Тақырып: Файлдық айнымалыларды қолдану арқылы программалар құру
Зертханалық сабақ тапсырмасы:
1. Жолаушының жүгі заттармен және олардың жалпы салмағымен сипатталады. F файлы берілген,онда бірнеше жолаушылардың жүгі туралы мәлеметтер бар. Әр бір жолаушының жүгі туралы мәлімет екі саннан турады:
а) әр бір заттың орта салмағы, жалпы ортақ салмағынан айырмашылығы 0.3 кг-ден аспайтын жүкті табу керек;
ә) екіден астам заты бар жолаушылардың санын және орта санынан асатын жолаушыларды табу керек;
б) заттарының саны бірдей, ал олардың салмағының айырмашылығы 0.5 кг-нан аспайтын екі жолаушыны анықтау;
в) заттардың және олардың салмағымен басқалардан асатын жолаушыны табу;
г) жүгі бір заттан тұратын және оның салмағы 30 кг-нан аспайтын жолаушы бар ма, соны анықтау керек;
д) кез келген басқа жүгі заттар саны аз емес, ал салмағы көп емес жүгі туралы мәлімет беру керек.
2. Оқушы туралы мәлімет оның аты-жөнінен, оқып жүрген сыныптың атынан (оқып жүрген жылы және әріптер) тұрады. Ішінде мектеп оқушылары туралы мәліметтері бар f файлы берілген:
а) мектепте фамилиясы бірдей оқушылар бар ма, соны анықтау керек;
ә) параллель сыныптарда фамилиясы бірдей оқушылар бар ма, соны анықтау керек;
б) қандай да бір сыныпта фамилиясы бірдей оқушылар бар ма, соны анықтау керек;
в) а)-в) сұрақтарына жауап беріп және аты мен фамилиясы сәйкес келетін оқушыларды табу керек.
3. f файлы берілген, онда алдыңғы есептегі мәліметтер мен мектеп оқушыларының ақырғы тоқсанда алынған қосымша бағалары бар:
а) бағасы 4-тен кем емес оқушылардың санын;
ә) файлға мектептің өте жақсы оқушылары туралы мәліметтерді жинау керек, яғни бағасы 4-тен кем емес және алынған балы бойынша параллель сыныптармен салыстырғанда жоғары балдан түспеуі керек.
4) Автомобиль туралы мәліметтер, оның маркасынан, түсінен,шыққан жылынан,иесінің фамилиясынан турады. F файлы берілген, ол бірнеше автомобильдер туралы мәліметтерден турады.
а) берілген марканың нөмірін және иесінің фамилиясын табу керек;
ә) бірдей маркалы автомобильдердің санын;
б) 1990 жылдан шықпаған автомобильдердің маркасын табу керек;
в) берілген түсінен автомобильдің нөмірін және иесінің фамилиясын анықтау.
5. Әр түрлі даталар енгізілген f файлы қарастырылады. Әр датада-күн, ай және жыл сандармен берілген. Табу керек:
а) ең аз санды жылды;
ә) барлық көктем даталарын;
б) барлық күз даталарын;
в) ең кеш датаны.
6. Кітаптар туралы мәліметтер сақталған f файлы берілген. Әр бір кітап туралы мәлімет бұл автордың фамилиясы, кітаптың аты және шыққан жылын құрайды:
а) берілген автордың 1960 жылдан бастап шыққан кітаптарының атын табу;
ә) аты "Информатика" деген кітап бар ма, анықтау керек.
7. Мекеме қызметкерлері жайлы ақпарат жазылған f файлы берілген, онда қызметкерлердің фамилиясы, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген. қызметкерлердің фамилиясы мен аты-жөні бойынша телефонын табу.
8. Берілген f файлында текше туралы мәлімет бар: олар әр текшенің өлшемі, оның түсі мен материалы. Табу керек:
а) әр қайталанған түстердің текшелердің санын және олардың қосынды көлемін;
ә) қабырғасы 3 см болған ағаш текшелердің санын және қабырғасы 5 см үлкен болған темір текшелердің санын.
9. Заттар туралы мәлімет бар, f файл берілген,ол заттың аты,оның салыстырмалы салмағы және өткізгіштігі:
а) барлық жартылай өткізгіштердің атын және салыстырмалы салмағын табу керек;
ә) өткізгіштер туралы мәліметтерді таңдап, салыстырмалы салмағының аздығы бойынша реттеу.
10. Экспортты тауарлар туралы f файлында мәліметтер бар: олар тауардың аты, мемлекеті, импортталатын тауар мен даналап келетін партиялардың көлемі. қай мемлекетте берілген тауар экспортталады және экспорттың жалпы көлемін табу керек.
11. Ойыншықтар туралы мәлімет жазылған f файлы берілген: онда ойыншықтың аты, оның теңгемен көрсетілген бағасы және ойыншықтың балалардың жас шамасына қарай арналғандағы шекарасы. Келесі мәліметтерді алу:
а) 4 теңгеден аспайтын және 5 жастағы балаларға арналған ойыншықтың атын білу;
ә) а)-дан қымбаттырақ ойыншықтың аты;
б) 4 пен 10 жастағы балаларға арналған ойыншықтың аттары;
в) 3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға арналған, бағасы 3.5 теңгедегі доп бар ма? Егер бар болса, онда ол ойыншық жайлы мәліметті файлға жазу керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|