ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Балалар психологиясы» пәнінің дәрістік материалдары.1. Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері. 1) Балалар психология пәні. Міндеттері. 2) Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттеу әдістері. 3) Биологиялық және әлеуметтік факторлардың рөлі. 4) Психикалық дамыту және үйрету. 5) Психикалық дамытуды кезеңге бөлу. 6) Балалардың психикалық дамуының психикалық ерекшеліктері. Қазіргі заман ғылымының дамуына оның ғылыми салалары пәндер мен проблемалық салалардың ықпалдасуы мен саралап жіктелуі сияқты негізгі 2 беталысының өзара әрекеттесуі неғұрлым айқын көрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе Ж.Пиаже, Б.Г.Ананьев, К.М.Кедров ғылыми білімнің ортасында адам туралы ғылым-психология тұр деп көрсеткен. Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі. Жаратылыстану ғылымдары Философия Қоғамдық Ж.Пиаженің келесі пайымдауымен сәйкестендіріледі: «... психология басқа ғылымдардың өнімі ретінде маңызды орын алып тұрған жоқ. Ол сондай –ақ олардың дамуы мен қалыптасуына түсініктеме бере алушы бастауыш ретінде орталық орын алады. Г.Б.Ананьев ойынша адамды тереңірек зерттеу саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие болуына ықпалын тигізеді. Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі – жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді. Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін, ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп. Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру. Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады. Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу. 2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр. Сәбилік және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ. Балалар психологиясы – балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу –бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың, кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат т әжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жалпы психикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін психикалық зерттеудің ерекше әдісі – генетикалық әдіс. Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты. Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу, балабақшадағы оқу –тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы коптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б. Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық, конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді. Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|