ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуыМектепке дейінгі кезкеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдауы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әр түрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардан айырмашылығы бар екндігін бөліп, ажырата алады. Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды. Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бірсыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгертулерін үлкендердің жетекшілігі және бағыттауы арқылы өз бақылаулары мен әрекеттерінің тәжірибесінен алады. Білім қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екндігінде. Егер бала өз іс-әрекетінің жемісті болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіндіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім міндеттерін шешуге пайдаланылады. Ойлау іс-әрекеттерініңқалыптасуы мен жетілуі ойлаудың негізін құрайды. Бала қандай білімді игеріп, оларды қалай пайдалана білетіндігі оның қандай ойлау іс-әрекеттерін игергендігіне байланысты. Мектепке дейінгі шақта ойлау іс-әрекеттерін игеру сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерін игеру мен бойға дарытудың жалпы заңы бойынша өтеді. Осы сыртқы іс-әрекеттері форма, не сөз бен сан сияқты белгілер арқылы қабылданады. Ойлау баланың дамуына оның таным әрекетіне үзіліссіз өрістеп, кеңеюіне байланысты болады. Кейбір заттар мен күнделікті өмірде бірнеше рет әрекет ете отырып, оның әр түрлі қасиеттері мен сапаларын ерте ажыратып, сол зат туралы жалпы түсініктер пайда болады. Ал кейбір заттарды сирек көріп, аз әрекет ететін болса, оны тек қана бір жақты танып біледі. Заттар мен тікелей әрекет етіпанықтап білу нақты бейнелік ойлаудың дамуына әсер етеді. Баланың дүниені танып білуінің өзі қабылдау мен түйсіктің дамуына тікелей байланысты. 6 жастағы балалар үшін көрнекі амалды ойлауының маңызы зор. Баланың жасы өскен сайын мәселені өз бетімен ойлап, шешуі кеңейеді. Бірақ әрекеті икемсіз болады. Ересектер тобынан бастап, практикалық әрекет арқылы сөзді қабылдау жүзеге аса бастайды. Әрекетті басқа жолмен құрудың өзі мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Мектепке дейінгі баланың мынадай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі. Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді. Үшіншіден, әр түрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді. Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты. Баланың ойлауының дамуына түрлі әрекет әсер етеді. Іс-әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс-әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс-әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс- әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әр түрлі формадағы белгілі бір мақсаттар мен міндеттерге бағытталып отырады. Мысалы: баланың ойлау қабілетін дамыту үшін түрлі ережесі мен шаттары бар дидактикалық ойынды ұйымдастырудың маңызы зор. Сондықтан ата-аналар мен тәрбиешілер ойынды тиісті талаптарға сай ұйымдастырып, басшылық жасай білу қажет. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|