ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Заттармен әрекет етуге көшудің түрлері.1.Сәбидің құралдарды қолданып әрекет етуінің дамуы. 2.Қабылдау мен ойлаудың қалыптасуы. 3.Сәбидің зейіні мен есінің ерекшелігі. 4.Сәби тілінің дамуы. Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді. И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды. Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады. Сәби айналасындағы болып жатқан оқиғаларға лезде қорытынды жасай алмайды, ол болып өткен оқиғаны не көрген іс – әрекеттерін тек қана қиялдау тұрғысында келтіріп қана қояды.Сәбидің айналаға зер салып, көз аудара бастауында пайда болған аралық – заттық әрекет кезеңін құрайды. Мұнда бала көрген заттарына (түрлі – түсті, жылтыр, қозғалмалы) талпыныс жасай отырып заттық әрекеттің бірінші кезеңдік сипатын өз бойында қалыптастыра бастайды. Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді. 1. Үйретіліп отырған сөздің магынасына байланысты бейненің болуы және алғаш кезде оның тұрақты болуы. Мысалы, «әке» деген сөзді үйрету үшін «әке» деп айтып отырып, әкесін көрсету керек. 2. Сөзді айтушының болу керек және алғаш кезде ол да тұрақты бір кісі, айталық, шешесі болуы тиіс. Сөзді айтушы болмаса, бала сөйлеп үйренбейді. Мысалы, сақау адамдардың баласы сөйлеу қабілеті бола түра, сөйлеп үйренбеуі мүмкін. 3. Бала сөздің мағынасына байланысты затты дұрыс тұруы керек, яғни баланың денесі кеңістікте дұрыс орын алуы қажет. Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады. Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін,дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған: Баланың дүниетанымының өсуі қоршаған дүниемен таныстырумен тікелей байланысты. Сондықтан да ғалымдардың бәрі қоршаған ортамен таныстыруды баланың ақыл-ойын дамытудың негізгі нысаны ретінде алып отырған.Бұл мәселе туралы психолог-ғалым Х. Т. Шерьязданованың өте 1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды. Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi. Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады, дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады: 1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы; 2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу; 3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру; Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты. Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс: 1. Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға көңiл бөліңіз, өйткенi ересек адам айтқан сөз дұрыс үлгi болып табылады; 2. Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын қадағалаңыз; 3. Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|