Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ХХ ғ. Басындағы өлкедегі әлеуметтік-экономикалық жағдай

Дәріс №20

Тақырыбы: ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-саяси дамуы.

Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық көтерілістер

ХХ ғ. Басындағы өлкедегі әлеуметтік-экономикалық жағдай

1. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837-1847 ж)

Ресейдің 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы» және 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғысы қазақ даласындағы хандық билікті жойып, басқарудың әкімшілік жаңа түрі - отаршылдық әкімшілікті орнықтырып қазақ жерін одан әрі отарлауын мақсат етті. Далалық аудандарды басқару құрылымы түбірінен өзгеріп, басқарудың округтік жүйесі енгізілді. Жаңадан енгізілген әкімшілік шаралар патша үкіметінің отаршылдық белсенділігін арттырып, отарлаудың қазақ даласына тереңдей енуіне мүмкіндік берді. Әкімшілік құрылымы қазақтардың дәстүрлі көшіп қонатын аудаңдарын тарылтты, құнарлы жерлерге қазақтар жаппай қоныстана бастады және олар патша өкіметінің қазақ жерлерін отарлаудағы әскери күш тірегі қызметін де атқарды.

Отарлық қыспақтың күшейе бастағанын ерте сезінген Абылай хан ұрпақтары патша өкіметіне ашық қарсылық көрсетуге кірісті. 1824 жылы Орта Жүзде Саржан Қасымұлы сұлтан, Кіші Жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер басталды. Орынбор әкімшілігіне жазған жазбаша өтініштерінен ештеңе шықпаған Жоламан батыр 1823 жылдың өзінде-ақ Ресей өкіметіне қарсы соғыс әрекеттерін бастайды. Патша өкіметінің тұтқыныңда отырған Кіші Жүздің бірнеше сұлтаны мен Арынғазы ханды босатып алуға және отаршылдық өкіметгің иелігіне кешкен жерлерді қайтаруды талап еткен Жоламан Тіленшіұлы шекаралық бекіністерге шабуыл жасайды.

Стихиялы түрде дайындықсыз басталған Саржан Қасымұлының көтерілісі 12 жылға созылды. Патша өкіметінің жақсы қаруланған ірі әскери отрядтарынан жеңілуге мәжбүр болған Саржан сұлтан Қоқан хандығына Ресейге қарсы бірлесіп соғысу туралы ұсыныс жасайды. Алғашқы кезде Саржан Қасымұлының ұсынысын қабылдаған Қоқан билеушілері Саржан ықпалының Оңтүстік Қазақстандағы беделі мен ықпалының күшеюінен қорқып оны опасыздық пен өлтіреді. Саржаннын опасыздық пен өлтірілуі қазақ даласындағы ұлт-азаттық күресті тоқтата алған жоқ.

1837 жылдың күзінде патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы казақ даласыңдағы аумақтық ауқымы жөнінен де, сипаты жөнінен де ең ірі ұлт-азаттық көтеріліс басталды. Көтерілісті Абылай хан ұрпағы Кенесары Қасымұлы (1802—1847) басқарды. Кенесары өзінің патша өкіметіне қарсы күресін жас кезінде-ақ әкесі Қасым, кейіннен ағасы Саржан бастаған отрядтарында жүріп бастайды. Кенесары Қасымұлы Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының аумағын қалпына келтіруді, әскери бекіністерді жоюды, Ресей кұрамына кірмеген жерлердің толық тәуелсіздігін сақтауды мақсат етті. Көтерілістің басты мақсатын білдірген Кенесары Қасымұлының I Николай патшаға, Орынбор губернаторы В.Перовскийге, В. 06-ручевке, Сібір губернаторы Горчаковқа және тағы басқаларға жазған талап хаттарында айқын көрінеді.

Азаттық күресінің мақсатын айқын белгілеген Кенесары Қасымұлы туралы М.Красовский «Сібір қырғыздарының облысы» деген жинақтаушы материалдарыңда «мінезінің жігерлігімен онан да (Абылайдан) және өз әкесінен де (Қасым сұлтаннан) асып түсіп, бүкіл далаға әйгілі болған» адам ретінде сипаттама береді. Саясаткерлік қабілетімен танылған Кенесары Ресей сияқты аса күшті мемлекетпен үш жүздің басын біріктіріп күресу қажеттігін және бұл күрестің едәуір құрбандықтарсыз да болмайтынын жақсы түсінді. Сондықтан да ол азаттық күресінен бөлектенген, өз еркімен Ресей отаршылдығын колдаған жекелеген сұлтандар мен ру басшыларының және билердің әрекетін күшпен басуға мәжбүр болды, орыс үкіметінің саясатын қолдаушыларды аяусыз жазалап отырды. Бірақ адасқандардың және зорлықпен танылғандардың түсінбеушілігі мен қателіктерін де кешіруге даяр болды. Яғни, Кенесары Қасымұлы бүкіл қазақ даласының басын біріктіруде барлық амалдарды - күш көрсету әрекеттерімен бірге кешірім жасау, қызықтыру сияқты әдістерін де қолданды.

1837 жылдың жазында Кенесары Орта Жүздегі Ұлытау, Жыланшык, Қиынды, Торғай өзендерінің бойын өз бақылауына алды. Жекелеген отрядтарды басқарған Абылғазы, Әлжан, Ағыбай, Иман, Жоламан, Бұқарбай батырлардың қозғалыстары да 1838 жылдан бастап бір арнаға тоғыса бастайды. Чириковтың жазалаушы отрядың талқандаған Кенесары Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтерінің аумағына ие бола-ды. Патша өкіметінің мықты қолдауына ие болған Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші Жүздің сұлтандары Ахмет және Мұхамед Жантериндер мен Айшуақов сұлтаңдар Кенесарының басты қарсыластарына айналды. Қоңырқұлжа сұлтан мен бекініс комеңданты Карбышев қорғаған Акмола бекінісін 1838 жылы көктемде Кенесары әскерлері басып алып өртеп кетеді.Осыдан кейін патша өкіметі көтерілісшілерге қарсы белсенді әрекеттер жасай бастайды да, Кенесары әскерлері Торғай мен Кіші Жуз жеріне қарай ығысады. 1838 жылдың соңынан бастап Торғай және Ырғыз аудандары Кенесары отрядтарының негізгі орталығына айналады. Жоламан Тіленшіұлы бастаған төрт қара руы және шөмекей, табын және тағы басқа рулар да Кенесары әскеріне осы кезде келіп қосылады. Осы уақытта Кенесары әскерінің саны 20 мыңға дейін жетеді.

Қазақ жеріне тереңдей ене алмаған патша әскерлері 1840 жылы Кенесарымен келіссез жүргізеді. Келіссөз нәтижесінде тұтқындағы Кенесарының туыстары босатылады және жазалау отрядтарының әрекеттері тоқтатылып, келіссөздің келесі жалғасы басталады. Кенесары Қасымұлы Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес пен бірге Қоқан билеушілеріне де қарсы күрес жүргізді. Қоқан хаңдығы мен қарым-қатынастың шиеленісуі Кенесарының жеке өзіне байланысты себептерден де күшейе түсті. Қоқан-дықтардың 1836 жылы ағасы Саржанды, 1840 жылы әкесі Қасымды, ағалары Есенгелді мен Әлжанды және тағы басқаларды опасыздықпен өлтіруі де Кенесарының қоқаңдықтарға деген қарым-қатынасын қатуландырып жіберді. Бірақ қоқандықтарға қарсы күрес көтеріліс басшысы туыстарының өлтірілуі ғана себеп болған жоқ. Кенесары Қасымұлы азаттық күресінің алғашқы кезінен бастап, оның соңына дейін Қоқан билеу-шілерінің езгісінен құтылу мақсатын берік ұстанды.

1841 жылы күзде қазақтардың үш жүзінің өкілдері Кенесарыны ақ киізге отырғызып, қалпына келтірілген қазақ хандығының ханы етіп сайлады. Мемлекеттік орталық билікті нығайту және азаттық күресін жалғастыруда өз тылын қауіпсіздендіру мақсатында Кенесары біршама әкімшілік және сот реформаларын жүргізді. Мемлекеттік қүрылыс қайта өзгертілді. Маңызды мәселелерді ақылдасып шешетін хан жанындағы хандық кеңес құрылды. Хаңдық кеңес мәселелерді кеңесіп шешетін жоғарғы орган ретінде сұлтаңдардан, билерден, батырлардан және ханның туысқандарынан құрылды.

Басқарудың негізгі тұтқасы ханның өз қолында қалды. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді, мал өсіретін аудандар үшін зекет, ал егіншілік аудандары үшін ұшыр салығы қолданыдды. Әскерді азық-түлікпен және басқа да қорлар мен қамтамасыз ету үшін салықтың басқа түрлері де қолданылды. Арнайы салық жинаушы жасауылдар отряды жұмыс істеді. Билер соты қалпына келтірілді, бірақ би қызметі үшін Кенесарының жеке рұқсатын алу керек болды. Кенесарыға бағынған қазақ ауылдары патша өкіметі мен қоқандыктарға салық төлеуден босатылды.

1841 жылы күзде Кенесары әскерлері Қоқан билеушілерінің езгісіндегі Сыр бойындағы Созақ, Жаңақорған, Жөлек, Ақмешіт бекіністерін алды. Бірак 1842 жылдан бастап патша өкіметінің көтеріліске қатысушыларға қарсы жазалау әрекеттерін қайта күшейтуінен Кенесары қоқандықтарға қарсы күресін толық аяқтай алмады. Осы жылы патша өкіметінің Сотников бастаған Сібір отряды Кенесарының ауылына кенеттен шабуыл жасап, көптеген адамдарын, оның ішінде Кенесарының әйелін және туыстарын тұтқындап алып кетеді.

1843 жылдың тамызыңда полковник Визанов бастаған 500 адамдық отряд және Омбыдан, Петропавловскіден және Қарқаралыдан басқа да отрядтар қазақ даласына қарай шығады. Патша өкіметіне шын берілген қазақ-тардан құралған Ахмет Жантөреұлы сұлтан бастаған отряд Тобыл өзенінен бері қарай ентелейді. Тиіп-қашып ұрыс салған Кенесары Визанов отрядының берекесін алады. Табысқа жете алмаған Визанов қыркүйек айының соңында Орскіге қарай шегінуге мәжбүр болады. Күзгі суықтың жақындауына байланысты жазалаушы басқа отрядтар да өз бекіністеріне қайтып оралады.

Он жылға созылған азаттық күресінің барысында Кенесары өзінің саясаткерлік қабілетімен бірге әскери қолбасшылық талантын да көрсетті. Күші басым жаумен ұрыстарда түрлі әскери маневрлер қолданып, соғыстың партизандық тәсілдерін де, барлау әдістерін де тиімді пайдалана білді. Қазақ мемлекетінің басшысы болып сайланған Кенесары хан бүкіл қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресін бұрынғысынан да белсенді жүргізе бастады.

Ресейге қарсы күресте үш жүз қазақтарының да белсенді қатыса бастауы патша өкіметін едәуір алаңдатты. Сондықтан да I Николай патша көтерілісшілерге қарсы ірі әскери бөлімдер жіберуді ұйғарды. Әскер саны 1900 адамға жеткізілген Лебедевтің отряды және екінші бағыттан А.Жантөреұлы мен Б.Айшуақов сұлтандардың тобы көтерілісшілер әскерін талқаңдауға аттаңдырыдды.

1843 жылы 7 тамызда болған шайқас патша өкіметі күткендегідей нәтиже бермеді. Полковник Визанов басқарған отряд та Кенесары әскерлерін кездестіре алмай, Орск бекінісіне қайтуға мәжбүр болды. 1844 жылдың жазында Кенесары әскерлері сұлтан Ахмет Жантөреұлының әскерлерімен кездесіп, оның тобын тасталқан етіп жеңеді де, Жантөреұлына көмекке жіберілген Дуниковский мен Жемчужников отрядтарының арасынан сытылып шығып, Орынбор шебіне шабуыл жасайды. Тамыз айының соңында Кенесары Екатаринскі станицасын басып алады, қамалды өртеп 40-қа жуық адамын тұтқындап алып кетеді. Үкіметтік топтарда абыржушылық пайда болады. Өйткені, олардың тез жеңіске жетеміз деген жоспарлары іске аспады, оның үстіне көтерілісшілерге карсы курес өкіметтің едәуір күші мен қаражатын шығындатты. Сондықтан да отаршылдық әкімшілік тағы да келіссөз жүргізу мәселесін көтерді. 1845 жылдың ақпанында Кенесары Ордасына Долгов пен Герн бастаған елшіліктер келді. Отаршыл әкімшіліктің нұсқауына сәйкес олар Кенесары хан қабылдай алмайтын шарттар ұсынды. Бұл шарт бойынша Кенесары күресті тоқтатып, патша өкіметінің билігін мойындауға тиіс еді, оның есесіне оған оның пайдалануына белгілі бір аумақ және әкімшілік қызмет ұсынылды және көтерілісшілерге өкімет белгілеген шектеулі аймақтарда ғана көшіп қонуға рұқсат етілді.

Бұл шарттарды орындаудан бас тартқан Кенесары патша өкіметіне өз талаптарын қойды. Кенесарының патша өкіметіне қойған талаптары орыстардың қазақ жеріңдегі барлық бекіністерін жою, басып алған жерлерді түгелімен қайтару, тонаушылық пен зорлық-зомбылықты тоқтату болды. Сонда ғана өз мемлекетінің Ресей протекторатын (ірі мемлекеттің ықпалындағы кіші мемлекет) қабылдауға келісім беретінін айтты. Бірак қазақ жерін түгелдей отарлауды жоспарлаған патша өкіметі Кенесарының бұл талаптарын орындамады және 1845 жылдың күзінен бастап көтерілісшілерге қарсы жаңа күшпен шабуыл жасады.

Күш тең емес шайқастарда едәуір шығынға ұшыраған Кенесары әскерлері Торғай даласын тастап, Сарысу мен Шу өзендеріне қарай шегінуге мәжбүр болды. Оңтүстікке келген Кенесары әскерлерінің бір бөлігі қоқандықтарға қарсы шайқасты. Қырғыз жеріне жақындаған Кенесары Ресейге қарсы күресте қырғыздарды одақтасуға шақырды. Одақтасу туралы ұсынысты қабыл алмаған қырғыз жеріне Кенесары әскерлері келіп кіреді. Кенесары әскерлеріне ендігі жерде үш бағытта, орыстарға, қоқандықтарға және қырғыздарға қарсы күресуге тура келді.

1847 жылдың көктемінде Бішкекке жақын арадағы Кекілі тауының маңыңда қырғыздармен болған күштер тең емес шайқаста Кенесары көптеген қазақ сұлтандары мен және інісі Наурызбаймен бірге қаза табады. Қырғыз жерінде көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауы және Кенесарының қаза табуы орыс отаршылдарының бүкіл қазақ жерін жаулап алуына жол ашып берді. Азаттық күресінің бүкіл он жылында орыстардан бүтіндей жеңіліп көрмеген Кенесары көтерілісшілерінің туыс халық қырғыздардан бір жолата толық жеңілуі Кенесары бастаған азаттық күресінің қарама-қайшылықгарының бірі еді. Осыңдай қарама-қайшылығы мол және XIX ғасырдағы аса ірі ұлт-азаттық көтеріліс Қазақстан мен Орта Азия халықтарының есінде өшпес із қалдырды.

Сыр бойы қазақтарының азаттық жолындағы күресі. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс (1856-1857 ж)

XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның Ресейге қосыла қоймаған жерлерін Қоқан және Хиуа хандықтары және Бұқар әміршілері басып алып, тонаушылық саясат жүргізді. Олар қазақ жеріне жиі-жиі шапқыншылық жасап, қазақтарды алым-салықтан бас көтертпеді. Салықты өтеуге шамасы келмеген немесе оны төлеуден бас тарткан қазақтардың дүние-мүлкі тоналып, қыздарын күндікке әкетіп, балаларын құл базарларында сатты.

Оңтүстік Қазақстандағы өздерінің иеліктерін кеңейту және нығайту мақсатында қоқандықтар Сырдария бойынан Жаңақорған, Жөлек, Шымқорған, Күмісқорған бекіністерін салды. 1817 жылы Ақмешіт бекінісінің құрылысын бастады. XIX ғасырдың 30-40 жылдары қоқандықтардың шапқыншылығы мен зорлық-зомбылығы күшейе түседі. Сырдарияның төменгі бойында Хиуа хандығы қысым көрсетеді, олар жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын барымталап, қыз-келіншектерді, балашағаларын тұтқынға алып кетіп отырды.

Хиуалықтар мен қоқандықтардың шексіз зорлығы мен қиянатына шыдамаған қазақтар, 1845 жылдан бастап ашық көтеріліске шығады. Көтерілісті шекті руынан шыққан Жанқожа Нұрмұғамедұлы басқарды. 1845 жылы көтерілісшілер хиуалықтардың Қуандария бойындағы бекінісін талқандайды. Сол жылы бекіністі қалпына келтіруге жіберілген екі мың адамнан тұратын Хиуа отряды Жанқожа әскерлерінен тасталқан болып жеңіледі. Хиуалықтарға қарсы күрестегі Жанқожаның стратегиялык әдісі бекіністерге шабуылдап, оларды қирату болды. Бірақ 1847 жылдан бастап Хиуа хаңдығының шапқыншылығы қайта күшейе түседі. Осы кезде патшалық Ресей Сыр бойына алғашқы әскери бекіністерін сала бастады. Олардың Сырдария бойындағы алғашқы бекінісі Райым форты болды. Хиуа хандығының шапқыншылығынан әбден зардап шеккен Сырдария бойының қазақтары Хиуа хандығына қарсы күресте патша әскерлерінен алғашқы кезде үлкен жәрдем күтті және 1847-1848 жылдары Райым бекінісі маңында хиуалықтардың шабуылын тойтаруда патша әскерлеріне көмек те берді. Патша әскерлерінің көмегі мен қолдауына сүйенген Жанқожа батыр өз отрядтарымен Сырдың төменгі бойын хиуалықтардан тазартты.

1853 жылы орыс әскерлерінің Ақмешітті алуымен бірге Сырдария әскери шебі пайда болды және патша өкіметінің отарлық тәртібі орнады. Ресей өкіметінің пайдасына қазақтардан алым-салық алынды, егістік алкаптары тартып алынды. Осы жағдайдың бәрі Сырдария бойы қазақтарының патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы азаттық күресіне шығуына себеп болды. Көтерілісті 83 жасқа келген Жанқожа батыр басқарды. 1856 жылы орыс әскерлері мен Жанқожа отрядтары арасында тікелей соғыс әрекеттері басталды. 1856 жыддың соңына таман букіл Қазалы өңірін көтеріліс жалыны шарпыды. Осы жылдың желтоқсан айыңда Жанқожа батыр өзінің 1500 әскерімен Жанқала бекінісінің маңына орналасты. Желтоқсан айының соңында көтерілісшілер топ-топқа болініп Казальг Чрортының бірнеше тұсынан әлденеше рет шабуыл ұйымдастырып, форт қызметкерлерінің және орыс қоныс аударушыларының дайындаған жүзден астам көде шобін өртеп, бірнеше жүз малын айдап әкетеді. Жаңа жыл қарсаңында көтерілісшілер саны 5 мыңға жетеді. Патша өкіметіне қарсы бірлесіп күресу үшін Арал маңыңда отарлық езгіге қарсы азаттық күресін жүргізген Есет батырға хабар жібереді.

Көтерілістің кең қанат жаюынан қауіптенген генерал-губернатор Перовский генерал-майор Фитингоф бастаған жақсы қаруланған отрядты шақыртады. 1857 жылы қаңтардың алғашқы күндерінде Қазалыға келген Фитингофтың отрядыңда 300 казактан, 320 жаяу әскерден, 3 зеңбірек пен екі ракеталық қондырғыдан тұратын елеулі соғыс күші бар отряды бар еді.

1857 жылы 9 қаңтарда Қазалының батысындағы Арыкбалық деген жерде көтерілісшілер мен Фитингофтың жазалаушы отряды арасыңда шешуші шайқас жүрді. Шайқас тағдырын артиллерия оқтары шешті, көтерілісшілер жеңіліске ұшырады және Хиуа хандығының жеріне қарай ығысуға мәжбүр болды. Жеңіліске ұшыраған көтерілісшілерді үш күн бойы куып жете алмаған Фитингофтың әскерлері қарапайым ауылдарды шауып, мал-мүлкін тонап қырғынға ұшыратты. Жанқожамен бірге Хиуа хаңдығының жеріне жиырма шақты ауыл көшіп кетті.

Жанқожа батырдың патша өкіметіне қарсы күресте Орта Азия хандықтарынан одақтас табуға жасаған әрекетінен ештеңе шықпады. Сырдария бойы қазақтарының Жанқожа батыр басшылығымен болған азаттық күресі осылай аяқталды. Көтеріліске катысқан қазақ ауылдары қатаң жазаланды. Кетеріліс басшысы болған Жанқожа батыр өзінің батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігі мен, адамгершілік қасиетімен, дара ерлігімен халық ауызында аңызға айналып, онын есімі ұрпақтар есінде мәңгі сақталып қалды.

2. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және 1867-1868 ж.ж. реформалар

XVIIIғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Кіші Жүз бен Орта Жүз аумағының басым бөлігі Ресей империясының құрамына енді. 1850 жылдары Ресейге Жетісу аумағы қосылды. Осылайша XIX ғасырдың ортасында Ресейдің құрамына енбеген тек Оңтүстік Қазақстанның аумағы, атап айтқанда, Ташкенттен Шуға дейінгі аймақ және Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі аймақтар қалды. Себебі, бұл аймақ Қоқан хандығының қол астында еді. 1825 жылы Ұлы Жүзге подполковник В.Шубин басшылық жасаған 120 қазақтан құралған отряд аттанды және көп ұзамай бұл жерде Алатау, Сергиполь, /қамалдары/ бекіністері тұрғызылып, Аягөз және Көкпекті округтері ұйымдастырылды.

Сырдарияда бірінші бекініс салынғаннан кейін, Таушыбек /1851ж./, Ақмешіт

/1853ж./ қорғандарынан қоқандықтарды ығыстыру басталады және Сібір генерал-губернаторы Г.Гасфорттың Сырдария және Сібір әскери тораптарын біріктіру жайлы ұсынысы қабылданады. Осы мақсат үшін Көк су мен Іле өзендерінің арасынан бекініс салу көзделді. 1854 жылы көктемде Ұлы Жүз приставы майор М.Перемышельскийдің басқару мен Верный бекінісі салынды. 1855 жылы бұнда Қапал приставының резиденциясы орналастырылды және Верный Жетісу аймағының орталығына айнала бастады.

1858 жылы Әулиеата ауданыңда қазақтардың қоқандықтарға қарсы ірі көтерілістерінің бірі басталды. Көтеріліс Шымкенттен Пішпекке дейінгі үлкен аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Пішпек түбінде қоқандықтарға күшті соққы беріп, Әулиеатаны қоршауға алды, бірақ олар шешуші ұрыста ойдағыдай нәтижеге жете алмай, қоқандықтардың қысымынан Ресей бақылауындағы аудандарға ығысуға мәжбүр болады. 1858 жылы көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорған қамалдарын, Жаңақорған мен Түркістанды қоршауға алады. Қоқан билеушісі Хұдияр хан кейбір қазақ ру басшыларын өзіне қаратып алады да, көтерілісшілердің қарсылығын әлсіретеді. Негізгі көтеріліс орталықтары жаншылғаны мен көтеріліс қоқан билеушілері езгісінің құлауын және Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуын тездетті.

Әулиеата, Мерке, Пішпек және Тоқмақтағы қоқан әскерлерінін күшейгенінен қауіптеніп, 1860 ж. полковник Циммерман бастаған орыс әскерлері Қастек бекінісінен шығып, Шу даласы арқылы Әулиеата, Шымкент, Ташкентке аттанады. 26 тамызда Тоқмақты алады, ал 4 қыркүйекте бес күндік қоршаудан кейін қоқаңдықтардың 22 мың адамнан тұратын отряды Верныйға қарай жылжиды. Қазан айында Ұзын ағаш ауданыңда олар Колпаковский бастаған орыс әскерлерімен кездесіп, 19-21 қазан аралығында 3 күнге созылған күрестен кейін қоқандықтар талқандалады. Қазактар қоқандықтарға да, орыстарға да қолдау көрсетіп күреседі.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы Ресейдің өзінің ішкі реформаларымен қабаттаса жүрді. Крепостнойлық құқықтардың жойылуы, әкімшілік реформалар, капиталистік қатынастардың дамуы Қазақстанға ықпалын тигізбей қоймады. Отарлау процесін белсенді жүргізу мақсатында патша өкіметі Қазақстанда әкімшілік басқару жүйесін жасауды ұйымдастырады. 1865 жылы реформаларды дайындау үшін арнайы Дала комиссиясы құрылады. Оның құрамына ішкі істер министрлігінің, әскери министрлігінің өкілдері және жергілікті өкілдер кіреді. Комиссияның міндеті реформалардың нұсқасын дайындау еді. 1865-1866 жылдары комиссия қазақ даласын басқарудың жобасын жасайды. Ол екі құжат түрінде пайда болады. 1867 жылы 11 шіддеде II Алексаңцр патша «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережеге», ал 1868 жылдың 21 қазанында «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережеге» қол қояды.

Ережелерге сәйкес Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа бөлінеді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Барлық әскери және азаматтық басқару генерал-губернатордың қолына шоғырланды, ал Түркістан генерал-губернаторы Қытаймен және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат алады. Басқару жүйесінің әскери сипаты болды. Генерал-губернаторлықтар облыстардан тұрды. Орынбор генерал-губернаторлығына: Орал және Торғай, Батыс Сібірге: Ақмола және Семей, Түркістан генерал-губернаторлығына: Жетісу мен Сырдария кірді. Бұрынғы Бөкей хандығының аумағы 1872 жылы Астрахан губерниясының, Кавказ әскери округінің қол астында болған Маңғыстау Закаспий облысының құрамына енгізілді.

Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот жүргізуші және тәртіп белгілеуші. Облыс басқармалары әскери губернаторларға бағынды. Басқарма төрағасы вице-губернатор болды. Жетісу және Сырдария шекаралық облыстары шекаралық жұмыстармен айналысты. Олар уездерге бөлінді, олардың саны 34-ке жетті. Уездерді уезд бастықтары басқарды. Оларды генерал-губернатор тағайыңдады. Уезд бастығына полиция, әскери бөлімдер бағыңды. Уездер аумағы жағынан болыстарға, болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшиналары жасырын дауыспен, үш жылда бір сайланып отырды.

Сұлтандар өмірінің соңына дейін зейнетақы мен қамтамасыз етіліп, түрлі салықтардан босатылды. Реформа бойынша Қазақстандағы сот құрылысының бірнеше деңгейі болды. Әдет пен шариғат негізіндегі билердің соты сақталды. Уездік әскери соттар жалпы империялық заңдардың негізінде жүзеге асты.

Реформалар негізінде жыл сайын әрбір үйден ақшалай салық алынып отырды, Түркістан генерал-губернаторлығында 2 сом 75 тиын, Орынбор және Батыс Сібір губернаторлықтарында 3 сомға дейін жетті. Егіншілік пен шұғылданатын тұрғындардан өнімнің оннан бір бөлігі ақшалай немесе өнімдей алынып отырды. Үйлердің саны үш жылда бір рет жүргізіліп отырды. Мұсылман дін басыларының құқықтары шектелді, мәселен, молдаларды губернатордың өзі бекітті. Реформаға сәйкес уезд қалаларында мектеп пен медпункт ашу көзделді.

1867-1868 жыддардағы ережелер негізінен уакытша деп есептелген еді. Өйткені, патша өкіметі оны екі жылдың көлемінде жүзеге асырамыз деп ойлады. Бірақ жергілікті тұрғындар Қазақстанды Ресей өз отарына айнал-дырып жатқанын түсініп, қарсылық білдіруінің әсерінен бұл процесс 20 жылға созыдды. Реформалардың ең ауыр нәтижесі Ресейдің Қазақстаңды өзіңдік мемлекеттік иелігіне жатқызуы еді. Қазақтар жаңа тәртіпті қабылдаудан бас тартты.

1886 жылы 2 маусымда, «Түркістанды басқару ережесі», ал 1891 жылдың 25 наурызында «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару ережелері» қабылданады. Қазақстан аумағыңда екі генерал-губернаторлық, біріншісі, Түркістан губернаторлығы, орталығы - Ташкент, оның құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Екіншісі - Дала генерал- губернаторлығы, Орталығы Омбы болды. Оның құрамына Ақмола, Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстары кірді. Облыстарды уездерге бөлу бұрынғы қалпында қалды. Облыс орталықтары болып Верный, Орал, Петропавловск, Семей полиция басқармалары, ал уездік қалалар Ақмола, Көкшетау, Зайсан, Павлодар, Өскемен, Жаркент, Қапал, Қостанай полиция приставтары құрылды. Әр үйден алынатын салық 4 сомға көтерілді, ал жалпы салық жылына 10 сомға дейін жетті. Барлық жер мемлекеттің иелігі деп жарияланды. Сот құрылымы уақытша ережедегідей қала берді. Төменгі сот - халық соты /билер соты/ сақталды. Негізінен соттың және полицияның билігі күшейді.

XX ғасырдың екінші он жылдығының алғашқы жылдарынан бастап ақ патша өкіметінің Қазақстаңдағы отарлық саясаты одан сайын күшейе түсті. Қазақтарды жерінен айырып, құнарсыз және шөлді аймақтарға ығыстыру одан әрі жалғасты. Патша өкіметі 1916 жылға қарай қазақтардың 45 млн. десятина жерін тартып алды. 1907-1912 жылдары Ресейдің орталық аймақтарынан Қазақстанға 2 млн. 400 мың адам қоныстандырылды. Қоныс аударушылар салықтар мен алымдардың көптеген түрінен босатылды. Қоныс аударушыларға қарулануға рұқсат берілді. Патша өкіметі жергілікті халық пен қоныс аударушылар арасындағы ұлттық жан-жалдарды әдейі өршітіп отырды. Өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайлары да нашарлай түсті. 1912-1914 жылдары Орынбор - Ташкент темір жолының және Спасск мыс қорыту зауытыньщ жұмысшылары, Доссор мұнайшылары мен Торғай уезіндегі Шокларкөл көмір кенінің жұмысшылары ереуілдер мен наразылықтар жасады. Аталған жағдайлардың бәрі өлкеде ұлт-азаттық наразылықтың күшейіп келе жатқандығын көрсетті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы және соғысқа байланысты туыңдаған қиыншылықтар өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіріп жіберді. Соғысқа дейін жинақталған әлеуметтік, экономикалық және ұлттық қайшылықтар одан әрі тереңдеп күрделене түсті. Қандай соғыс болса да оның қиыншылықтар мен ауыртпалықтар алып келетіндігі белгілі. Және бұл қиыншылықтар ауыртпалығы ең алдымен қарапайым еңбекші бұқараның мойнына түседі. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жыл-дарынан бастапақ патшалық Ресейдің техникалық және экономикалық жағынан артта қалғандығы айқын көрінді.

1915 - 1916 жылдардағы ауыр жеңілістерден кейін Ресей батыстағы едәуір аумағынан айырылды. Майдандағы сәтсіздіктер адам күші мен материалдық ресурстарды үст-үстіне талап етті. Әсіресе, жұмыс күшінің жетіспеуі шаруашылықтың көптеген салаларын дағдарыс жағдайына жеткізді. Соғыс Қазақстанға да өзінің ауыр зардаптарын тигізді, салық 3 - 4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсті. Арнайы соғыс салығы енгізілді. «Ерікті қайырымдылықтар», мемлекеттік заемдар және тағы басқа да соғыс салығы түріндегі, барлығы 10-ға жуық әртүрлі салықтар мен міндеткерліктер төлеу және атқару міндеттелді. Қазақ даласынан орасан көп мөлшерде арзан бағамен мал сатып алынды, соғыс жүктерін тасымалдау үшін қазақтардың көлік күштері олардың ықтиярынсыз пайдаланылды. 1916 жылға дейін Түркістан өлкесінен 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 300 мың пұт ет, 3 мың пұт мақта майы, 473 мың пұт балық, 38 мың аршын киіз, 13 мың киіз үй алынды. Қазақтар сонымен бірге Қазақстан аумағы арқылы өткен әскерлерді тегін етпен, астықпен, малмен, киіз үймен қамтамасыз етуге тиіс болды.

Соғыс жылдарында егіс көлемі қысқарып, мал саны азайып кетті. Соғыс өлкеде өнеркәсіптің құлдырауын, ауыл шаруашылығы өнімдерінің күрт төмендеуін, транспорт дағдарысын және қымбатшылықпен ашаршылықты туғызды. Патша әкімшілігі ұлтшылдық ұрандар тастап, ұлтаралық араздықты әдейі қоздырды, қоныс аударғандарды ұрылардан қорғану дегенді желеу егіп қаруландырды. Ұлттық отарлық езгі одан әрі күшейе түсті. Қоныс аударғандар мен қазақтар арасында тартып алынған жерлер үшін күрес күшейіп кетті. Қазақтар кулактар мен қазақтардың қысымы мен озбырлығына жауап ретіңде олардың жылқыларын айдап әкетіп, жер белгілерін қиратып, дайындаған пішендері мен шабындықтарын өртеп кетіп отырды.

Өлке аумағында орналасқан әскери бөлімдерде соғысқа қарсы насихат күшейді, әскерге шақырырылғандардың әскери борыштарын өтеуден бас тартулары жиілей түсті. Көкшетауда, Верныйда және Ақмола мен Семей облыстарында солдат әйелдерінің бас көтерулері мен наразылықтары болып өтті. Солдаттардың әйелдері мен өнеркәсіп жұмысшыларының, қала кедейлерінің наразылықтары күшейді, олардың күн көріс жағдайлары күрт төмендеп кетті.

Соғыстың алғашқы күндерінен бастапақ патша өкіметі Қазақстанның облыстарыңда төтенше соғыс жағдайын енгізген болатын. Жиналыстар, ереуілдер, бас қосулар, стачкалар өткізуге тыйым салынды, жұмыстан бас тартқандар әртүрлі жазаға ұшырады. Хат-хабарларға және баспа сөзге әскери цензура енгізілді. Күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы қымбаттап, жалақы төмендеді. Соғыс ауыртпалықтары мен патша өкіметінің отарлық езгісінің одан әрі күшеюі өлкеде жаппай наразылық туғызды. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп-жетілді.

1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс

1916жылдың алғашқы жартысынан ақ пісіп жетілген ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына ақ патшаның «соғысып жатқан армиялар ауданына қорғаныс құрылыстары мен тыс жұмыстарына Орта Азия мен Қазақстанның және ішінара Сібірдің ер адамдарын шақыру туралы» 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы себеп болды. Бұл жарлық бойынша аталған аудандардан 19 бен 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды ер адамдар алынуға тиіс еді.

Соғыстың алғашқы екі жылында ауыр шығындарға ұшыраған Ресей мемлекеті соғыс қажеті үшін еріксіз шақырылғандарды соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу, соғыс жүктерін тасымалдау жұмыстарына пайдалануды жоспарлады. Қазақстан мен Орта Азиядан 390 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мыңнан астам адам алынуға тиіс болды.

Патша жарлығына жауап ретінде Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын түгелге жуық қамтығын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі басталды. Алғашқы кезде стихиялы түрде және жергілікті сипат алған бас көтерулер көп кешікпей бүкіл өлкені қамтыған қарулы Көтеріліске ұласты. Патша жарлығы бойынша өкімет орындарындағы лауазымды адамдар, болыстар, имамдар мен молдалар, мекеме шенеуліктері, жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқушылары тыл жүмыстарына шақырылудан босатыдды.

Бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс Ресей империясының әскери-отаршылдық және кен көлемде орыстандыру саясатына, сонымен бірге өлкедегі бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Жалпы халықтық сипат алған бұл көтеріліс елдің дағдарысы мен қайыршылануына алып келген империалистік соғысқа да қарсы бағытталды. Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық ша-руалардың кең топтары, қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері болды. Көтеріліске сонымен бірге қазақ халқының өзге де топтары: болыс басқарушылары, байлар, сондай-ақ демократиялық интеллигенцияның өкілдері де қатысты.

Алғашқы кезден-ақ бұл көтеріліске қазақ қоғамындағы топтардың көзқарастары бірдей болған жоқ. Қазақ интеллигенциясы мен демократиялық бағыттың жұрт тани бастаған сол кездегі жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсьшов, М. Дулатов және т.б. халықты патша жарлығына қарсы шықпауға шақырды. Олар патша өкіметіне де бұл шақыруды кейінгі қалдыруды, оған тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы өтініштер де айтты. Олардың басты қаупі қарусыз халықтың патша өкіметінің жақсы жарақтанған жазалаушы отрядтарына қарсы тұра алмай босқа шығынға ұшырауы еді. 1916 жылғы қазан айындағы үндеу хатында олар «тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар» деп жазды. Олар сонымен бірге, соғыс жеңіспен біткен жағдайда ұлттық автономия құруға да үміттенді, өз елінің патриоттары ретіңде олар Ресейдің бұл соғыста жеңіске жететіңдіктеріне кәміл сенді.

Патша өкіметінің жергілікті әкімшілігіне шын берілген шенеуліктер мен бай-феодалдық топ басшыларының кейбір бөлігі патша жарлығын мүлтіксіз орындап қолдады және оны жүзеге асырушылар болды. Патша жарлығына батыл қарсы шыққан қазақ интеллигенциясының қайсар өкілдері халықты қарулы күреске шақырды. Көтерілісшілер қаһарына алдымен тыл жұмысына баратындардың тізімін жасаған және оны орындауға әрекеттенген болыс басқарушылары, ауыл старшындары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері ұшырады. Қолдарына түскен құралдармен және ескі қарулар мен қаруланған көтерілісшілер болыс басқарушыларының, ауыл старшыңдарының кеңселері мен үйлерін өртеді, шақырылушы жастардың тізімін тартып алып жойып жіберді.

Көтерілісшілердің патша отрядтарымен қақтығыстары жиілей түсті. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипат ала бастады. Көтерілістің кең қанат жаюынан қауіптенген патша өкіметі тыл жұмысына шақыруды 15 қыркүйекке дейін кейінге қалдыруды ұйғарды. Бірақ басталып кеткен ұлт-азаттық күрестің жалынын жұбаныш сөзбен басу мүмкін болмады.

Бүкіл өлкені қамтыған көтерілістің ең ірі ошақтары Жетісу өлкесі мен Торғай облысы болды. Халық тығыз орналасқан Жетісу өлкесінде көтеріліс алғашқы күндерден бастапақ қарқын ала бастады. Аз ғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстық көлге жапсарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. 17 шілде де Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыс жағдайы енгізілді. 20 шілдеде Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып генерал Курапаткин тағайындалды. Бұл уакытта бүкіл Жетісу жері халық күресінің от-жалынына оранған еді.

Тамыз айының басында Ботбай, Кастек, Тайторы, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық отряды Самсы аңғарында патша өкіметінің жазалаушы отрядын қоршап алды. Қыркүйек айында Лепсі уезінде көтерілісшілердің патша әскерлерімен ірі қақтығыстары болды. Көтеріліс барысында қазақ, қырғыз, ұйғыр халықтарының патша өкіметіне қарсы бірлесіп күресу мүлделері айқын көрінді. Асы жайлауы маңындағы Албан руының көтерілісшілері ұйғырлармен, Ыстық көл қырғыздарымен және дұнғаңдармен күш біріктіріп шайқасты.

8 тамызда Ақсу жайлауында қазақ-кырғыз жиыны өтті, онда патша әскерлеріне, жалпы отарлық езгіге қарсы бірлесіп күресу туралы шешім қабылданды. Қазақ және қырғыз жасақтарының бірлескен 10 мың адамдық отряды Токмак қаласын қоршады. Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтарының бірі Қарқара аймағы болды. 1916 жылғы 11 тамызда көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап, бұндағы Кравченко бас-қарған жазалау отрядын талқандады.

Патша өкіметі көтерілісті басу үшін жазалау отрядтарымен бірге басқа да әдістерді қолданды. Ұлттық араздықты қоздыру үшін өлкедегі орыс қоныстанушыларын көтерілісшілерге қарсы айдап салды. Жетісу облысының генерал-губернаторы М.Фольбаумның бұйрығы бойынша Жетісу қазақтарынан жазалау отрядтарын ұйымдастыру үшін оларды асығыс түрде қаруландыра бастады. Сонымен бірге, қоныстанушылар селоларындағы орыс кулактары мен шаруалары да қаруландырылды. Зор қарқын алған көтерілісті басу үшін патша өкіметі Жетісуға ірі көлемдегі әскери күш жіберуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің патша әскерлерімен ірі шайқастары Асы мен Қарқара жайлауларында, Қастек пен Нарынқолда, Шарын мен Қорамда және т.б. жерлерде болды. Мерке, Әулие ата көтерілісшілері жазалаушыларға қарсы табан тірескен шайқастар жүргізді. Күш тең емес шайқастарда көтерілісшілердің ерлік күрестеріне қарамастан Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырады. Патша өкіметі тек көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да аяусыз жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, 347 адам өлім жазасына кесідді, 578 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. Сонымен бірге, жүздеген адам сотсыз және тергеусіз атылды, жазалаушы отрядтар мен кулактардың қолынан қаза тапты. Жазалау отрядтарынан бас сауғалаған 300 мыңдай қазақтар мен қырғыздар Қытайға, Құлжаға және Қашқарияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Патша әкімшілігінің өз есептеулері бойынша. Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа, яғни, 30 пайызға кеміген. Көптеген ауылдар мен қыстақтар қираған үйінділерге айналдырылды. 1916-1917 жылдары 2,5 млн. десятина жер тартып алынып, қазақ отбасылары құнарсыз таулы аудандарға немесе Балқаш маңайындағы шөл далаға қуылды.

Торғай облысы Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің ең ірі орталықтарының бірі болды. Мұндағы өлке халқының күресі мейілінше табанды болып, ұйымдасқан сипат алды және ұзаққа созылды. Бұндағы көтеріліске қатысушылар саны 50 мыңға дейін жетті. Көтерілісті Кенесары Қасымұлы серіктерінің бірі Иман батырдың немересі Амангелді Күдербайұлы басқарды. Көтеріліске дейінақ халық мүлдесін қорғаушы және күрескер ретінде Амангелдінің аты ел арасыңда белгілі болатын. Халық жақтаушысы ретінде ол бірнеше рет патша түрмесінде отырып шықты.

1916 жылдың шілде айында көтерілісшілердің Амангелді бастаған алғашқы отряды құрылды. Тамыз айында едәуір күшке айналған көтерілісшілер Сұрша қойнауында Амангелдіні өздерінің қолбасшысы сардары етіп сайлады. Жергілікті ауылдық - болыстық әкімшілік басқаруы жойылып билік көтерілісшілердің қолына көшеді. Орта Жүздегі қыпшақ руының белгілі биі Нияздың немересі Әбдіғаппар Жанбосынов хан болып сай-ланды.

Амангелді армиясы әскерлерінің басқа көтеріліс отрядтарынан ұйымшылдығы мен тәртібі жөнінен едәуір айырмашьшығы бодды. Амангедді өз әскерлерін ондық қа, жүздік ке, мыңдық қа бөлінген ұйымдасқан, тәртіпті құрышымға негіздеді. Басқару ісі Әскери Кеңес арқылы жүргізілді. Кеңес жанындағы ұйым барлық әкімшілік мәселелерін шешіп отырды. Штаб жанындағы сот алқасы дауларды шешті және әртүрлі заңдық мәселелер-мен айналысты. Әрбір мың шаруашылыққа сайланған елбегі сарбаздар мен бейбіт тұрғындар арасындағы дауларды реттеп отырды. Салық пен көтерілісшілер үшін қажетті азық-түлікті арнайы жасақталған жасақшылар жинады.

Қараша айының ортасына қарай Торғайдағы көтерілісшілер саны 50 мыңға дейін жетті. 17 қараша күні көтерілісшілердің Ақтөбе уезіндегі тобы Қарабұтақ селосын қоршайды, ал келесі күні Қожакөл маңында жазалаушы отрядқа шабуы жасайды және елеулі қарсылық көрсете алмаған патша әскерлерін кейін шегіндіреді.

22 қазанда Амангелді бастаған 15 мың сарбаз Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды. Көтерілісті талқандау үшін патша өкіметі генерал Лаврентьев басқарған 9 мың адамдық арнайы экспедициялық корпус жібереді. Жазалаушы әскери корпус қалаға үш жақтан, Қостанайдан, Актөбеден және Шалқар бағытынан шабуылдайды. Торғайға беттеген жолында жазалаушылар отряды бейбіт қазақ ауылдарын шауып тонады, қарапайым халықты қырғынға ұшыратып жазықсыз адамдарды қанға бояды.

Торғайға келе жатқан әскери корпус туралы хабардар болған Амангелді Торғай қаласын олар келгенше алуға ұмтылды. Бірақ 6 қараша күні қаланы тікелей шабуыл жасау арқылы алу әрекеті жүзеге аспаған Амангелді қаланы қоршауды тоқтатып, Түнқойма почта станциясы маңында Торғайға жақындап келе жатқан патша әскерлеріне шабуыл жасады. Патша әскерлері көтерілісшілердің ауыр соққысына төтеп беріп, бірнеше күннен кейін ғана Торғай қаласына кіре алды.

Подполковник Катоминнің жазалаушы отрядымен ауыр шайқастар жүргізген Амангелді, көтерілісшілердің негізгі күшін сақтап қалу мақсатыңда қараша айының екінші жартысыңда, өз сарбаздарын Торғайдан 150 шақырым жерге әкетіп, Батпақ қара мен Аққұм маңына шоғырландырды. Партизандық күрес тәсіліне кешкен көтерілісшілер шағын отрядтарға бөлініп, кенеттен шабуылдар ұйымдастырып, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Осындай шайқастарда Амангелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батырдың ерлік істері көпке мәлім болды. 22 қараша күні Үлпан станциясы маңыңда көтерілісшілердің 4 мындық отряды жазалаушы әскермен соқтығысады. Әскери қақтығыстар Шошқалы қопа, Күйік қопа, Татыр, Доғал Үрпек маңыңда да болады.

Ерте жауған қар мен ерте түскен суық көтерілісшілердің соғыс қимылдарын қиындатады. Көтерілісшілердің біршама саябырлаған қимылдары 1917 жылы одан әрі жалғасып, Ресейдегі ақпан төңкерісіне ұласты. Акпан төңкерісінен кейін көтерілісшілер саны қайта өседі. 1917 жыддың соңына Қарай Амангедді Торғайды алады.

Торғай облысындағы көтерілісті патша әскерлері толық жеңе алмады, бірақ қазақ ауылдарының көтеріліс кезіндегі әлеуметтік-экономикалық Жағдайы күрт нашарлайды. Жазалаушы отрядтар тонауы мен қырғынына ұшыраған көптеген ауылдар Қытай мен Моңғолияға көшуге мәжбүр болдьі. Осы жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600 мың адамға қысқарды. 1916 жылғы көтеріліс қазақ халкының көп ғасырлық ұлт-азаттык қозғалысыңда ерекше орын алады. Патша өкіметінің отаршыддық саясатына және империалистік соғысқа қарсы бағытталған кең байтақ өлкенің көп бөлігін қамтыған көтеріліс ұлт-азаттык және бүкіл халықтық сипат адды. Көтеріліс жеңілгеннен кейін патша өкіметінің отаршыл әкімшілігі қазактарды тыл жұмысына шақыруды күштеп жүргізді. 260 мың адамды еріксіз тыл жүмысына айдап әкетсе, 10 мың адамды өлкедегі өнеркәсіптік және әскери жүмыстарды істеуге қалдырды.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жеңілуінің басты себептері оның бытыраңқылығы мен ұйымшылдықтың жеткілікті болмауы еді. Ұлттық демократиялық интеллигенция қатарыңда да бірлік болмады. Сонымен бірге, көтерілістің біртүтас басшылығы мен ұйымдық орталығы да жоқ еді. Жеңіліске ұшырағанына қарамастан 1916 жылғы көтерілістің Қазақстан тарихындағы маңызы зор және бұл көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің құрамды бөлігі болып табылады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Філософське вчення Ф.Аквінського. | Переходные металлы 4-го периода. Свойства, способы получения. Общие свойства металлов


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных