Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі мүшелердің құрылысының жалпы принциптері.

ММУ Ф 4/3-04/03

Ж. 14 маусымдағы №6 НХ.

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Анатомия кафедрасы

 

ДӘРІС

Тақырыбы: Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе. Асқорыту жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Пәні: Анатомия - 1

Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»

Курсы: І

Уақыт (ұзақтығы): 50 минут

 

Қарағанды 2014

Тақырыбы: Ішкі мүшелер туралы оқуға кіріспе. Асқорыту жүйесі мүшелері құрылысының және дамуының ерекшеліктері.

Мақсаты: Студенттерді ішкі мүшелердің жалпы құрылысымен таныстыру. Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктеріне сипаттама беру, олардың дамуына, құрылысына, ауытқуларына тоқталу.

Дәріс жоспары: 1.Ішкі мүшелерінің жалпы сипаттамасы және олардың маңызы.

2.Ішкі мүшелердің қабырғаларының құрылысыны жалпы жобасы.

3. Ас қорыту мүшелерінің дамуы

4. Ас қорыту мүшелерінің даму ауытқулары

Ішкі мүшелер туралы ілім спланхнология деп аталады. Ішкі мүшелер, сүйектермен, олардың байланыстарымен және бұлшықеттермен түзілген көкірек және құрсақ қуыстарында орналасқан. Қабырғалар, төс сүйек, омыртқа жотасының кеуде бөлігі, қабырға аралық жалғамдар, бұлшықеттер және көкет көкірек қуысын қалыптастырады. Омыртқа жотасының белдік бөлігі, құрсақтық қысымның бұлшықеттері және диафрагма көкет құрсақ қуысын түзеді және шетаралық бұлшықеттерімен бірге жамбас сүйектері астау қуысын береді. Ішкі мүшелер жоғарыда аталған қуыстарда және бас пен мойын аймақтарында орналаса тұрып өзара топографиялық түрде байланысқан. Топографиялық байланыстан басқа олардың қорыту және тыныс алу жолдары қиылысқан мүше болып табылады.

Егер ішкі мүшелердің адам организмі үшін маңызын ойлап қарасақ, олардың ең маңызды процессі – зат алмасу процессін қамтамасыз ететіндігін көруге болады. Бұл ассимиляция (синтездеу) және диссимиляция (ыдырату) процестерінен тұратын күрделі процесс. Бұл процесс организмде үзбей жүріп, тірі организмнің тіршілігіне қажетті энергияның бөлініп шығуына әкеліп соғады. Зат алмасу процессі ас қорыту және тыныс алу мүшелері арқылы организмге қажетті қоректік заттар мен оттегі түскенде ғана қалыпты жүре алады.

Ішкі мүшелер жүйесі тірі организмнің өмір сүруіне қажетті қоректік заттарды жеткізіп қана қоймайды, сондай – ақ организмнің зат алмасудан пайда болған зиынды заттардан арылуына мүмкіндік туғызады. Сыртқа шығару қызметін, жоғарыда айтылғандай, ас қорыту және тыныс алу жүйелері орындайды. Мысалы, ыстық уақытта ауылшаруашылық жұмыстары кезінде тері арқылы адам организмінен 1 литрден 10 литрге дейін тер бөлініп шығуы мүмкін.

Бірақ, адам организмінде тек қана сыртқа шығару қызметін атқаратын арнаулы мүшелер – бүйректер бар. Бүйректерде зат алмасу заттары – шлактар қаннан ұсталып, несеп шығару жолдарының жүйесінің бойымен несеп түрінде сыртқа шығарылады. Несеп шығару жүйесі құрылысы жағынан жыныс жүйесімен тығыз байланысқан. Сонымен қоса бұл екі жүйе ортақ бастамадан дамиды. Сондықтан олар бір – несеп – жыныс жүйесіне біріктіріледі. Жыныс жүйесі өте маңызды қызметтердің бірі – адмның тұқымын түр ретінде жалғастыру қызметін атқаралы.

Қарастырылған ішкі мүшелердің жүйелері – ас қорыту, тыныс алу және несеп – жыныс – түтіктер жүйелері болып табылады. Ас қорыту жүйесінің екі тесігі бар: кіру және шығу тесіктері. Бұл жүйе тұлғаның ұзына бойына орналасқан. Тыныс алу түтігінің бірған тесігі бар. Ол кіру тесігі болып табылады, ал шығу тесігі жоқ. Бұл жүйе тек көкірек қуысының шекарасында орналасқан.

Ішкі мүшелер жүйесіне сондай – ақ бездер де жатады. Оларды сыртқы ішкі және аралас секрециялық бездер деп бөледі. Сыртқы секрециялық бездердің бөліп шығаратын секреттері өзек арқылы қуыстарға барып түседі. Ішкі секрециялық бездердің өзегі болмайды да, олардың инкреттері тікелей қанға түседі. Инкреттер нерв жүйесімен бірге адам организмінің тіршілік әрекетін реттеуге қатысады.

 

Ішкі мүшелердің құрылысының жалпы принциптері.

Қуысты мүшелер көп қабатты қабырғадан тұрады.Оларда кілегейлі, кілегей асты бұлшықетті, сірлі немесе дәнекер ұлпалы қабықтан тұрады. Кілегей қабық, ішінен эпителимен жабылған дәнекер ұлпалық қабаттан тұрады. Ол әр бөлікке әртүрлі кілегей қабық қатпарлар түзеді, ал ащы ішекте сонымен қатар бүрлер бар. Ащы ішекте4 млн жуық бүрлер бар. Электрондық микроскоптың көмегімен бүрлерден басқа микробүрлер де бер екендігі анықталды. Қатпарлар, бүрлер және микробүрлер ішектің сору бетін ұлғайтады. Ішектің кілегей қабығында ішектің сөл бөліп шығаратын бездер бар. Сөл ішектегі ас қорыту процесіне қатысады. Одан басқа ащы ішектің кілегей қабығы лимфалық ұлпаға бай. Лимфалық ұлпа жекелеген фолликулалар және олардың жиынтығы түрінде орналасқан, олар иммунды жүйеге кіреді. Кілегей қабықтан кейін кілегей асты қабық орналасады. Осының арқасында кілегей қабық қатпарлар түзеді, ол қан тамырлары, лимфатикалық торлар және нерв өрімдеріне бай.

Бұлшықетті қабық. Ол өзінің автоматизмімен ерекшеленетін жазық салалы бұлшықеттер тұрады. Бұл бұлшықет өзінің еңбекке жарамдылығы және созылғыштығымен ерекшеленеді. Жазық салалы бұлшықет клеткалары екі қабат жасап орналасады: сыртқы – ұзына бой және ішкі – қоршама (циркулярлы). Қоршама жазық салалы бұлшықет клеткалары кейбір жерлерде шоғырланып, ас қорыту түтігінің бір бөлігінің ішіндегісінің екінші бөлігіне өтудің реттеп тұратын қысқыш еттер түзеді. Мұндай қысқыш ет асқазаннан ұлтабарға өтер жерде орналасқан. Жазық салалы бұлшықет толқындалып жиырылады да, астың араласуы мен ас қорыту түтігінің бойымен әрі қарай жылжуына мүмкіндік береді.

Ең сыртқы қабық – сір қабық немесе дәнекер ұлпалы, сыртынан мезотелий қаптап жатады. Ол мүшелерді әртүрлі жабады. Кейбір мүшелер барлық жағынан интраперитонеальды орналасқан, екіншілері үш жағынан жабылған (мезо перитонеальды орналасқан), ал үшіншілері бір жағынан ғана жабылған (экстраперитонеальды орналасқан). Сір қабық жоқ жерлерде мүшелер, оларды көрші мүшелермен байланыстыратын, дәнекер ұлпалық қабық – адвентициямен жабылған. Сір қабықпен дене қуыстарының қабырғалары да астарланған. Сондықтан сір қабықтардың екі табақшасын ажыратады: дене қуысын астарлап жататын қабырғалық – периетальдық табақша және ішкі мүшелерді жауып жататын ішкі мүшелік – висцеральдық табақша. Табақшалардың арасында шамалы мөлшердегі сірлік сұйықпен толған саңылау тәрізді қуыс орналасқан. Бұл сұйық сірлік табақшаларды ылғалдап, олардың арасындағы үйкелісті болдырмайды. Кеуде қуысындағы сір қабық плевра деп, ал құрсақ қуысында – іштік деп аталады.

Паренхиматозды мүшелер. Оларға әсіресе үлкен бездер жатады.Паренхима дегеніміз меншікті маманданған ұлпадан тұратын безді мүшелер.Паренхиматозды мүшелер анатомиялық бірліктерден деп аталатын бөлімдер және бөліктерден тұрады. Кейбір мүшелерде сегменттер деп аталады.

Мүшелердің топографиясын білу өте маңызды. Сондықтанда олардың топографиясын қарастырған кезде, мынадай түсініктерді білу қажет.

Голотопия -мүшелердің дененің аймақтарына түскен кескіні.

Скелетотопия - мүшелердің қаңқаға байланысты орналасуы.

Синтопия - белгілі бір мүшнің көршілес жатқан мүшелерге байланысты орналасуы.

Ішкі мүшелердің орны пішіні, құрылсы жеке өзгешіліктермен байланысты болады. Бұл

өзгешілік жастық, жыныстық, ерекшеліктерге, адам дене бітісіне де байланысты болады. Мысалы: долихоморфты адамда асқазан ұзындау және вертикальді орналасады, ал брахиоморфты адамдарда мүйіз тәріздес, көлденең бағытта орналасады.

Ішкі мүшелердің қалыпты жағдайдан ауытқулары.

Ішкі мүшелердің қалыпты жағдайдан ауытқуларын 4 - топқа бөлуге болады.

1.Санына байланысты

а) Агенезия - мүшенің мүлдем болмауы.

б) Аплазия - мүшенің ұрықтық бастасының жетілмей қалуы

в) қосымша мүшелердің болуы

г) Мүшелердің бірігуі

2. Орналасуына байланысты.

а) Гетеротопия- мүшенің бастасының басқа жерде орналасып сол жерде дамуы.

б) Дистопия - мүшенің бастасының басқа жерге ығысуы

в) Инверсия - мүшенің қарама - қарсы жақта орналасуы.

3.Мүшенің пішінімен мөлшерінің қалыпты жағдайдан ауытқулары.

а) Гипоплазия - ұрықтық дамудың қандай да бір кезеңінде дамудың тежелуінен пайда болады.

б)Гиперплпзия - мүшенің салмағының артуы, ол мүшенің санының немесе көлемінің ұлғаю салдарынан болуы мүмкін.

в)Мүшелердің бірігуі салдарынан ұлғаюы

4. Құрылысының қалыпты жағдайдан ауытқуы

а)Атрезия - табиғи тесіктердің және өзектің саңылауының толығымен бітелуі

б)Стеноз - табиғи тесіктердің және өзектің саңылауының тарылуы

в)Дивертикулдар - қосымша өсінділердің пайда болуы.

г) Гетероплазия - жек ұлпалардың дамымауы.

д) Дисплазия - мүшенің ұлпасының құрамдық бөлімдерінің бұзылуы.

 

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы: Атлас Т.1.: Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана: Адам анатомиясы: Атлас Т.2.: Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана: Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы: Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы: Атлас / [et al.]; ред.. - Астана: Фолиант Т.2.: Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия: Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы: Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана: Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы: Кітап баспасы

Т.3: Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова; КГМУ. - Қарағанды, 2010.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Бұлшықеттердің жіктелуі | Тыныс алу жүйесінің организмнің тіршілік әрекетіндегі маңызы


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных