Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мұғалім көмектесу үшін не істей алады?

ТРЕНЕРДІҢ ЕСКЕРТПЕЛЕРІ: РИЗА БОЛҒАН СЭМ

Неліктен Сэм өзін осылай ұстайды?

Жалпы барлық қарым-қатынаста риза болған Сэм Саллиға қарама-қарсы болып табылады. Ол зияткерлік тапсырмаларды шешуге бар ынтасымен ұмтылады және өзінің дағдыларын сүйсіне дамытады. Проблема оның тапсырманы таңдауында және өзі дамытатын дағдылардың мектептің білім беру бағдарламасымен сирек сәйкес келетіндігінде. Шынында, оның барлық зияткерлік қызметі (мысалы, компьютер немесе ғылыми жобалар) сыныптан тыс жүреді.

Сэм проблемадан аулақ жүріп, лайықты бағаның ең төменін алуға, әрі мектеп пәндерінен үздік болып көрінбеуге тырысады.

Сэмнің көптеген зияткерлік жетістіктеріне қарамастан, ақылды ересектердің пікірі бойынша, ол біздің қоғамда білу маңызды болып табылатын материалдарды меңгермеген. Сэмнің мұғалімдерінің алдында күрделі міндет тұр. Олар Сэмнің зияткерлік тапсырмаларға қатысты оның әуестігін және құлшынысын төмендетпей, мектептің білім беру бағдарламасына назар аударуына қол жеткізуі қажет.

 

Мұғалім көмектесу үшін не істей алады?

Алғашқы қадам – Сэмнің өзінің зияткерлік қызығушылықтары туралы кейбір мәлімет алу қажет. Екінші қадам осы қызығушылықтарды пайдалануға ұмтылу және оны мектептің бақылау тапсырмаларына енгізу болып табылады. Сэмнің мұғалімдері оны мектептің барлық бағдарламаларына толық қызықтырудың креативті жолдарын таба алады деп күту дұрыс емес, бірақ аздаған талпыныстар Сэмнің іс жүзінде мектептің білім беру бағдарламасын игеру маңызды екендігіне көзін жеткізуге көмектесуі мүмкін.

Жалпы, Сэм сияқты оқушыларға қатысты ескерілуі қажет екі қағидат бар. Біріншіден, мұғалімдер осындай оқушыларға қаншалықты мүмкін болса, соншалықты таңдау жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Оқушылардың ерекше тапсырмаларды таңдауда қаншалықты мүмкіндік берілсе, олардың өздерін қызықтыратын бірдемені табу ықтималдығы соншалықты арта түседі.

Екіншіден, «мектеп білімін» көрсету үшін күш салу қажет. Егер оқушылар шығарма жазу дағдыларын зерделейтін болса, неліктен оларға жеке журналдар, Президентке хат немесе мектептің ақпараттық бюллетеніне әңгіме жазбасқа? Оның төмен баға алатыны туралы жиі ескертуден гөрі, осындай ашық, бірақ қызықпайтын оқушының, мысалы, Сэм сияқтылардың, ынтасын тартуға арналған осы сияқты тәсілдерді қолдану барынша тиімді болады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
У Ахматовой лирическая героиня – любящая, но несчастная. Влияние на нее традиций Брюсова, Блока, прозы Кнута Гамсуна, поэзия Анненкого. | Системний підхід до менеджменту підприємства


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных