ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметіБаладың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштер дәлелдейді. Оның ұйысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесі күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен де байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандырып отырмаса айқайлап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш бола ма соған да байланысты, яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен де жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл-күй қалпының өзгеруімен жіне бірден жарқырап қуанып, жабырқап, қайғыруынан байқалады. Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы,өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, естеліктер мен дағдыларды тез игеруі көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекетінің бір түрден екінші түрге тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алуы, шапшаң қимылдап тез сөйлеу, сезгітікті пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерлегіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді. Кейбір балаларды ашуланшақ, күгелек, шыдамсыз десек, енді біреулердің қуанғаны да, ренжуі де түсініксіз дейді, Енді біреулерді икемді, етпі десек, оған қарама- қарсы ебедейсіз, олақ, бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланың сыртқы әрекеттердің әсеріне оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|