ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Нәрестелік кезеңнің ерекшеліктері1) Бала өмірінің алғашқы жылында кездесетін дағдарыстар. 2) Бала тілінің даму барысындағы дербес сөзінің мәні. 3) Баланың сөзді эмоциялық тұрғыда түсінуі мен автономиялық сөйлеу белгілері. 4) Бір жастағы балалардың заттармен әрекет етуінің ақыл-ойы мен таным үрдістерінің дамуына ықпалы. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған. Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын. Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді. Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады. Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес. Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік:ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады. Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді.; Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты «Бұл нс?» деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай? Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни «Бала тілі» деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз. Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты. Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды. Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді. Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды. Фактілерден бастайын. Бала тілінің шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды. Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік баланың дербестік тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын Дарвин мысалдарынан оқулықтарда келтірілген үзінділер арқылы берілген. Бірде оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны «уа» деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көргсн ксзде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Вір кезде оны да «уа» деп атай бастайды. Бұдам кейіи тиынды еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль) «уа» дсп атайтын болды. Сәбидік әр турлі заттардың қасиетін айтып, олардың тұрақты жүйемен ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік «пу-фу» деген сөзін айта беруі мүмкін. Ал біздің сөздеріміз бен түсінік жүйеміз сәбидің санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып ораламыз. Енді осы фактіні тұжырымдайық. Бала сөзінің мағынасы біздікінен басқаша құрылған дегенге әркім-ақ. келіседі. Сонымен, баланың, дербестік тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші ерекшелік – тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық жағы. Осыдан баланың дербестік тілінін үшінші ерекшелігі келіп шығады, оны Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындары жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді. Неміс авторлары бала сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны асыраушының не күтушінің тілі деп атады. Оның мәнісі бұл тілді тек сәбиді тәрбиелеуші адамдар ғана түсінеді деген сөз. Ересектер баланың сөйлеуіне ыңғайлануға тырысып, кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай ықпал етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ орынан «ау-а» десе, біз баламен тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін байқаймыз. Ересектер балаға қатысты біз әрқашанда мынадай қателікке жол береміз: бала кішкентай болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс сияқты Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік үйді нұсқап «үйшік» немесе ірі жылқыны көрсетіп «мынау құлыншақ» дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің өз аты мен түр-сипатын атап үйреткен дұрыс болмақ. Ал бұзып сөйлеу біздің өмірімізде кең орын алған, бірақ баланың бүкіл дәрбестік тілі ғой деп санап, асыраушы мен күтушінің тілді бұрмалал сөйлеуі пайдалы емес. Бала ересектердің йлеуімен сәйкес келмейтін ‘сөз жұрнақтары мен мағына жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді. Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам. Алайда Штумфтың хабарын замандастары күлкілі окиға ретінде қарады. Баланың дербестік тілінің негізін ашын керсету үшін және екі түрлі фактіні байқап көрсету мақсатын анықтауға ондаған жылдар бойы ғылыми зертгеулер жүргізуге тура келді. Бірінші факті баланың дербестік тілі некен-саяк болатын оқиға емес-ті, Ол кез келген сәбидің тілінің дамып жетілуіне байқалатын зандылық. Мұндай зандылықты былай түсіндіруге болады: бала ересектердін тілін меңгеруге дейін дербестік тілінде сөйлейді. Мен бұл жайтты дара ерекшелік ретінде айтып отырмын. Енді біздерге қазіргі ғылыми әдебиеттерде айтылын жұрт дербестік тіл деген атаудың мәні зерттеушілерге түсінікті болса керек. Дербестік тіл бала сөйлеуінде өзіндік ерекшелігі бар заңдылыққа бағынады. Бұл тідің дыбыстық жүйесі де, ұғымдық жағы да қатынас жасау мен қабысу түрлері өзгеше. Сондықтан да ол дербестік тіл деген атаура ие болады. Сонымен бірінші жағдай – баланың дербестік тілі – кез келген дені сау сәби дамуындағы қажетті кезең деген жайтты қуаттайды. Екінші жағдай: түрлі себептермен тілі жетілмей қалған кезде, оның дербестік тілінің дамуы жиі кездеседі және бұл жай бала тілінің дамуындағы кемшілікті анықтайды. Осындай кемшіліктер әр түрлі себептер салдарынан пайда болғанымен баланың сөйлеуі мен ым-ышарасы негізгі генетикалық кызмет атқара береді. Дені сау бала мен кемістігі бар бала өмірінде дербестік тілі елеулі роль атқарады. Әрбір сәбидің дамуындаш дербестік тіл шындык фактор. Бұл жайт сәбилік кезеңдегі дағдарыс деп саналады. Алайда сәби алдағы даму кезеңдерінде сөйлеу әрекеттерін ересек адамдарға еліктеу нәтижесінде қалыпты жағдайға түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады. Баланың дербестік тілінің кейбір ерекшеліктерімен танысып, баланың бірқалыпты және оңдағы кемістіктің пайда болу себетерін анықтаған фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде сөйлеу сатысындағы екінші жылғы өмірінен ірнеше мысалдар келтірейік. Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына бір ғана белгісі бойынша, басқа заттар екінші белгісі бойынша енеді. Мысалы, сары сабын түсінің белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты анықталады. бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана «қа» деп аталатын сөз арқыл бейнеленетін заттар тобын құрайды. Баланың өзіндік тілінің әдеттегі сөйлеу тілінен тағы бір ерекшелігі – сөздердің жеке мағыналары арасындағы қатынас. Баланың сөздерді жекелеген сөздердің мағыналык қатынастары белгілі жүйемен дамытып отырудың маңызы ерекше, тәжірибелік-дефекгология институтының (ЭДИ) тіл клиникасындағы бір кезде үстел, орыңдық, шкаф деген сөздерді білетін, бірақ мебелі деген сөзді білмейтін сәби болды, Мебель сөзі үстел, шкаф деген сөздердін жинақы мағынасы. Бұл ұғым. Баланын дербестік тілінің жоғары сатыға көтеріліп, топтастыра алмау себебі оның жекелеген сөздердің мағыналары арасындағы жалпы ерешелікті аңғарып біле алмауы. Ерекше даму кезінен бір мысал келтірейік. Клиникада бір сәби зерттелді. Ол сәби жасыл дегенді ашық түс ретінде, ал көк дегенді күңгірт түс ретінде қолданады. Егер сіз сәбиге екі парақты: ашық сары және күңгірт сары түсті парақты берсеніз, олардың алғашқысы жасыл деп, ал екіншісі көк деп аталады. Ал егер сіз сәбиге сол күңгірт сары парақты қойсаңыз, онда енді сары түс жасыл деген атқа, коңыр түс – көк деген атқа ие болады. Бір түстің өзі оның жаныңда жатқан түске байланысты түрліше аталады. Сәби ашык пен күнгіртті ажыратады, ал нақты түстің қасиетін ол біле бермейді. Салыстырмалы түрдегі неғұрлым ашық, неғұрлым күңгірт деген түстер бар. Сөздің мағынасының заттық тұрақтылығы жоқ. Штумф ұлын бақылағанда дәл осындай жағдайды кездестіреді, ол да бір түске әртүрлі атау береді. Ағы басым жасыл түс пен қарасы басым жасыл түс олар қабылдайтын түйсік құрылымына байланысты түрліше аталады. Біріншіден, жоғарыда аталғандай бала тіліндегі сөздердің мағынасы әрқашан белгісіз жағдайға тәуедді. Сәби көрнекі қағдайдан тыс болса, сөз көмегі арқылы ойлай алмайды. Сөйтіп дербестік тіл сатысында сәбидің ойлауы сөздік ойлаудың кейбір қасиеттеріне ие болады. Сондықтан сәбидің сөздік атынасы:өрнекілік пен сөздік ойлау арасындағы байланыс затгық түрінде ұштасқанда ғана оның қажетіне айналады. Бұл орайда дербестік тіл сөздердің мағынасы өзара сабақтасу жағынан бірікпейді. Мысалы, мебель сөзінің орындык сөзімен қатынасы жоқ. Екіншіден, сөздердің өзара байланысы. Мұндай байланыс тек сәбидің көз алдында тұрған заттардың бірігуі сияқты болып көрінеді. Айталық, поезд келді (пот келді). Олар өз әсерінің байланысын білдіру арқылы ғана сөздер байланыса алады. Заттар арасындағы байланыс бала тілінің осы сатысында әлі де ойлау жүйесіне көне бермейді. Сондықтан ойлау да дербестік қасиетіне ие бола алмайды. Бұл кезенде баланың өз ойын тілдіріп, сөйлеуі негізінен оны таңдану сезімі мен ашу-ызасының ырқында болып, оның ойының мәні айқын көріне қоймайды. Алғашқы жылғы өмірінде дені сау сәби дербес тілінде сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз. Біз бала дамуының кезеңдеріндегі ең өзекті деп саналатын жаңа құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді мақсат етіп қоямыз. Баланың дербестік тілі жалпы сөйлеудің дамуындағы алғашқы басқыш, оның сөйлеуінің өзге түрлерінен ешқаңдай түбегейлі айырмашылығы жоқ деп санайтындар тіл жайындағы зерттеулер мен Штерн ашқан теория арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеуге бола ма? Дербестік тіл өзінің мәні жағынан біздің сөйлеуіміздің бір ерекшелігі болып табылады деп мәселені төте қоюға бола ма? Мүмкін ол біздің тілімізбен сөз құрылысы және мағынасы жағынан емес, ішкі «табиғаты» бойынша бірдей шығар? Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|