ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Нәрестелік және ерте сәбилік шақтағы психикалық ерекшеліктер.1.Шартсыз рефлекстер және олардың баланың дамуындағы маңызы. 2.Сезім мүшелерінің даму ерекшеліктері. 3.Эмоциялық өрісті дамыту, жандану комплексі. Дүниеге келу бала организмі үшін күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы вегетативтік (ана организмі) өсіп – өнушілік тіршіліктен ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан – алуан тітіркендіргіштерге толы. Ауалы ортадағы мүлдем жаңа жағдайға яғни бұрынғы дәрменсіз тірі және жан дәрежесіне ақыл – есті адам болып өсетін дүниеге шығады.Баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Бұл нерв системасының организмнің сыртқы жағдайларға лайықтауға белгілі дәрежеде әзірлігімен дүниеге келеді. Бала туған бойда организмнің негізгі жүйелерінің жұмысын (тыныс, қан айналысын, зәр шығару) қамтамасыз ететін рефлекстер жасалады. Терінің қатты тітіркенуі – дененің қорғаныш реакциялары – қорғаныш рефлексідеп аталады. Басқа тітіркендіргішпен жанасу реакциясында байқауға болады, олар бағдарлау рефлекстері. Нәресте дүниеге келген алғашқы 3 күн ішінде жарық көзіне қарай басын бұрады. Бағдарлау, тамақтану рефлексі пайда болады. Езуіне, бетіне жақындау, қарыны ашып жатқан баланың іздену реакциясын тудырады, бала тітіркенгіш жаққа басын бұрып, аузын ашады. Реакциялар: ему рефлексі, жармасу реакциясы, итеру рефлексі(ембектеу) Органикалық қажеттілік: баланың психикалық дамуының негізі бола алмайды, олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Шартсыз рефлекстер мінез – құлықтың адамдық формалардың пайда болуына қамтамасыз ете алмайды. Баланың хайуанаттың арғы атасын тұқым қуалайтын – атавизандық рефлекстер. Баланың ембектеуі – аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалуынан басталады, бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады. Қолын кезек қозғап алға жылжиды. Нәрестенің негізгі ерекшелігі – жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез – құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілікд белгілі дәрежеде қанағаттандырылса онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер қалыптасады(әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым - қатынас). Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі: көруі, естуі дене қозғалысынан жылдам дамиды. Баланың алдымен қозғалысынан хайуанаттардан бөлек ерекшелігі осы. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай сезім мүшелерінің соның көмегімен сыртқы алемнен алынатын әртүрлі сигналдардың миға өтуі. Бірте – бірте бала үлкендерге бағытталған жандану комплексі қозғаушы реакциясы пайда болады. Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы оған жымиып күлімсіреуі, қолдары мен аяқтарын қозғап жай ғана дыбыстар шығаруы, бұл әлеуметтік қажеттілік, жандану кезеңінде пайда болатын жаңа туған кезеңмен нәрестелік кезең шекарасы болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|