жеткізіледі.

Түзету жұмыстарына ақаулардың сипатына қарай деформацияланған қабаттардың ойлы-қырлылығын қалпына келтіру, сонымен қатар, шанақтың бұзылған геометриялық көлемін түзету және т.б. жұмыстар жатады.

Дәнекерлеу жұмыстары қаңылтырлау - түзету жұмыстарының ажыратылмайтын бөлігі болып саналады. Барлық жөндеу жұмыстары дәнекерлеу жұмыстарын талап етеді. Түзету цехында ТҚС - да газды және нүктелі дәнекерлеу жұмыстары жүргізіледі, ал дәнекерлеу цехында электр доғалы дәнекерлегішті қолданады [1].

Жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлегіш бұзылған бөлікті алып тастау үшін, түзету жұмыстарында, шанаққа бөлшектер мен жаңа бөліктерді және қосымша бөлшектерді орнату кезінде, сонымен қатар, жарықтарды қайнатуда қолданылады. Дәнекерлеу, қаңылтырлау учаскелерінде 3 адам жұмыс атқарады.

Сырлау бөлімі ескі лакты сырлы қабатты алып тастап сырлау, жергілікті бүлінген жерлерді сырлауға, шанақтың жекелеген бөлшектерін және басқа да әртүрлі сақтандырғыш қабаттарды жағуға арналған.

Сырлаудың жалпы технологиялық үрдісіне үстіңгі қабаттарды сырлауға дайындау, алғашқы бояу, саңылауларды тығындау, тегістеу, аралық және сыртқы жабын қабаттарын жағу жұмыстары жатады. Сонымен қатар, кептіргіш камерада әрбір қабатты жағар кезде атқаруға қарастырылған кептіру режимін сақтау керек.

Үстіңгі қабатты сырлауға дайындау жұмыстары әртүрлі құрылғылар мен құрал - саймандардың көмегімен жергілікті жеңіл сырлап көрумен жүзеге асырылады. Шанақты сырлау және жергілікті жеңіл сырлап көру жұмыстарын сыр бүріккіш пистолетпен сырды ауа қысымымен бүрку тәсілі арқылы жүзеге асырады.

 

Ндірістік орындар

 

ЖШС «Өрлеу - 2012» территориясында ағымды жөңдеу және тексеру зоналары, жылы гараж, жуу учаскісі және жөңдеу зоналары кіретін: вулканизация, қозғалтқышты-агрегатты, меднитік, аккумуляторлы, электротехникалық және слесарлы-механикалық бөлімдер орналысқан.

Слесарлы-механикалық бөлімде тетіктерді қалпына келтіру бойынша слесарлы және механикалық жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстарға келесі операциялар жатқызылады: тетіктерді механикалық өңдеуден кейінгі дайындамалар, тетіктерді пісіруге дайындау жұмыстары, пісіруден кейінгі өңдеулер, жөңдеу өлшемдеріне сәйкестендіретін механикалық өңдеулер және басқа да қалпына келтіру операциялары.

Меднитік бөлім радиаторларды, отын бактерін, отын және май құбырларын жөңдеуге арналған.

Аккумуляторлы бөлім қоректендіру батареяларын жөңдеу, қалпына келтіру және қуаттандыруға арналған.

Электротехникалық бөлім сымдардың жинақталуын, генератор, стартер және тағы басқа электр жабдықтар, құралдар, агрегаттарды жөңдеу және тәжірбие өткізуге арналған.

Қозғалтқышты-агрегатты бөлім қозғалтқыштарды жөңдеу, бұзу және жинау, тәжірбие өткізуге, әрі қосалқы агрегаттарды жөңдеуге арналған.

ТҚ 1, ТҚ 2 және ағымды жөңдеу жұмыстары біріккен түкпірдегі посттарда іске асырылады. Әрбір постта өзінің шығу-кіру қақпалары бар.

Өндірісте жуу-жинау жұмыстарын іске асыру үшін екі линиялы жуғыштар орнатылған[1].

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных