Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аталық жыныс мүшелері




Аталық жыныс мүшелерінің құрамына жыныс бездері – ендер (жұмыртқашалар) қабықтарымен, тұқым шығаратын өзек, тұқымдық шылбыр, тұқымдық көпіршіктер, қуықасты безі, купер бездері, жыныс мүшесі жатады.

Ендер умада орналасқан, бүйірлерінен қысыңқы жұп сопақ пішінді денелер болып келеді. Еннің ұзындығы орта есеппен 4см, көлденеңі 3см, салмағы 15-20гр. Еннің екі бетін,екі қырын және екі ұшын ажырытады.умада қалыпты орналасқанда еннің жоғарғы ұшы жоғарғы, алға және бүйірге (латералдьды) қараған. Сол жақ ен оң жақтағыға қарағанда сәл төмен орналасқан. Еннің артқы қырының бойымен еннің қосымшасы, орналасқан және тұқымдық шылбыр, өтеді.

Қосымшаның жоғарғы жуандау бөлімін – басын, төменгі сүйірленген ұшын, және аралық бөлім – денесін ажырытады. Денсінің алдыңғы ойық беті мен еннің арасында сір қабықпен жабылған және латеральды жаққа ашылатын қосымшаның қойнауы орналасқан.

Еннің құрылысы. Еннің ұлпасы сыртынан ақшыл түсті тығыз фиброзды қабық – белоктық қабықпен қапталған. Еннің артқы қырының бойымен фиброзды ұлпа оның безді ұлпасына, кіреді де, еннің аралығы деп аталады. Аралықтан сәуле тәрізденіп фиброзды аралықтар кетіп, еннің ұлпасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелеодің саны 250-300 дейін жетеді. Бөлікшелердің ұштары аралыққа, ал табандары белокты қабыққа қараған.

Еннің паренхимасы ирек және тік тұқымдық өзекшелерден тұрады. Әрбір бөлікше 2-3 өзекшелерден тұрады. Бөлікшелердің ішінде өзекшелер ирек болады да, аралыққа қарай бірігіп, қысқа тік өзекшелер түзеді..Тік өзекшелер аралықта,өзекшелердің торына, ашылады. Еннің торынан 12-15 әкететін өзекшелер басталып, олар ен қосымшасының басына кіреді де, қосымшаның конус тәрізді бір қатар бөлікшелерін түзеді. Әкететін өзекшелер қосымшаның жалғыз өзегіне, барып ашылады. Қосымшаның өзекшесі көптеген иілістер жасап тұқым шығаратын жолға жалғасады. Әкететін өзекшелер қосымшаның бөлікшелері және қосымша өзекшесінің бастапқы бөлімі бірге қосымшаның басын түзеді.

Аталық тұқым (жыныстық клеткалар) еннің паренхимасына ирек өзекшелерінде бөлініп шығады. Тік тұқымдық өзекшелер және ен торының өзекшелері өткізгіш жолдарға жатады.

Ендер тұқымның сұйық бөлігінің шамалы ғана үлесін бөліп шығарады. Тұқымның сұйық бөлімінің негізінен жыныстық аппараттың қосымша бездері – қуықасты безі, тұқымдық көпіршіктер – бөліп шығаратын жолдарға ашылады.

Тұқым шығаратын өзек қосымша өзегінің жалғасы бола тұра, адам өзінің қабырғаларының қалыңдығымен ерекшеленеді. Еннен тамырлармен бөлініп, жоғары көтеріледі де, тұқымдық шылбырдың құрамына кіреді. Оның құрамында ол шап өзегінің беткей сақинасына дейін көтеріледі. Шап өзегімен өтіп, оның ішкі сақинасының деңгейінде ол тамырлардан бөлінеді де, іштіктің артында астау қуысының қабырғасының бойымен төмен және артқа қарай барады. Қуыққа жетіп, ол қуықтың түбіне қарай иіледі де, қуық асты безіне келеді. Төменгі бөлімінде ол едәуір кеңиді. Тұқым шығаратын өзектің ұзындығы 40-45см, орташа сыртқы диаметрі 2,5-3мм, ал қуысының даметрінің бар болғаны 0,-0,5мм. Қабырғасы үш қабықтан тұрады: сыртқы фиброздық, ортаңғы бұлшықеттік және ішкі кілегей қабық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных