Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тұқымдық көпіршіктер




Қуықтың түбі мен тік ішектің арасында, тұқым шығарғыш жлдан бүйірге қарай жатады. Тұқымдық көпіршіктердің әрқайсысының ұзындығы 5см шамасында, көлденең ені 2,5-3см. Көпіршіктің жоғарғы кеңіген, доғалданған ұшы ғана іштікпен жабылған. Көпіршіктің төменгі үшкірленген ұшы тар экскреттік өзекке айналады. Бұл өзек бұрыш жасап, өз жағындағы -пен қосылады да, тұқым шашатын жолды түзейді. қуықасты безі арқылы өтіп, несеп шығарғыш өзектің қуықасты бездік бөлімінде, тұқымдық төмпешіктің түбінде тар тесікке ашылады. Бұл жолдың ұзындығы 2см, бастапқы бөлімінің қуысының диаметрі 0,8мм, ал соңғы бөлімінің диаметрі 0,2мм. Тұқымдық көпіршіктердің қабырғалары үш қабаттан тұрады. Тұқым сақталатын орын емес, тұқымға араласатын сұйық бөліп шығаратын секреттік мүшелер болып табылады.

Қуықасты безі несеп шығарғыш өзектің бастапқы бөлімін қоршап тұратын, көпшілік бөлімі безді, аздаған бұлшықетті мүше болып табылады. Без ретінде ол тұқымның маңызды құрамды бөлімін түзетін және сперматазоидтардың белсенділігін арттыратын секрет бөліп шығарады, сондықтан жыныстық жетілу қарсаңында дамиды. Бұл без ішкі секрециялық қызметті атқарады деген пікір бар (П.Богданов, Р.М.Фронштейн). оның бұлшықеттік бөлімі эакуляция кезінде несеп пен сперманың араласуына мүмкіндік бермейтін несеп шығарғыш өзектің ырықсыз үшінші қысқышы болып табылады. Қуықасты безінің қуыққа қараған негізін несеп-жыныстық диафрагмаға қараған ұшын ажыратады. Оның алдыңғы беті дөңес, қасағалық қоспадан борпылдақ ұлпа және вена тамырларының өрімімен бөлінген. Артқы беті тік ішекке қараған жәгн оданастау шандыр қабығының табақшасымен ғана бөлінген, сондықтан оны тірі адамда тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы аңгізілген саусақпен анықтап білуге болады. Несеп шығарғыш өзек қуықасты без арқылы оның негізінен ұшына қарай алдыңғы бетіне жақын өтеді. Бездің екі оң және сол бөлімдері, арасында ортаңғы бөлімі жатады да, хирургтардың назарын едәуір аудартады. Өйткені бездің гипертрофиясы кезінде үлкейіп, несеп шығаруды қатты бұзады. Қалған үлкен бөләмә оң және сол жақ бөліктерден тұрады.

Купер бездері, бұршақ үлкендігіндей, несеп-жыныс диафрагмасының ішінде орналасқан екі безше болып табылады. Оның шығаратын өзегі, ұз. 3-5см, несеп шығаратын өзектің бөліміне буылтық аймағында ашылады. Бұл бездер несеп шығаратын өзектің қабырғаларын несеппен тітіркендіруден сақтайтын қою сұйық бөліп шығарады.

Сыртқы жыныс мүшесі, умамен бірге сыртқы жыныс мүшелеріне жатады. Оның құрамына негізінен үңгірлі немесе эрекциялық ұлпа кіреді. Бұл ұлпа құрамына жазық салалы бұлшықет талшықтары бар, фиррозды-эластикалық тартпалардан тұратын аралықтардан құрылған. Үңгірлі ұлпа жұп және сыңар кеуекті ұштары сүйірленген екі цилиндр тәрізді денелер ден тұрады. Артқы ұштары ажырап, шат сүйегіне бекитін мүшенің аяқтарын береді. Бұл екі дене ортақ белокты қабықпен қапталған. Кеуекті дене өзінің белокты қабығымен қапталған, үңгірлі денелерден төмен орналасады және оның ішінде ұзына бойына несеп шығаратын өзек өтеді.

Үңгірлі денелерге қарағанда оның диаметрі кіші (1см), бірақ екі ұшы жуандайды: алдыңғы жағында жыныс мүшесінің басын, ал артқы жағында жныс мүшесінің буылтығын түзеді.

Жыныстық мүшенің артқы, қасаға сүйектеріне бекіген, артқы бөлігі түбірі деп аталады. Жыныстық мүше алдыңғы жағында басымен аяқталады. Түбірі мен басы арасындағы аралық бөлімі денесі деп аталады. Жыныстық мүшенің басында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі орналасқан.

Көрнекі материал: таблицалар, плакаттар, слайдтар.

Әдебиеттер:

негізгі:

А.А Идрисов.Адам анатомиясы: Атлас Т.1.: Тірек-қимыл жүйесі(сүйектер, буындар, бұлшықеттер 2005

А. Б. Аубакиров А. А. Идрисов. - Астана: Адам анатомиясы: Атлас Т.2.: Ішкі мүшелер жүйесі және эндокринді бездер.2008

Адам анатомиясы. Атлас: тірек-қимыл жүйесі (сүйектер, буындар, бұлшықеттер) / Ә. Б. Әубәкіров, Ф. М. Сүлейменова. - Астана: Сарыарқа

1 том. – 2011

Адам анатомиясы: Окулық / А.Р. Рақышев. - Алматы. - ISSN 5-7404-0100-Х

Т.1. - түзетілген және толықтырылған 2-ші бас. - 2004, 2009.

Рақышев, А.Р. Адам анатомиясы Т.2- 2004

Әубәкіров Ә. Б. Идрисов А. А. Адам анатомиясы: Атлас / [et al.]; ред.. - Астана: Фолиант Т.2.: Ішкі ағзалар жұйесі және эндокринді бездер. - 2008, 2010

қосымша:

Т. Смит Адам денесі: суретті анықтамалық, организмнің құрылысы, қызметтері және аурулары.2006.

Рахишев, Алшынбай Международная анатомическая номенклатура 2003

Тебенов, М.Е. Ішкі мүшелердің артериялык және веналық қан тамарлары 2007

Хейнс, Дуэйн Нейроанатомия: Атлас структур, срезов и систем 2008

Адам анатомиясы: Атлас / А. Б. Аубакиров, М. К. Жаналиева. - Астана: Сарыарқа, 2008.

Адам анатомиясының атласы (латын, қазақ және тілдерінде) = Атлас анатомии человека (на латинском, казахском и русском языках) / А. Р. Рақышев. - Алматы: Кітап баспасы

Т.3: Жүрек-тамырлар жүйесі = Сердечно-сосудистая система. - 2006.

"Анатомия" пәнінен дәрістер жинағы: оқу құралы / Г. Б. Шапатова, Р. Т. Карибжанова; КГМУ. - Қарағанды, 2010.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных