Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Поэтому в период такого исторического перелома, ожесточенной классовой борьбы являются особенно ответственными и роковыми политические ошибки каждого общественного работника. 57 страница




27. РФ Ұлттық (бұрынғы В. И. Ленин атындағы) кітапханасының мерзімдік басылымдар және ұлт әдебиеті бөлімдері.

28. Санкт-Петербург университеті архивнің хаттама, құжаттар бөлімі.

29. Санкт-Петербургтағы Салтыков-Щедрин атындағы кітапханасының сирек қолжазбалар қорының шығыстану бөлімі.

30. Семей облыстық архиві - 72, 73, 74, 275 қорлар.

31. Семей өлкетану музейінің архиві. 659 қор.

32. Ташкенттегі Ғ. Ғұлам мұражай-үйінің қоры.

33. Ташкенттегі О. Таңсықбаев мұражай-үйінің қоры.

 

 

Баспалар мен мерзімді баспасөздердегі жарияланымдар

 

1. Айнақұлова Д. Қазақ аты қалай қайтарылды?//Ана тілі.-1992.-7 қаңтар.-3-4 б.

2. Ақиқат ақ сөйлейтін туар заман (Файзолла Сатыбалдыұлы) //Жұлдыз.-1992.-№ 9.-200-203 б.

3. «Ақ жол» туралы үш құжат (Сталиннің «Ақ жол» газеті туралы хаты) //Ақиқат.-1993.-№ 1.-89-92 б.

4. Ақышев З. Қайран Жүкең... // Шалқар.- 1990.- қазан.

5. Алаш қозғалысы. 1-4 том. А., Ел-шежіре. 2002-2008.

6. Алаш: қайраткерлерінің ақталуы туралы Қаулы. // Қазақ әдебиеті.-1989.-6 қаңтар.

7. «Алаш ақиықтары» (2006)

8. Алашорда //Арай.-1990.-№ 2

9. Алашорда қозғалысы, 4 том

10. Алашорда үні – «Сарыарқа» // Ана тілі.- мешін жылы.-23 сәуір.-4 бет.

11. Алдажұманов Қ. Ақынның соңғы үміті // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 21 тамыз.

12. Аллаберген Қ. Жалмауыз жылдар жадымызда //1992.-29 мамыр.

13. Архив қалай аман қалды? // Ақиқат.-1993.-№ 5.- 63- 65 б.

14. Арыстардың қолтаңбасы // Шалқар, - 1990, ақпан.

15. Ахмедов Ғ. «Қилы-қилы заман болды...» // Жұлдыз.-1992.-№ 5.-143-164 б.

16. Ахмедов Ғ. Алаш – «Алаш» болғанда... // Қазақ әдебиеті.-1989.-8 желтоқсан.

17. Ахметова К. «Алаш» партиясы туралы бірер сөз// Ақиқат.-1995.-№ 9.- 64- 66 б.

18. Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары. ҮІІ том.

19. Байшуақов Ә. Түркістан легионы туралы шындық//Жас қазақ.-1992.-6 тамыз

20. Бектұров Ж. Көзбен көріп, көңілге тоқығандарымнан//Ақиқат.-1996.- № 8.-76-78 б.

21. Біз білмей келген ұйым немесе «Жас Алаш» қозғалысы туралы бірер сөз. //Ақиқат.-1996.-№ 11.-58-61 б.

22. В.Маричева. «Әкем үшін жауап бергім келеді» Сұхбат. Казправда. 1997. Тамыз.

23. Владимир Ильич Ленин. Биографическая хроника. М. 1974 стр. 352.

24. Ғаспірәлі Ы. Орыс ішіндегі мұсылмандар//Ана тілі.-1992.-18 маусым.-4 б.

25. Дәрімбетов Б. Алаш халыққа жақын ба, жат па? // Ана тілі.-1990.-10 мамыр.-4 бет.

26. Әбдеш М. Ертеден ел таныған жоғары білімді қазақтар туралы // Егемен Қазақстан.-1998.-7 тамыз.

27. Әбдіманов Ө. «Қазақтың» тағдыры немесе тұңғыш ұлттық газетке жаңаша көзқарас // Жас Алаш.-1992.-21 сәуір.-3 б.

28. Әбдіразақов Т., Аманбаев Қ. Жетпіс жылдық тарихтың тағылымы // Қазақ әдебиеті.-1990.-6 сәуір.

29. Әбу Құдабаев – ол кім? Немесе екі елге ортақ арыстың еңбегі неге еленбей жатыр? // Доңыз жылы.-5 қазан.-11 бет.

30. Әділбаев А. «Мырзажан» тек марапаттауға лайық па? (Л.И.Мирзоян) //.Ақиқат.1994, №2.-41-45 б.

31. Әділбаев Ж. Алашорданың батыс бөлімі туралы не білеміз? // Ақиқат.-1994.-№ 1.-94-95 б.

32. Әкірами Ш. Алашорда делегациясының Қытайға сапары // Түркістан.-1998.сәуір.

33. Әли Ф. Жүсіп Ақшора (1876-1935) // Ана тілі.-1994.-3 наурыз

34. Елкейұлы Б. Төгісов және «Үш жүз» партиясы // Алматы ақшамы

35. Әнесұлы М. Ағеділде қос ағыс бар // Ана тілі.- қой жылы.-17 қазан.-5-6 бет.

36. Ерғалиев Х., Қали Е. Ақиқат талабы – адалдық. // 3 бет.

37. Ершина А. Тұңғыш түлектің бірі (Досжанова А.)//Зерде.-25-26 б.

38. Жармұхамедов М., Аққошқаров Ә. Пәниден өтіп кетті қайран сабаз (А.Оразайұлы)

39. Жармұхамедов М., Қожықова С. Ұстаз. Аудармашы. Ғалым (Қ. Қожықов) // Қазақ әдебиеті.-1991.-28 маусым

40. Жармұхамедұлы М. Ахмет Ишан әулеті// Ана тілі.-1992.-21 мамыр.-4-5 б.

41. Жүнісбеков Б. Алданған алаш... //Халық кеңесі.-1992.-16 сәуір.

42. З.Тайшыбай мен Н.Дулатбеков. Жақып Ақбаев.

43. Ижанов З. «Алашты» «Үш жүз» қалай қаралады?// Ақиқат.-1998.-№ 1.-72-79 б.

44. К. Маркс. Введение к критике политической экономии. Изд. «Московский рабочий», 1922 г.

45. Қ.Алдажұманов, Ақынның соңғы үміті. «Қазақ әдебиеті». 21.08.1992).

46. Қ.Кемеңгерұлы. Шығармалары. Құрастырған Д.Қамзабекұлы. А.Алаш. 2002-2004.

47. Кeдерина-Насонова Т.Г., Кeдерина Л.Ж. «Недалекое прошлое», М. Феникс, 1994.

48. Қабышұлы Ғ. Ар оянбай адам жоқ. // Жас алаш.-1992.-28 желтоқсан.

49. Қазақ білімпаздарының тобы (сиезі) (тарихы мен тағлымы) // Өркен.-1990.-29 желтоқсан.

50. Қазақ социалистік партиясы // Лениншіл Жас.-1990.-27 шілде.

51. «Қазақ» қайта шыға ма? «Қазақ» газетіне-80 //Қазақ әдебиеті.-1993.-29 қаңтар.

52. Қамзабекұлы Д. «Алқа» - Алаш жазушыларының ұйымы//Жұлдыз.-1998.-№ 2.-165-174 б.

53. Қамзабекұлы Д. Алаштың рухани тұғыры. А.Ел-шежіре, 2008.

54. Қаһарманұлы Ғ.Жәжеке. Естеліктер мен деректер. А. Қазығұрт. 2005

55. Кәкен А. Ұлтшылдықпен күрес немесе қазақ зиялыларының қасіреті // Түркістан.-1998.-4-10 ақпан.

56. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. Қазақстан. 1992.

57. Кәкішев Т. Қағидаға айналған қателер түзелсе//Жұлдыз.-1988.-№ 11.-141-166 б.

58. Кенжалин Ж. «...Баласы Жүсіп қажы Ахметсапа» (Юсупов А.-100)

59. Кенжеахметов С. Мемлекеттік Дума мүшелері// Ақиқат.-1995.-№ 9.- 58 б.

60. Кенжебаев Б. Телегей теңіз // «Лениншіл Жас».- 1989.- 6 қаңтар

61. Қожакеев Т. Ғалымбек Бірімжанов. Біз ол туралы не білеміз?//

62. Қожакеев Т. Сатирик Біләл Сүлеев//Халық кеңесі.-1993.-№65.-6 сәуір

63. Қозыбаев І. Ел қамын жеген екеу кім?//Арай.-1990.-№ 7

64. Қозыбаев М. Шындық тағылымы // Қазақ әдебиеті.- 1988.-8 сәуір.-10-11 беттер.

65. Қойгелдиев М. Алаш Орда...//Егеменді Қазақстан.-1992.-18 қаңтар.-4 б.

66. Қойгелдиев М. Алаш өткен жол... //Ақиқат.-1994.-№ 2.-41-46 б.

67. Қойгелдиев М. Алаш өткен жол... //Ақиқат.-1994.-№ 4.-34-37 б.

68. Қойгелдиев М. Алашты бұғаудан қашан босатамыз?//Арай 1990.№2-3

69. Қойгелдиев М. Ахаңдар аялаған азаттық рухы // Ана тілі.-1990.-1 қараша

70. Қойгелдиев М. Зұламат ұрындырған жол // Егемен Қазақстан.-1992.-27 маусым.-4 бет.

71. Қойгелдиев М. Ұлтшылдықпен күрес науқаны//Социалистік Қазақстан.-1991.- 9 мамыр

72. Қоңыратбаев О. Дүрбелең басы немесе... // Лениншіл жас.-1991.-16-17-20 тамыз.-№ 159,160,161.

73. Қоңыратбаев О. Қымбатқа түскен кеңес өкіметі // Қазақ әдебиеті.-1992.-15 мамыр.-6 бет.

74. Қоңыратбаев Т. Қапыда кеткен қайраткер (Қ.Қоңыратбаев) //Ақиқат.-1995.-№1.- 29-36 б.

75. Қорғасбектегі Ж. Ардақтылардың асы берілді//Қазақ әдебиеті.-1991.-11 қазан.-2 б.

76. Қоспақов З. Асыл жандар аялаған ән // Қазақ әдебиеті.-1990.-3 тамыз.

77. Құдайбергенов Р. Ер жақсысы-табынан... (Құлманұлы Б.)//Ана тілі.-1994.- 1 қыркүйек

78. Құлжабайұлы М. Ташкент: Мұстафа мен Мағжанның ғұмырына қатысты құжаттар не дейді? // Қазақ әдебиеті.- 1999.-5 ақпан.

79. Құлияс Т. «Айбынды ағартушы еді...» атты Л.Ж.Күдеринамен сұхбат-мақаласы // Астана ақшамы.- 2010.- 9 қазан.

80. М.Абсамет. Сакен Сейфуллин. Астана. 2006.

81. М.Құлмұхамед. Алаш ардагері. А. Атамұра. 1996.

82. Мақалалар//Ана тілі.-1990.-14 наурыз.-3-6 б.

83. Мақалалар//Жалын.-1989.-№ 2.-2-34 б.

84. Мақалалар//Қазақ.-1993.-№ 267.-26 наурыз.

85. Мекебаев Т. Уақытша үкіметтің қазақ облысындағы жер саясаты... //Ақиқат.-1995.-№ 11.-32-35 б.

86. Мұқанов С. Өмір мектептері. А., 1970.

87. Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. А., 1997 жыл.

88. Мырзахметов Е. Ағайындар-ау, қисынға қарайық та! (Абылай хан) // Қазақ әдебиеті.-1993.-29 қаңтар.

89. Не екен ойландырған арыстарды? «Қазақ» газеті (1913-1918) //Ақиқат.-1998.-№6.-81-83 б.

90. Не екен ойландырған арыстарды? «Қазақ» газеті (1913-1918) //Ақиқат.-1998.-№7.-75-77 б.

91. Нұрмағамбетов Қ. Қайреден аға халықтың қамқоры еді... (Х.Болғанбаев) // Жұлдыз.-1995.-№11-12.-204-205 б.

92. Нұрпейісұлы К. Қазақ интелегенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығы (20-30 жылдар мысалында) // Столичный обозрение.-1998.-12 маусым.-10 бет.

93. Озғанбаев Ө. Демократия бастауында н/се қазақ депутаттардың І және ІІ мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы туралы// Ақиқат.-1996.-№1.-38-45 б, № 2 -50-57 б.

94. Омарбеков Т. Алаш азаматтары жайлы жаңа деректер// Ақиқат.-1993.-№ 4.- 74- 79 б.

95. Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда // Лениншіл жас.-1990.-9 тамыз.

96. Омарбеков Т. Голощекиннің төңірегі: ол туралы не білеміз?// Ақиқат.-1995.-№ 9.- 26- 30 б.

97. Омарбеков Т. Қазақ байы // Ана тілі.-қой жылы.-7 қараша.-4 бет.

98. Омарбеков Т. Ресейде түрік мемлекеттігін құру идеясы неге жүзеге аспады? // Ақиқат.-1993.-№ 7.- 37- 41 б.

99. Омарбеков Т. Созақ көтерлісі... // Ана тілі.-жылқы жылы.-24 мамыр.

100. Омарбеков Т. Троцкизмнің Қазақстандағы көлеңкесі // Ақиқат.-1996.-№ 1.- 36- 39 б.

101. Омарбеков Т. Ф.Голощекиннің құпия хаты//Ақиқат.-1996.-№ 5.-46-51 б.

102. Омарұлы М. Алты алаштың алыбы (Құралбай Қосақов)

103. Оралтай Х. Алаш Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны // Азат.-16-31 мамыр.

104. Орынбаева Р. Нәзипа Құлжанова және «Қазақ» газеті//Қазақ тарихы.-1998.-№4-5.-11-13 б.

105. Өзбекұлы С. Бақтыгерей Құлманов кім?//Түркістан.-1997, тамыз.

106. Өтегенов Т. Голощекиннің «Кіші октябрі» // Алматы ақшамы

107. Раджапов А. Түркістан автономиясы: тағдыры мен күйретілуі//Ақиқат.-1996.-№ 10.-60-63 б.

108. Рысбеков Т., Рысбекова С. Батыс Қазақстандағы алаш зиялылары// Ақиқат.-1998.-№ 6.-63-68 б.

109. Сариев Ш. Қазақ әдебиеті мен тарихын қайта қарау керек пе немесе жиырмасыншы жылдар поэзиясына жаңаша көзқарас // Алматы ақшамы.-1991.-15 мамыр.-2 бет

110. Сармурзин А., Қойгелдиев М. Халықтың жарық жұлдызы «Қазақ» газетінің шығу тарихынан//Жұлдыз.-1990.- № 9.-189-194 б.

111. Сатаева Ж.И. Алашордашылар туралы кейбір теріс пікірлерге сын// Ақиқат.-1998.-№ 7.-85-87 б.

112. Сәрсеке М. Ағайынды Сейітовтер//Ақиқат.-1998.-№2.-71-76 б.

113. Сталин отставка сұрайды// Ақиқат.-1993.-№ 7.-63-65 б.

114. «Советская степь» газеті, 1927 жыл, 21 қараша.

115.

116. Субханбердина Ү. «Қазақ» газеті//Егемен Қазақстан.-1998.-25 ақпан

117. Субханбердіқызы Ү. Ашылған бүркеншік аттар // Қазақ үні.-1993.-сәуір

118. Сүлейменова Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы… А., Арыс.

119. Т.Кәкішұлы, К.Ахмет. Сәбит Мұқанов, А.Арда. 2005.

120. Талжанов С. Есімдер сыры//Жұлдыз.-1990.-№ 1

121. Тасымбеков А. Азапты сапарлар // Лениншіл жас.- 1989.- 10 қаңтар.

122. Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл.

123. Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты.Жинақ. Ташкент. 2005.

124. Тәжімов М. Қаралы тізім // Егемен Қазақстан.-1997.-31 мамыр.-5-6 б.б.

125. Тәжуітов А. Қазақ және Орта Азия халықтары//Түркістан.-1996.- 7 ақпан.-2 б.

126. Тәуімбет Б. Тынышбаев тағдырының әр қыры. // Жұлдыз, -1997.-№4.-182-198 б.

127. Төлепберген М. Тұңғиықтағы тұнба//Егемен Қазақстан.-1997.-25 қазан.-5 б.

128. Түрікбюросының мәлімдемесі//Жалын.-1992.-№ 4.-49-52 б.

129. Тұрғынбеков С. Қарқаралы петициясында не айтылды? // Ақиқат.-1995.-№ 9.- 31- 42 б.

130. Тынышбайұлы М. Қазақ руларының шежіресі//Ана тілі.

131. Уәлиди З. Қазақ оқымыстылары туралы// Ана тілі.-1991.-16 мамыр.- 4-5 б.

132. Халқы қолдаған «қазақ». «Қазақ» газеті (1913 ж.- 1918 ж.)//Ақиқат.-1998.-№8.-75-78 б.

133. Шәріпбаласы А. Қазақсыздандыру қасіреті // Ана тілі.- мешін жылы.-9 шілде.-4 бет.

 

Мазмұны

Ілеспе.........................................................................................................................................3

Бірінші тарау: Тез тартар..........................................................................................................4

Екінші тарау: «Татулықты сүйгіш, сезгіш жүректі...» (М.Тынышбаев)..............................30

Үшінші тарау: «Бостандықтың аятты жасыл туы...» (Х. және Ж. Досмұхамедовтер)…..81

Төртінші тарау: «Көтеріліп-басылған жанартау...» (Ә.Ермеков).........................................149

Бесінші тарау: «Тұңғиық терең жарға кеткен түсіп...» (М.Тұрғанбаев және...).................198

Алтыншы тарау: «Жетілмеген елдің баласы...» (Ж.Аймауытов)..........................................219

Жетінші тарау: «Абылайша тіккен ақын...» (МүЖұмабаев).................................................250

Сегізінші тарау: «Заманының сұрқылтайы...» (Ә.Байділдин)..............................................291

Арылу (Қорытынды орынына).................................................................................................308

Қосымша.....................................................................................................................................325

 

 

Қосымша

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Ә.Байділдиннің: «Іске тігілді» деп атап көрсеткен хаттамалары

«1921 жылы 10 желтоқсан күнi өткен қазақ қызметкерлерi қатысқан қоныс аударған қазақ қызметкерлерiн керi қайтарудың амалын қарастыру.

Қатынасқандар: Жангелдин, Әуезов, Алманов, Асылбеков, Нахимжан, Кенжин, Байтұрсынов, Байдiлдин, Төлепов, Жаманмұрынов, Сарымолдаев, Авдеев, Найманбаев, Нұрмаханбетов, Игiлiков, Қаржасов, Тұнғашин, Бiржаров, Оразбаева, Саматов, т. б.

Жолдас Жангелдин төрағалық еттi.

Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы М. Әуезовтiң баяндамасы тыңдалды. Әуезов жолдас: аштарға көмек көрсету ұйымдарының аяғы әлi қыр елiне жеткен жоқ. Олардың таяу арада жетуi де неғайбыл екенiн айтты. Әуезов оның себебi мынада деп көрсеттi:

1. Ауылдардың тiкелей өзiмен араласа отырып, олардың мұқтажтықтарын анықтайтын бұл саладағы мiндеттi атқаратын қызметкерлер жоқ. 2. Аштыққа ұшыраған қазақтар нақты бір жетекшi адам болмаса, олар аштарға арналып мемлекет тарапынан бөлiнген сыбағаның өзiне де қол жеткiзе алмайды, өйткенi қазақтар бір үзiм нан үшiн жат жерде қол жайып қаңғып жүргеннен көрi үйiнде өлгендi артық санайды, тiптi көмек сұрап ел кезе қалған күннiң өзiнде де қараңғы, аңқау қазақ оларды өз бетiмен iздеп таба алмайды, көмекке қолы жетпейдi. 3. Жергiлiктi жерделі аштарға көмек көрсету ұйымы қолтығының астындағы, яғный жақын маңдағы қалалар мен қала маңындағы селолардағы күйзелгендерге ерекше қамқорлық жасауға тырысады, сондықтан да қаладан шалғай орналасқан қазақ ауылдары үнемi кейiнге ысырылып қалады. Шындығына көшсек, – дедi Әуезов, – ашаршылық жайлаған қырдағы елдiң қырылғанының жанында, қаладағы аштықтың үрейлi көрiнiстерi ойын сияқты әсер етеді. Егерде бұл аудандарды аштықтан құтқару үшiн дәл қазiр шұғыл түрде шешушi шара қолданылмаса, онда қазақ республикасы қазақсыз қалады. Көптеген аудандардағы қазақтар көптен берi тек қана көртышқанмен, тышқанмен, суырмен, тағы сол сияқты ұсақ жәндiктермен өзегiн жалғауда, соның кесiрiнен әртүрлi жұқпалы аурулар мен iндеттер естiп- бiлмеген деңгейде таралып барады.

Мұның барлығы, аштарға көмек көрсету ұйымдарының қыр елiне жаны ашымайтындығын, оларға немкеттi қарайтындығын көрсетедi, сондай-ақ осындай қасiреттi өрттi өшiруге қазақ қызметкерлерiнiң де бейғамдығы байқалады. Өкiмет басында отырған қазақ қызметкерлерi, бұл iстi дәл осы күйiнде қалдырып қоюға болмайтыны өз алдына, бұл –бәріміз үшiн қылмыс, бiз бұл үшiн қазақ елiнiң алдында, өзiмiздiң арымыздың алдында жауаптымыз, – дедi Әуезов жолдас.

Баяндамасының соңында Әуезов жолдас қырдағы аудандарға аштарға көмек көрсету шараларының жоспарын ұсынды, жарыссөз бен талқылаудан кейiн iшiнара өзгерiстер мен толықтырулар еңгiзiлген соң бұл ұсыныс қаулының негiзi етiп алынды.

1.Қазақ қызметкерлерiн осы жұмысқа тарту және олардың күшiн пайдалану туралы Алманов жолдас баяндама жасады.

Алманов жолдас мынаны атап айтты: Бiз ешқашанда қазақ қызметкерлерiн орынды пайдаланып көргемiз жоқ. Аштық болса тамағымыздан алып, қылқындырып жатқан кездiң өзiнде бiз ешқандай қолғанатсыз, жергiлiктi жерде жетекшiсiз отырмыз. Оның үстiне, былтыр, одан арғы жылы осында iстеген партия қызметкерлерiнiң өзi бiзден кетiп қалды. Мұның басты себебi – орыс коммунистерiнiң жүргiзiп отырған отарлаушы бағытында. Бiз әу баста қазақ қызметкерлерiн орынымен пайдаланбадық, – дедi одан әрi Алманов жолдас, – бiз оларды жан-жаққа қуып, жыртығымыз бен тесiктерiмiздi бiтедiк, бұл онсызда саны аз қызметкерлердi есiнен тандырды, белгiлi бір нақты жұмыспен айналысуға мүмкiндiгi болмады. Қазақ арасындағы аса зәру iстерге де жұмсайтын адамымыз жоқ. Бұл мәселенi дәл қазiр шешу керек, қазақ қызметкерлерiн жұмысқа тарта отырып, олардың мiндетiн анықтауымыз қажет. Сөйлеген адамдардың пiкiрi осыған тоғысып жатыр, – деп ойын қорытты Алманов жолдас.

Жарыс сөзден кейiн кеңес төмендегiдей қаулы қабылдады.

Қаулы:

Қырдағы аудандардың аштыққа ұшыраған тұрғындарына нақты көмек көрсетудi ұйымдастыру туралы Әуезов жолдастың баяндамасын тыңдағаннан кейiн жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi мынаны атап өтедi:

Осы уақытқа дейiн аштыққа ұшыраған қырдағы аудандардың бiрде-бір тұрғыны мемлекет тарапынан нақты көмек алған жоқ, олар өз беттерiмен қаңғып кеттi, сөйтiп өлiм тырнағына iлiндi. Олардың ешқандай көмек алмағаны былай тұрсын, тiптi КССР-нiң партия және кеңес ұйымдарының, орталықтың да, жергiлiктi жердiң де, тiптi қаперiне де iлiнбеген, яғни, турасын айтқанда, ұмыт қалған, тағдырдың тәлкегiне тастаған. Жоғарыда айтылған жайларды көрсете отырып, бишаралыққа ұшыраған қазақ елiне біз былай немкеттi және самарқау қарауға төзуге болмайтынын атап өтеміз, жауапты қазақ қызметкерлерiнiң кеңесi – барлық өлкелiк және жергiлiктi партия және кеңес, кәсiподақ ұйымдарын, белсендi түрде көмек көрсетуге шақырады. Пәрмендi көмек көрсету үшiн кеңес өзiнiң тарапынан мынадай нақты шараларды белгiледi:

а). Аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарға көмек көрсету үшiн Орталықтағы және жергiлiктi жердегi аштарға көмек көрсету ұйымының басты мiндеттерiн анықтап, оларды топ-топқа бөлсiн.

б). Қыр елiне көмек көрсету үшiн барлық жерде салауат-сауын (компание) жүргiзiлсiн: бұл мәселенiң осы уақытқа дейiн ескертiлмегендiгiне мән берiлiп, барлық партия, кеңес және кәсiподақ ұйымдары, бұл мекемелерде iстемейтiн жекелеген қазақ қызметкерлерi салауат – сауынға белсендi түрде тартылсын, республикалық баспасөз мекемелерi халықтың санасын оятып, съездер мен жиналыстарда оларға ықпал етуге тырыссын.

в). Аштарға көмек көрсету ұйымының жергiлiктi жердегi құрамына адал қазақ қызметкерлерi кiргiзiлсiн, оларды неғұрлым көбiрек тартуға ұмтылсын, қыр елiне тiкелей көмек көрсету үшiн оларды аштарға көмек ұйымының жауапты өкiлi ретiнде пайдалансын.

г). Республикалық және уездiк аштарға көмек ұйымының қызметкерлерi тек қана аштыққа ұшыраған қырдағы аудандарда жұмыс iстеу үшiн төтенше өкiл боп барсын. Оларды аштарға көмек көрсету ұйымының өлкелiк төтенше өкiлдiгi ұсынады, обком мен қазақ Орталық Атқару Комитетi бекiтедi, соңғысы мандатпен қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өкiлдердi аштарға көмек көрсету ұйымының төтенше өкiлi бекiтiп, мандат бередi, оны жергiлiктi партия және әкiмшiлiк мекемелерi растайды.

д). Аштарға бөлiнетiн азық-түлiктiң жайы туралы аштарға көмек көрсететiн орталық комиссияға мынадай ұсыныс жасалсын: аштарға көмек көрсететiн губерниялық ұйымға қолдағы бар азық-түлiк қорының белгiлi бір мөлшерi нақты санмен көрсетiлсiн; уездерге бөлiнген кезде мiндеттi түрде аштарға азық тарататын бір қазақ өкiлi қатысып тұрсын.

2.Орталық және жергiлiктi партия, кеңес мекемелерiн көмекке тартуды қатаң кеңсе тәртiбiмен жүргiзудi, сонымен қатар осы мақсатпен арнайы адамдарды жол сапарға шығаруды облыстық мекемелер, ҚазЦИК және жекелеген халық комиссариаттары өз мiндетіне алады.

3. Партия, кеңес мекемелерiнде жұмыс iстейтiн және жұмыссыз жүрген қазақ қызметкерлерiнiң тiзiмiн өкiлдерiмен бiрлесе жасау мiндетi ҚазЦИК-ке тапсырылсын, аштарға көмек комиссиясы мен өлкелiк төтенше өкiлдiктiң қатысуымен олар аштық жайлаған губернияларға жөнелтiлсiн, сондай-ақ арнайы азық-түлiк жинау үшiн Түркiстан Республикасына жiберiлсiн.

4. Аштарға көмек комиссиясымен келiсiп отырып осы қаулының негiзiнде шара қолдану құқына ие болатын ҚазЦИК-тiң бір мүшесiн өлкелiк төтенше өкiл етiп тағайындау мiндетi ҚазЦИК-ке жүктелсiн.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных