Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 54 страница




1913 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынов 1918 жылы қазанға дейін тұңғыш «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Ол өзінің өлеңдерімен қоса «Маса» жинағын жариялады. Сонымен қатар, И.А.Кырыловтың «Қырық мысалын» аударды.

Ақпан төңкерісінен кейін Ахмет Байтұрсынов қоғамадық саяси өмірдің иіріміне араласып кетті. Ол көптеген өлкелік және облыстық құрылтайларға қатысып, жетекшілік етті. Патшалық үкімет құлаған соң Ахмет Байтұрсынов «Алаш» партиясының тізімі бойынша Торғай облысының атынан Бүкілрессейлік құрылтай мәжілісіне мүше болып сайланды. 1919 жылға дейін автономияшыл – ұлтшылдардың қатарында болды, сол жылдың наурыз айында оңшыл партияның ұлт саясатындағы бағытының қазақ еліне зиянды екенін түсініп (ол кезде солай жазбасқа амалы да жоқ еді – Т.Ж.) кеңес үкіметі жағына шықты.

1919 жылы Ахмет Байтұрсынов құрамына кіретін «Алашорданың» Шығыс бөлімі кеңес өкіметіне: кешірім жасап, өздерінің Қазақстандағы кеңес өкіметінің жұмысына қатысуға мүмкіндік беруі туралы мәлімдеді. Олардың бұл өтініші қабылданды. БОАК-нің төралқасы: «Бүкілрессейлік Орталық комитетінің 1919 жылы 4 - көкек күнгі қаулысына сәйкес Қазақ және Сібір революциялық комитетері мен Челябі губаткомы БОАК-нің жоғарыдағы қаулысын тұрғындарға жеткізсін, сонымен қатар БОАК-нің төралқасы: бұрынғы «Алашорда» үкіметінің мүшелері кеңес жұмысына тартылсын және оларды бұрынғы қайраткерлігі үшін қудалауға болмайтынын түсіндірілсін»,деп атап көрсетті.

Кеңес өкіметінің жоғарыдағы шешіміне сәйкес және БК(б)П Орталық комитетінің ұсынысы бойынша Коммунистік партияның қатарына өтті. Оның Коммунистік партияның қатарына өтуін осы кезде коммунистер аса ірі идеологиялық жеңіс деп бағалады. Әкемнің партияға кірердегі сөзі «Известия Киргизского края» атты газетінде басылды (құжаттар ұсынылып отыр).

Менің әкем Ахмет Байтұрсынов Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының дайындық жұмыстарына белсене кірісті. Бірнеше рет В.И.Лениннің қабылдауында болды, оған мына құжаттар дәлел:

1919 жылы 24 шілде күні Ленин халық комиссарлары кеңесінің: С.С.Пестковскийді – төраға, ал Сейітқали Меңдешевті, Бақытжан Қаратаевті, Ахмет Байтұрсыновты, Мұхаметияр Тұнғашинді, В.Л.Лукашевті және Ә.Т.Жангелдинді қазақ өлкесін басқаратын әскери революциялық комитетінің мүшесі етіп тағайындау туралы қаулысына қол қойылды (Владимир Ильич Ленин. Биографическая хранение, 7 том, 406 стр).

1919 жылы 9 желтоқсаннан кейін Ленин Кремльде қазақ өлкесін басқару туралы әскери-революциялық комитеттің төрағасы С.С.Пестковскийді және оның мүшесі А.Байтұрсыновты олардың өтініші бойынша қабылдады. Пестковскийдің өлкенің шаруашылығы мен саяси жағдайы туралы, саяси-ағарту жұмысының қиындағы туралы есебін тыңдады. Оларға: бірнеше жақсы баяндамалар дайындап, оны қазақ тіліне аударып, күйтабаққа жазып, мүмкіндігінше көп мөлшерде граммофон тауып, оларды қырдағы көшпелілерге таратып беруге кеңес берді; сондай-ақ кедейлердің пайдасына ауқатты көшпенділердің малын үлестіріп беру саясатын жүзеге асыруға асықпауды ұсынды (Владимир Ильич Ленин. Биографическая хранение, 8 том, 408 стр).

1920 және 1921 жылдағы Кеңес Республикасының бірінші және екінші құрылтайында А.Байтұрсынов екі рет үкімет мүшесі – Қазақ АССР-нің Оқу-ағарту халық комиссары болып сайланды. 1925 жылдан Қазақ ағарту институтының оқытушы профессоры, Оқу-ағарту комиссариатының жанындағы Ғылым мен әдебиет жөніндегі комиссияның (Академиялық орталықтың) төрағасы және қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрғасы болды.

В.И.Лениннің жоғарыдағы ескертуімен Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитетінің 1919 жылғы 4 - көкектегі қаулысын аяқ асты еткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің 1928 жылдың күзінде бай-феодалдардың малы мен мүліктерін тәргілеп, кедейлерге бөліп беруі – қасіретке әкеп соқтырды, сонымен қатар ет пен астықты тақыр таза сыпырып алуы жаппай ашаршылыққа ұшырап, адамдардың жаппай өліміне жол берді.

Ф.И.Голощекин өзінің «Кіші октябрь» деп атаған осы зорлықпен жүзеге асырылған шарасының сәтсіздікке ұшырайтынын сезіп, бұл науқанға қарсы шығуы мүмкін деген желеумен алдын-ала сақтанып, революцияға дейінгі 30-дан астам қазақ зиялыларын тұтқынға алды.

Менің әкем А.Байтұрсынов Алматы қаласында тұрған кезінде 1928 жылы 2-ші маусым күні Қызылорда қаласында өтетін фиологтар мен әдебиетшілердің кеңесіне қатысуға шақырылған жерінен тұтқынға алынып, Алматының түрмесіне жөнелтілді, онда біз азық-түлік апарып тұрдық. Әкемміздің Архангельскийден жазған хатын алғанда барып оны ОГПУ-дің сонда жібергенін бір-ақ білдік. Ал, 1929 жылы қазан айында менің шешем Бадрисафаны және мені арнайы жер аударушылардың қатарында Томскі қаласына жер аударды, біз онда 1932-ші жылға дейін болдық. Себебі, менің шешемді Томскіден ары Батыс Сібірдің Нарын ауданына жер аударды.

Менің әкем А.Байтұрсынов, 1934 жылы А.М.Горькийдің әйелі Е.П.Пешковаға жазған өтінішінен кейін халықаралық Қызыл Крест қоғамының араласуымен айдаудан бостылды, сол адамның көмегінің арақасында Батыс Сібірдің Кривошеин ауданындағы әйелі Бадрисафаның қолында тұруға рұқсат етілді, сол арадан екеуі Алматыға қайтып оралды.

1938 жылы 7 - қазан күні менің әкем А.Байтұрсынов Қазақ ССР-нің НКВД мекемесі тарапынан Алматы қаласында екінші рет тұтқынға алынды.

Менің өзім жер аударылудан 1933 жылы Алматыға қайтып оралдым, Байсаловқа тұрмысқа шықтым, алайда 1950 жылы әкем үшін түрмеге қамалып, Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 58 бабы бойынша 10 жылға сотталдым. Кесімді мерзімді Шамалғанда өтедім және 1953 жылы бостандыққа шықтым, содан кейін толық ақталдым. КОКП-ның Саяси Бюросының комиссиясынан екі рет қатарынан заңсыз қысымға ұшыраған менің әкем Ахмет Байтұрсыновтың Кеңес Одағының Азаматы деген адал атын қалпына келтіруді өтінемін.

Республиканың қазақ тұрғындарының барлығы да Ахмет Байтұрсынов жасап кеткен қазақ тілінің грамматикасын осы уақытқа дейін қолданып келеді, ал оның авторының есімі әлі де жабық күйінде қалып отыр. Сондықтан да Ахмет Байтұрсыновтың әдеби және ғылыми еңбектеріне қойған шектеуді алып тастауларыңызды және оның авторлық құқын қалпына келтірулеріңізді өтінемін

Шолпан Ахметқызы Байсалова Байтұрсынова

Алматы қаласы 15 мамыр 1988 жыл».

Бұл хаттың жолы болып, алаш көсемдері ақталғаннан кейін Ахаң туралы бір туысқанының естелігін өз қолыммен өңдеп жазып, «Жұлдыз» журналына жариялап та ем. Сөйтсем, бауырдың бәрі мен ойлағандай тату болмайды екен. Өкініштісі, әкесінің ақталғанының қызығын алаңсыз қызықтауға, «өлсең – жоқтасатын, тірі жүрсең – күндейтін» ағайындары мүмкіндік бермеді. Кеңес өкіметі тартып ала алмаған фамилиясына ағайындары күдік келтірді. Оған арыстандай күркіреген ақын ағамыз Сырбай Мәуленов дегдар да араша түсе алмады. Құқық комиссиясының атынан кепілдік-куәлік те жазған жайымыз бар еді. Ақыры ар сотынан аман шыққан аяулы халық қызы ағайынның арсыз сотын көтере алмады. Шерлі жүрек сыр беріп, жарылып кетті.

Міржақып Дулатов – өжет пікірінен тергеу барысында да қайтпапты. Тергеуге барғанда да қырынып, киімінің қыртысын жазып, кеудесін тік ұстап барады екен. Тек Аманкелдінің қазасы тұсындағы жауаптарында албырап қалғандығы, есімде жоқ деп – кібіртектегені байқалады. Ал халық ауызында: Аманкелдінің қазасына Сейдазым Қадырбаевтың, Бақытжан Қаралдиннің қатысы барлығы айтылып қалатын. Біз танысқан тергеу ісінде ондай мағлұмат кездеспеді. Керісінше, қызыл партизандардың өз қолынан оққа ұшқанына көзіміз жете түскен сияқты. Ал Гүлнар Міржақыпқызы Дулатова осы архив мұрағаттарымен танысу барысында ең жақын тілеушіміз, кеңесшіміз, сенеріміз болды. Әсіресе, адамдардың өмірбаянын анықтауда өлшеусіз көмек көрсетті. Тек, Міржақыптың бажасы Ахмет-Сафа Юсуповтың «құпия тыңшы» ретінде атылғаны жанына қатты батты. «Сондай ақ көңіл, қимас, сенімді адам еді»,– деген сәбилік сенімнен айырылу қиын да болған шығар. Біздің: Тергеу мекемесінің қандай ойы барын біліп отыру үшін, мүмкін, алаш азаматтары әдейі рұқсат берген болар,– деген уәжімізге сенді. Шындығында да, ол «тыңшылық мәлімет бермегені үшін» ату жазасына кесілген. Демек, ділі берік жан – деуге негіз бар.

«Ұраным – Алаштың!..» бірінші кітабі жарық көргеннен кейін Түркияның Малтөбе университетінде өткен халықаралық конференциядағы осы әфсананың басты тұлғасының бірінің ұрпағымен тосын кездесуім – мәңгі ұмытылмас оқиғаның бірі болды. Сол университеттегі ұйымдастырушы қарындасымыз Гүлжанат Құрманғалиқызы үзіліс арасында: «Сізбен Заки Уәлиди Тоғанның қызы Есенбике бегім танысқысы келеді»,– деді. Не дейді? Мұндай да күтпеген кездесу болады екен! Жүрегімді алақаныма уыстап тұрып Есенбике бегімнің алақанына салғандай ишара білдіріп: «Мұның ішінде сіздің әкеңіз аңсаған алаш азаттығының демі бар»,– дедім. Инабатты бегім жылап жіберді де: «Конференцияда әкемді және башқұрттарды сіз ғана есіңізге алдыңыз»,– деді. Бұл қысқа үзілістегі ұзақ әрі толқулы ұшырасу болды. Заки Уәлидидің тергеу ісі және шет елге кете алмай қалған шешесінің тағдыры туралы мағлұмат бердім. Биязы, қуыршақтай ғана сүйкімді адам екен. Көңілі толқып тұрып: «Мен әкемнің екінші ноғай әйелінен туған қызымын. Башқұртстан мен Қазақстан десе көз жасы ыршып кететін. Сіз сөйлегенде сол мінезі есіме түсті. Елде қалған әйелін өлдіге санап жүрген. Алпысыншы жылдың соңында тірі екенін, баласының да бар екенін естігенде өкісіп-өксіп жылады. Біз хабарласып, жағдай сұрасып тұрамыз. Өзім де оқытушымын»,– деді. Заки Уәлидидің тергеуі қамтылған «Ұраным – Алаш!..» атты кітабыма: «Алаш азаттығының бір тамшы көз жасы – Есенбиек бегімге!»– деп қолтаңба жазып ұсындым. Суретке түстік. Қалайда айналсоқтап шыға алмадым. Қимай қоштасып, көлікке шығарып салдым. Тіршілікте талай тағдырдың иесімен тосын кездестік қой. Бірақ дәл Есенбике бегіммен ұшырасқанымдай алабұртқан емеспін. Ол кісінің жан жылуы да осы қорытынды сөздің ішінен сезілсе екен деп тілеймін.

«Ұраным – Алаштың!..» «Жегі» атты бірінші бөлімі жарияланғаннан кейінгі ең белсенді оқырмандар – Астана қаласына шоғырлана орналасқан торғайлық зиялылар болды. Кітапты сұратып та, сұрап та, қолқалап та алды. Қаншама елеңдеп жүрсем де хабарласқан бірі болмады. Өйткені осында Аманкелдінің қазасы туралы деректер мен болжамдар туралы бір жақты пайымның жоқтығы және өте шетін де шамшыл мәселе екені маған мәлім еді. Мұнда тергеу мен жазалау саясатының негізіне сүйенген, Ахмет Байтұрсынов пен Әліби Жангелдин Мәскеуде «Алашорда» үкіметімен келісім жүргізіп жатқанда, келісімді болдырмас үшін Аманкелдіні большевиктердің өздері өлтіруі мүмкін – деген жорамал да айтылған еді. Оған дәлел ретінде: Лениннің құпия бұйрығымен бір түнде қызыл армияның солдаттарына «латыш ұлтшылдары әскерінің киімін кигізіп», қызыл әскердің бір бөлімшесін қырып салып, ертеңінде жаңағы қызыл қырғынды ұйымдастырған бөлімге «латыш атқыштары» деген ат беріп, бүкіл ұлттық зиялылар мен әскери бөлімдердің көзін жойып жібергені туралы деректі тоқсаныншы жылдары латыш тарихшылары жариялап еді. Өйткені «латыш операциясына» қанық Қазақ Әскери Революциялық кеңесінің ерекше бөлімінің бастығы Кашириннің сол «тәжірибені» Торғайда жүзеге асыруы әбден мүмкін болатын. Алайда мен күткен «жауап» келмеді. Тек алаш рухты, тарихшы академик, профессорлардың өзі пікір жарыстырудан сескеніп тұратын Сейтбек Нұрқанұлы ағамыз ғана кеңесін беріп, пікір білдірді. Сөйтіп толғана түңіліп жүргенде кітапта аты аталып, хаты жарияланған Қорған Әмірехамзин деген қарт іздеп кеп, кітапты сұрады. Екі күннен кейін келіп: «Сіз дұрыс жазбағансыз. Бірінші: Аманкелдіні өлтірген – Міржақып Дулатов. Ол ақталуға тиісті емес азамат. Мен оны дәлелдеп шығамын. Екіншіден, сіз Әліби Жанкелдинді, яғни, қыпшақтарды қорлағансыз. Мен мұнымен тоқталмаймын»,– деп зіл тастап кетті. Кейін телефон арқылы да біраз «айып» тақты. Алаш ардагерлері ақталар тұста осы адам біраз жерге хат жазып, Міржақыптың ақталуын кешіктіріп еді. Ол хаттарының көшірмесі менде бар болатын. Сонымен шындықтың түбіне жету үшін Торғайға жол тартып, ауыл адамдарымен сөйлесіп, көңілді орнықтырған жайымыз бар. Әзірше тыныш, бірақ...

Дінмұхамед (Дінше) Әділев тұтқынға түсісімен өзін «тұрақты мекені мен жұмысы жоқ», «әр топтың соңында жүрген», «жай бандит, тентек, бұзық емес», «қазақ ұлтының бостандығы үшін күрескен шыншыл саяси тұтқын» ретінде ұстаған. Соны дәлелдеу барысында қыза-қыза келіп камерада отырып саяси платформа жасап, ұйымның кестесін сызып, астыртын ұйымның «түрмедегі көсеміне» айналған. Жауаптарына және мінездеме берген адамдардың сөздеріне, біздің де жинастырған естеліктеріміздегі пікірлерге қарағанда қызба мінезді, өжет, қызықты да шытырман оқиғаға құмар, әйтеуір ұлтжанды, бауырмал, «балалық тентектігі басылмаған» (М.Дулатов, С.Қожанов) ширақ жігіт. Оның көрсетінділерінің барлығын көшіріп шығу мүмкін емес. Менің қаламыма ілікпеген бір жауабында:

«Тұрар Рысқұлов Қызылорда қаласына келді. Кісілер кіріп-шығып, асығыс жөн сұрасып жатты. Міржақып Дулатов екеуміз сәлем беруге бірге бардық. Міржақып мені ауыз үйде қалдырып, Рысқұлов екеуі оңаша бес минуттай сөйлесті. Іле бөтен кісілер келіп қалып, Рысқұлов соларды қарсы алуға шығып кетті де, әңгімелері үзіліп қалды. Сыртқа шыққан соң Міржақып Дулатов маған (Дінмұхамедке – Т.Ж.): «1922-жылғы Ташкенттегі ұйым туралы сөз бастап, енді түсіндіре бастап едім. Үлгермедім»,– деді»,– деген мағлұмат беріпті.

Бұған қарап Рысқұловтың астыртын ұйымға қатысы бар деп пікір түюге бола ма? Мұндай дүдәмал деректер Д.Әділевтің әр көрсетіндісінде кездеседі. Ал 1922 жылы Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатов тұтқындалғанда Т.Рысқұлов пен С.Қожанов оларды түрмеден босату туралы Кремльге хат жолдаған болатын. Бұл жайдан хабары бар Д.Әділевтің соны емеуірін еткісі келді ме, кім білсін. Тергеудегі жауапта бұл жағы анықталмаған.

Сондай-ақ, Қараноғай (Әубәкіров) мен Діншеге қатысты жарияланымдардың негізділігіне қарамастан, сол зерттеушілердің «түрме әфсанасына» қатысты көзқарастарын білдіруге келгенде, ол азаматтар өз пікірлерін жалпылама айтып, ашық бояп, жадағайлатып жіберетіні де көңілге алаң кіргізеді. Шындығында да, Дінше өмірін тағдырына тапсырған күрмеулі тұлға. Бізге Діншенің немере туысы, соның ішінде Жаңаарқа ауданында шаруашылық басқарған марқұмдар Нұрғали Кенжетаев, Коңыбай Асанов деген азаматтар және әнші Игілік Омаров сол оқиғаның өткен жерін сексенінші жылы көрсетіп еді. Ол кезде Діншені тұңғыш театрдың директоры ретінде алғай жазып, алғаш баспа жүзінде атын атап ек. Көңілдің сол ыстық табын тергеу құжаттары суытып жібергенін несіне жасырайық. Соның ішінде мұқым алашордашыларды өмірде жоқ «астыртын ұйымның» мүшелері етіп көрсеткен «Дінмұхамед Әділевтің өз қолымен сызылған қазақ астыртын ұйымының шамамен алғандағы сызбасы» өзгелерді де, оның өзін де ату жазасына алып келген. Үш бетке сызылған жобаның мазмұны мынадай:

«1-сызба. 1921 жылдың көктемі мен жаз айындағы құрылымның мүшелері: Орынборда – Байтұрсынов, Сәрсенов Б., Омаров Е., Балғымбаев пен Әділев (Бұқараға кеткенше); Петропавльда – Тілеулин Ж., Семейде – Ғаббасов, Ермеков, Қозыбағаров; Ташкенттегі бөлімшеде – Дулатов, Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж., Қашқынбаев, Жаленов, Есполов, Бірімжанов, Юсупов, Б.Битілеуов, Омаров У., Тынышбаев, Бұқараға барғандар – Әділев, Болғамбаев, Әндіжанға барған – Әділев.

2-сызба: 21 жылдың соңынан 24 - жылға дейін: Орынборда – Байтұрсынов, Омаров Е., Бөкейханов, Дулатов (24 - жыл); Торғайда – Юсупов, Ақмолада – Болғамбаев, Семейде – Ғаббасов, Ермеков, Қозыбағаров, Дулатов (23-24 ж.ж.); Петропавльда – Тілеулин Ж., Москвада – Бөкейханов (23 ж. бастап), Жұмабаев (24 - ж. бастап), Ленинградта – Әуезов (24 - ж. бастап), Берлинде – Бірімжанов, Битілеуов, Мұңайтпасов, Парижде – Шоқаев; Ташкенттегі өзбек бөлімшесінде – Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж., Қашқынбаев, Жаленов (24 - ж. дейін), Есполов, Бірімжанов, Битілеуов (22 - ж. дейін), Омаров У., Тынышбаев, Қожанов, Бұқарбаев, Баймаханов С., Мұсаев Ш., Әлиев О., Данияров Б., Үмбетбаев А., Жұмабаев М., Әуезов М., Әділев Д.; Самарқанда – Үмбетбаев, Валидов (22 - ж. күзіне дейін); Шымкентте – Кенесарин, Әулие-Атада – Байсейітов Әзиз, Алматыда – Сүлеев Б.

3-сызба, 1925-28 жылдары: Қызылорда – Байтұрсынов, Дулатов, Есполов, Досмұхамедов Х. (27 - ж.), Омаров Е., Юсупов, Әділев (25-26 жылдар), Ғаббасов, Ермеков; Ташкент – Досмұхамедов Х., Досмұхамедов Ж. (26 - ж.), Қожанов (27 - ж.), Шымкент – Аймауытов (26-27 жж.), Алматы – Тынышбаев, Өзбекстанда – Омаров У. (26-27 жж.), Сарысу ауданы – Әділев (26-27 жж.), Орал – Жәленов, Москва – Бөкейханов, Жұмабаев, Ленинград – Әуезов, Берлин – Бірімжанов, Париж – Шоқаев, Константинополь – Валидов».

Міне, осы сызбаны тергеушілер Х.Досмұхамедовке көрсетіп: «Мұны жазған М.Тынышбаев. Сондықтан мойындап көрсетінді жаз»,– деп оны да, өзгелерді де арандатқан. Былайша айтқанда сызбаны «саспақ теке» ретінде пайдаланған. Бұл деректерді жасырып қалудың ретін таппадық. Ал Д.Әділевтің ағайындары мен туыстары және ол туралы зерттеушілер де өз пікірлерін бізден қалыс ұстады. Тек Ақселеу марқұм ғана пікір білдірді, бірақ тамырлата талдамады. Өйткені ол кісінің де туыстары осы іс бойынша жауапқа тартылып, атылып кеткен еді. Кітапты жазу барысында шындықтың осындай да бір шырматылуының жанға батқаны бар.

Халел Ғаббасов – түрменің өзінде де шындық үшін күресіп, пікірін дәлелдеп, заңды талаптарынан бас тартпаған. Тергеушілер де ерегесіп, оны өзгелерден бөлек жеке камерада ұстаған. Сөйтіп жүйкесін жұқартқан. Соған қарағанда: ату жазасына кесілген үкімді естісімен, кешірімді күтпей, өз еркімен түрмеде өмірден бас тартқан-мыс – деген қауесет те бар. Туған інісі, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Араб Ахметжанұлы Ғаббасов ағамыз біз хабарласқанда жасының ұлғайғандығын айтып (ол кезде тоқсанды алқымдап қалған) қазақ өнерінің төлтумасы Мұрат Ыбыраев ағамыздың септесуіне қарамастан түсінік беруден бас тартты. Мүмкін күдікпен өткен өмірдің үрейі сейілмеген шығар, кім білсін. Ал Шыңғыс елі бұл азаматты жат санап, соңына іздеу салмады. Сөйтіп, белгілі тұлға белгісіз күйінде қалып келеді. Ал біз ауылдасы ретінде білгеніміздің барлығын «Бәйбіше – Тоқал тарагедиясы» атты тарауда қамтуға тырыстық. Мүмкін, келешекте зерттеушілерден жолы болар.

Елдес Омаров – өзіне тағылған айыпты «өзінің жеке көзқарасы» ретінде дәлелдеуге ұмтылған. «Алашорда» тергеу ісі Әлихан Бөкейхановты Қазақстанмен шекаралас ауылға жазғы демалысқа шақырып, ұлт көсемін соңғы рет қазақ даласының ауасымен тыныстатқан сапарынан қайтқан Елдес Омаровты тұтқындаумен басталған. Есеп пен физика, геометрия терминдерінің авторы мамандығына орай, әр сөзін есеппен айтып, жаубын дұрыс шығарып, қорытындыны өзі жасап, қисынын шығарып отырған. Әттең, дейтіні – артында ұрпақ қалмағаны және әйелінің тергеуге жанай тартылғаны. Бұл туралы Ж.Күдериннің жары Т.Г.Күдерина-Насонованың «Өткен өмір» (Недалекое прошлое) атты естелігінде Жұмахан Күдеринмен кезінде етене араласқан, Жұмаханнан күдерін үзбеуге, ол есінде жүруге тиісті кейбір ірі тұлғаларға дық сақтап жазған жолдар мен пікірлер кездеседі. Сенген тұлғаларының өздерінің «қалпақ астында» жүргендегі сақтығын (мысалы, Қаныш Сәтбаев пен Мұхтар Әуезовтің қуғынға түсіп жүрген кезінде жылы қабақ танытпауын) жат пиғылға жорығанын ашынған әйелдің ашық мінезіне жатқызуға болар еді. Алайда кейбір зиялылар мен ғалымдардың әсіресақтығы мен жымысқылығы және олардың еңбетеріндегі жиендіктер ойлы адамды сескендірмей қоймайды. Мұны сол жылдардың психологиясына сайғанмен де үнсіз қалдыратындай «пысықтық» емес деп ойлаймыз. Сондай деректің бірін, Елдес Омаров пен оның әйелінің арасындағы «арбасу» туралы Т.Г.Күдерина-Насонова:

«Елдес Омаров, жер аударудан қайтып келген соң, қазақ тілінің оқулығын жазды, ҚазГУ-де қазақ тілінен дәріс берді. Оған оның әйелі – (Омарова Эльза) ұлын (Омаров Генрихті) ертіп қайтып келді де, оған өзінің қайтадан үйленуін талап етті. Елдес алғаш тұтқындалғаннан кейін Эльза оның барлық жеке мүлкін сатып жіберіп, басқа біреуге күйеуге шығып, сонымен бірге Ленинградқа кетіп қалған болатын. Қайта келген соң ол әйел: егерде бұған қайта үйленбесе, онда ұлы Генрихты Берлинге (оның ұлты неміс болатын) алып кетемін, баласын әкесіне өмір бойы көрсетпеймін – деп қорқытты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных